Пат физ.ppt
- Количество слайдов: 23
Кіріспе Бүгінгі таңда жоғары жүйке қызметінің бұзылысыстарымен зардап шегетін адамдар көптеп кездеседі және бұл қауіпті Сондықтан жоғары жүйке қызметінің бұзылысыстары жайлы білудің, алдын алудың маңызы зор.
жоспар • • • Кіріспе Невроз Этиялогиясы Қоздырушылар классификациясы Тәжірибелік невроздар Қозу толқыны Тежелу толқыны Қортынды Қолданылған әдебиеттер
• Невроз термині нерв жүиесінің функционалдық бұзылысы ретінде қолданылады яғни- жоғары жүйке қызметінің бұзылысы.
• невроз - жоғары жүйке қызметінің созылмалы әрекеттік бүзылуы. Оған себепші ми қүрылымдарының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары, әртүрлі өрекеттік оның ішінде вегетативтік жүйе қызметінің бүзылуы.
• ДДҰ мәліметі боиынша соңғы 65 жылда Неврозбен ауыру 20 есеге өскен. Бұған Әлеуметтік-тұрмыстық және көптеген Психотравмалық ситуациялар әсері бар.
этиялогиясы Биялогиялықтұқым қуалаушылық, жынысы, жасы, жеке ерекшеліктер. Әлеуметтікмамандыққа байланысты, тұрмыстық жағдаиы. Психогендікжеке ерекшеліктері, балалық шақтағы психикалық травмалар. Психотравмал ық жағдайлар.
Қоздырушылар классификациясы • Психотравмалық Қоздырушылар сөз, дыбыс. • бейнелік (жанған үй), • жазбаша (белгілер, хаттар).
Тәжірибелік невроздар • Жоғары жүйке қызметі мен негізгі үрдістерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бүл бүзылудың мәні қозу мен тежелу үрдістерінің шамадан тыс күшеюі немесе олардың соқтығысуы арқасында пайда болатын тәжірибелік невроздар арқылы анықталды.
• Қозу толқынының шамадан тыс күшеюі И. П. Павловтың зертханасында 1924 жылы Ленинградта болған су тасқынынан кейін иттерде қалыптасқан шартты рефлекстердің жойылуынан байқалды. Ол жануарлар, шартты рефлекс қалыптасқан күнде де, өте күшті, әсіресе бастан кешкен жүйке күйзелісіне үқсас тітіркендіргіштерді қалыпты күйде сезіне алмады.
• Дәрігерлер практикада ауыр күйзелістен кейін, әсіресе жүйкесі қажу немесе ауру салдарынан әлсірегенде туатын невроздың көптеген түрлерін кездестіреді. Мүндай жағдайларда тіпті әдеттегі тітіркендіргіштер өте күшті әсер етіп невроз туғызады.
• Тежелу толқынының шамадан тыс күшеюі- өте жуық тітіркендулерді табандылықпен ажыратқанда, тежегіш тітіркендіргіштердің әсерін созғанда, шартсыз нықталудьщ мерзімін үзаққа қаддырғанда пайда болады. Адамда осындай невроздық жағдай қиын мәселелерді шешкенде, үздіксіз тыйым салумен үшырасқанда, мүлдем түңілгенде және үміті ақталмағандарда жиі байқалады.
• Ширақтықтың шамадан тыс күшеюі жағымды және жағымсыз шартты тітіркендіргіштердің сигналдық мәнін өте жиі және тез қайта ауыстырудан немесе олардың қалыптасқан стереотипін кенеттен өзгертуден шығады. Сондықтан невроздық куйді адамның көзқарасын немесе тұрмыс қалпын өзгертуге мәжбүр ететін көптеген оқиғалар (әсіресе жас үлғайған шақта) жиі тудырады.
