РЭТ. Зиядан Г.pptx
- Количество слайдов: 18
Кіріспе • Эпидемиологиялық талдау – ол эпидемиологиялық жағдайға баға беру, эпидемиологиялық болжам жасаушы және профилактика және эпидемиялық процеске қарсы шаралар жасау, эпидемиялық процестің себебін белгілі территорияда, белгілі тұрғындар тобы арасында жоспар әрекет жасау. • Эпидемиологиялық талдау Ретроспективті оперативті
Ретроспективті эпидемиологиялық талдау • Ретроспективті эпидемиологиялық талдау (РЭТ) бұл болашақта эпидемияға қарсы жұмыстарды жоспарлау үшін барлық қажетті мәліметтерді алуға диагностикалық әдістемелердің (логикалық және статистикалық) көмегімен жүргізілетін ұзақ уақыт аралығындағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеу.
Ол індетке қарсы шараларды келер жылға және одан әрі болашаққа жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Ретроспективтік талдаудың сапасы дәрігер-эпидемиологтың семиотика, диагностикалық техника мен диагностикалық ойлаудың негіздерін қолдана білуіне және ептілігіне байланысты
РЭТ-дың мақсаты тұрғындарды эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету міндеттерін анықтау үшін қажетті мәліметтерді алу және аса маңызды инфекциялардың алдын алу үшін басты бағыттарды таңдау болып табылады. Осыған байланысты эпидемиологиялық талдаудың міндеттерін екі түрде анықтауға болады: - қызмет ететін контингенттер және аумақта аса көп эпидемиологиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар инфекция топтарын және жұқпалы ауруларды анықтау; - тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың таралуын және негізгі себебін анықтау нақты эпидемиялық жағдайда көптеген эпидемиологиялық тиімділігі бар шараларға жеткілікті білім болып табылады
Бірінші міндетті анықтау - сырқаттанушылықтың тіркелуін және денсаулыққа зиян келтірудің есебін тамамдауды, сонымен қатар қорытынды мәліметтерді сандық бағалауды талап етеді. Аурудың жеке топтары және нозологиялық түрлерінің маңыздылығын бағалау критериі ретінде зерттелген аумақта олардың эпидемиологиялық, әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын қолданады. Аурудың эпидемиологиялық маңызы ранжирленген қатарда белгілі бір мерзімдегі (жыл, орташа көпжылдық және т. б. ) нақты инфекцияның орнымен анықталады.
Әлеуметтік маңыздылық аурудың адамдар денсау лығына зиян келтіру негізінде аурудың жиілігін есепке алумен, инфекцияның ауырлығымен, ағымының ұзақтылығымен, мүгедектік және өліммен, сонымен қатар қолайсыз әлеуметтік зардаптарымен есептелінеді. Екінші міндетті анықтау- эпидемиялық процестің білінуін (жиілігі, тұрғындар топтары, аумақ және уақыт бойынша) тереңдетіп зерттеуді болжайды.
Ретроспективтік талдаудың сапасы дәрігерэпидемиологтың семиотика, диагностикалық техника мен диагностикалық ойлаудың негіздерін қолдана білуіне байланысты. Эпидемиологиялық семиотика дегеніміз эпидемиологиялық белгілер (параметрлер, көрсеткіштер, эпидемия барысының көріністері) туралы ілім. РЭТ-дың семиотикасы дегеніміз-көп жылдық және жылдық динамикада эпидемия барысының кеңістіктегі көріністері. Яғни, әртүрлі аймақтар мен әртүрлі халық топтарында. Ретроспективтік талдаудағы диагноз қою техникасы дегеніміз – ол ақпараттарды өңдейтін статистикалық тәсілдердің жиынтығы және әр түрлі есептеу техникасы.
Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізудің кезеңдері Зерттелетін бағдарламаны құру Ол бағдарламаны түсіну және өңдеу Ақпараттарды бағыты бойынша зерттеу Эпидемиологиялық диагнозды қою Қызмет көрсетілетін аумақтағы инфекцияның өзекті мәселелерін анықтау
Эпидемиялық процестің сапалық және сандық сипатына әсер ететін факторлардың жұқпалы аурулардың әр түрлі нозологиялық түрлерінде өзіндік арнайы ерекшеліктері бар. Ішек инфекциялары топтарында эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын сипаттайтын факторлар аса маңызды рөл атқарады. Тыныс алу жолдары инфекцияларында ұжымдық иммунитеттің деңгейін және тұрғындардың иимунологиялық статусын бақылау аса маңызды рөл атқарады. Зоонозды инфекциялар тобында- жануарлар арасындағы сырқаттанушылықтың жағдайы және т. б. аса маңызды рөл атқарады. Кең көлемдегі эпидемиологиялық талдауды келер жылдағы жұқпалы ауруларды алдын алуға материалдарды дайындауды жоспарлауға жүргізеді.
