конференция .касыпорын экономикасы.pptx
- Количество слайдов: 11
Кіріспе Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе андасанда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Банк туралы түсінік Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді. Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.
Банктіңатқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады: · Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу; · Уақытша бос ақша қаражаттар ын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру; Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады; Экономикал ық және қаржылық кеңес беру. · Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
Бірінші (1988 -1991 жж) дайындық кезеңі. Бұл кезең банк жүйесінің қалыптасуының негізгі процестеріне дейін басталды, салалық банктер қайта құрылып елдің тәуелсіздігін алмас бұрын Қазақстанның банк жүйесі алты банк арқылы қалыптасты: Мемлекеттік банк, Сыртқы экономикалық банк, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Кредсоцбанк және Жинақ банкі. Бұл мелекеттік банктер Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырудың негізі болды, себебі осылардың негізінде бірінші жеке коммерциялық банктер құрылды. Екінші кезең (1992 -1993 жж) банк жүйесінің жоғары инфляция жағдайларындағы (1992 жылы - 125%, 1993 жылы – 2500%) сандық өсуімен сипатталады. Осы кезеңдегі өндіріс қатысушыларының алатын табыстары шығындардың өсуін жауып үлгермейтін. Елдегі қалыптасқан банк жүйесі Ұлттық банк тарапынан бақылаудың әлсіздігімен, банктік операцияларды лицензиялауға және банктік капитал көлеміне қойылатын талаптардың әлсіздігімен сипатталды. Осындай жағдайлар көптеген бір күндік банктердің пайда болуына себеп болды. Банктердің саны күрт өсіп 1993 жылы олардың саны 200 -ден асып кетті. Екінші кезеңдегі келесі өзгерістердің бірі – Қазақстанның рубльдік аймақтан шығуы, яғни айналыстан кеңестік рубльдер шығарылып, ұлттық валюта - теңге еңгізілді. Сол уақыттан бері 15 қараша Қазақстандық қаржыгерлер күні болып саналады.
Үшінші кезең (1994— 2003 гг. ) – Қазақстанның банктік жүйесінің дамуындағы ең ұзақ кезең болды. ҚР Ұлттық банкі банк құру бойынша талаптарды күшейтті (жарғылық капитал бастапқыда 500 тыс. АҚШ доллары болып, кейін ол 2 млрд. тенгеге көбейді - жуықпен 15, 5 млн. долл. ), жарғылық капитал тек ақшалай құралдармен төлену керек болды және пруденциалдық (реттейтін) нормативтер еңгізілді. Мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі қызмет ете бастады. Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылдың сәуірінде құрылды, еврооблигацияларды орналастырудан (қарыздық бағалы қағаздар) және республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген құралдарды орта және ұзақ қаржыландыруға бағыттады. Қазақстанның Даму банкінің тартылған ресурстары қарыз несиелер ретінде беріледі.
Төртінші кезең (2004 жылдан – осы уақытқа дейін) Қазақстанның банк жүйесінің ары қарай дамуы және әлемдік қаржы нарығына интеграциялану кезеңі деп қарастырылады. Бірақ бұл кезеңді дағдарысқа дейінгі (2004 -2008 жж. ) және дағдарыстан кейінгі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) кезеңдерге бөлуге болады. 2004 жылы қаржы нарығында мемлекет мүдделерін қорғайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі атты жаңа реттеуші орган пайда болды. 2011 жылдың сәуірінде ҚР Ұлттық банкі бұл өкілеттіктерді өзіне қайтарып алды. Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің сапалы экономикалық дамуына негіз болды. Сонымен бірге осы кезең қаржы секторының 2003 -2006 жылдарға даму Концепциясын дайындап, қабылдаумен байланысты. Концепцияның басты мақсаты – қаржы жүйесінің алдындағы стратегиялық міндеттер мен алдыңғы уақыттағы қызметтің негізгі бағыттарын анықтау болды.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарымқатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржыкредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылықнесиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
конференция .касыпорын экономикасы.pptx