• Қозу мен тежелудің қайшы келіп қалуы немесе жүйке қүбылыстарының "қақтығысы", қарамақарсы сигналдық мәні бар тітіркендірулерді бірбірімен өте тез алмастырғанда немесе бір мезгілде әсер ет-кенде білінеді. Алғашқы тәжірибелік невроздар осы жолмен жасаған еді. Ол үшін қорғаныс әсерленісін тудыратын, ауыртатын тітіркендіргіш сигналы тағамдық шартты рефлекс жасағанда қолданылды. Сөйтіп, бір тітіркендіргіштің сигналдық мәнін шатастырудан, жүйке орталығында қозу мен тежелудің "қақтығысы" пайда болады. Осындай тіршілік "қақтығысы" салдарынан невроз ауруына душар болған науқастар көп кездеседі.
• Жоғары жүйке қызметінің невроздық ауытқулары бірнеше түрде білінеді. Бұлардың ішінде созылмалы келетін ретсіз шартты рефлекстер немесе олардың деңгейінің оралымды алмасуы, теңестірушілік және парадоксалды күйлердің пайда болуы, долдану және жүйкенің ауытқулы салғырттығы байқалады.
• Жүйкесі әлсіз немесе ұшқалақ типтерде невроздық олқылық оңай туады және біріншісінде қозу, екіншісінде тежелу үрдістері зиян шегеді. Сонымен қатар жоғары жүйке іс-әрекетінің типологиялық ерекшеліктері бар адамдарда болатын невроздық олқылық көріністер де осы түрғыдан түсініктеме алады.
• Адамдарда невроздың көп түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қылатын күйдің неврозы, истерия және психастения. И. П. Павловтың айтуынша, истерия көркемпаз типті адамға, ал психастения ойшыл адамға тән келеді
• Невроз вегетатнвтік әрекеттердің бұзылуымен қатар жүреді. Бұдан ми қыртысы мен ағзалардың арақатынасының өзгергендігі байқалады. Вегетативтік өзгерістер невроздың ерте білінетін белгісінің бірі. Олар шартты рефлекстер бүзылмастан бұрын байқалады және үзаққа созылады.
• Қазіргі кезде жүйке-психикалық ауытқуларынан туатын вегетативтік аурулардың көбеюіне байланысты, олар көп көңіл аударуды талап етеді. Мәселен, сезімдік зардап, стресс, ышқыну, қан қүрамының, жүрек-тамыр, асқорыту жүйелерінің өзгерістерімен қоса кездеседі. Мүның дерттену (патогенездік) негізін К. М. Быковтың медицинаға енгізген миқыртысыағзалық теориясы анықтайды. Осыған байланысты асқазанға жара шығу, гипертония ауруы, ерте қартаюдың этиологиясы мен патогенезінің көптеген сауалдары шешіледі.
• Жоғары жүйке ісәрекетін невроздан кейін қалпына келтіру үшін, кейде үзақ тынығу, жағдайды өзгерту, үйқыны жақсарту жеткілікті болады. Қозғыштық және тежегіш үрдістерін таңдап әсер ететін фармакологиялық дәрілер (кофеин, бром) орталық жүйке жүйесіне және невроз түріне қарай қолданылады.
• И. П. Павловтың жоғары жүйке ісәрекеті туралы ілімді адам мінез-құлығы мен психикасы ауытқуларының көптеген мағынасын ашуға мүмкіндік жасады. Ең бастысы бүл ілім психикалық қүбылыстар жөнінде идеалистік түсініктерге тойтарыс жасап, материалистік психологияның, педагогиканың және бейнелеу теориясының ғылыми негізін қалады. Әсіресе, оның жоғары жүйке және психика ісәрекетінің түбегейлі қасиетін жасайтын екі сигналдық жүйе туралы ілімі маңызды орын алады.
қортынды • Жоғары жүйке қызметі мен негізгі үрдістерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Сондықтан әрбір адам жоғары жүйке қызметінің бұзылыстарына алып келетін себептерді біліп алдын алуға тырысуы керек.
Қолданылған әдебиеттер 1. Патофизиология; В. В. Новицкого, Е. Д. Гольдберга, О. И. Уразовой. 2. Патофизиология; П. Ф. Литвицкий. 3. Адам физиологиясы; Сәтбаева Х. Қ. Өтепбергенов А. А. Нілдібаева Ж. б. 4. интернет желісі.
Назарларыңызға рахмет!
Пат физ.ppt