Эпидемиологиялық талдауды жүргізгеннен кейін оның мақсаты мен міндетін, жұмыстың мазмұнын бағалауды, талдау жұмыстарының көлемін анықтайды. Осыдан кейін эпидемиологиялық талдау жүргізуге мамандардың материалдық жабдықталуы мен іс- әрекеттері, қажетті ақпараттардың сипаты анықталады. Барлық эпидемиологиялық қадағалау жүйесіндегі маңызды тарау ол нақты инфекцияға және нақты аумақтағы табиғи және әлеуметтік жағдайдағы эпидемиялық процестің ағымына қажетті объективті баға беру болып табылады. Әрбір жағдайда инфекция көзін нақты анықтау керек.
Ақпараттар тігінен және көлденеңнен болып бөлінеді Ақпараттардың негізгі көзі болады: Жоғары деңгейдегі мекемелер мен профильді ғылыми мекемелерді ақпараттау. Оларға әлем және жеке өлкелер бойынша жалпы эпид. жағдайдың көрінісі және оның өзгерген тенденциясы, жоғары басқару органдарының эпидемияға қарсы және алдын алу жұмыстарының қазіргі кездегі әдістемелері мен негізгі бағыттарына(бұйрықтар, әдістемелік нұсқамалар, ұсыныстар, ақпараттық хаттар, ғылыми әдебиеттер) жатады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және емдеу-профилактикалық мекемелерінің өздерінің мәліметтеріне: 1)қосымша диагностикаланған аурулар туралы мәлімет 2)ошақтарды тексерген материалдар, 3) бөлінген қоздырғыштардың сипаттамасы, 4) тұрғындардың иммунологиялық құрылымы, 5) тұрғындардың өмір сүру жағдайы және эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандар туралы санитарлық-гигиеналық мәліметтер, 6) жұқпалы аурулармен күресетін медициналық күштер және т. б. құралдардың жағдайы.
Шыққан ақпараттардың аурудың жеке жағдайына әртүрлі мәліметтер барлық құжаттарда толық көрсетілуі керек. Шыққан ақпараттар көрсеткіштерінің мәліметтерінің қорытындылары вариациялы немесе уақытша қатардағы кесте түрінде көрсетіледі. Олар зерттеудің бағдарламасымен қарастырылған көрсеткіштерді алуды қамтамасыз ететін жүйелік мәліметтерден тұрады. Осыған орай материалдарды қабылдау оның топтасуымен тығыз байланысты. Топтастыру жиналған мәліметтерді анықталушы белгілеріне қарай топтарға бөлуден тұрады. Топтастыру белгілерін таңдау шыққан материалдардың сипатымен, талдаудың міндетімен анықталады.
топтастыру Типологилық Типологиялық топтастыру сандық айқындығы жоқ жазбаша белгілерімен жүргізіледі: мысалы, науқастарды аумақ бойынша, тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша, егілгендер мен егілмегендердің арасындағы сырқаттанушылық бойынша немесе тағы басқалар. Сандық топтастыру белгінің сандық өлшемімен негізделеді, ол топтастыру белгісінің алдын ала градациясын (интервалын) таңдауды талап етеді. Мысалы: эпидемиялық процестің білінуін зерттеу үшін уақыт бойынша, материалды жылдар, айлар, инкубациялық кезең, күндер бойынша топтастырады
Топтастырудың бірінші сатысы оның бағдарламасын құру болып табылады. Топтастыру бағдарламасы топтастыру белгілерінің жиынтығын анықтауды, топтастырудың кезектілігін және тағы басқаларды қарастырады. Өңделген бағдарлама негізінде зерттелетін материалдар енгізілген статистикалық кестелер құрылады. Әрбір инфекцияға толық көлемде талдау жүргізгенде материалдардың кезеңділігін төрт бағытта қарастырады; тұрғындар сырқаттанушылығының көпжылдық динамикасын талдау; тұрғындар сырқаттанушылығының жылдық динамикасын талдау; тұрғындар топтары арасындағы эпидемиологиялық белгілері бойынша сырқаттанушылықты талдау; эпидемияға қарсы шаралардың сапасы мен тиімділігін талдау.
РЭТ соңғы сатысы қызмет ететін контингенттердің эпидемиологиялық болжамын бағалау мен алынған қорытындыларды талдау және әртүрлі инфекциялар бойынша аумақтарды сырқаттанушылықтың жағдайы мен жетекші себебін анықтау болып табылады. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысы сырқаттанушылықтың динамикасын жақын арада немесе ұзақ мерзімде анықтаумен аяқтайды, РЭТ негізінде анықталған және жоспарланған инфекцияның таралу жағдайы және жетекші себептерімен ауруды алдын алу эпидемиялық процестің ағымды кезеңінде үнемі өзгерістерге байланысты нақтыланып және толықтырып отыру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер http: //kazmedic. kz/ Эпидемиология. С. Ә. Әміреев, Ж. Т. Темірбеков, 2000 ж Интернет http: //webcache. googleusercontent. com/ Выборочный метод и статистическое оценивание. Михок Г. , Урсяев В. , 1982 г Статистический анализ в биологий и медицине. Урбах Б. Ю. , 1975
РЭТ. Зиядан Г.pptx