през по дипро мельницы самоиз и гал.ppt
- Количество слайдов: 26
Кеннің өзін-өзі ұнтақтайтын және кенді-галькалы диірмендер Орындаған: мк-303(опи) студенті Сапаргалиева М. С.
Кіріспе Диірмендердің қазіргі кезде көптеген конструкциялары белгілі. Солардың ішінде байыту фабрикаларында көп тарағаны барабанды диірмендер. Барабанды диірмендер оларды қолданылатын ұнтақтаушы денелердің түріне қарай: • шарлы • білікті • галькалы • кеннің өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендер боп бөлінеді. Әрқайсысының өзіндік конструкциялық ерекшеліктері бар.
Кеннің өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендердің ерекшеліктері сонда оларға кен бірден ірі ұсату сатысынан кейін түседі, яғни оларда орташа, ұсақ ұсату және ұнтақтау процестері бір жүргізіледі. Осы әдіспен ұнтақтау процесінде кеннің аса майдалануы азаяды. Соның нәтижесінде технологиялық көрсеткіштер біраз өседі. Бірақ шарлы және білікті диірмендермен салыстырғанда олардың өнімділігі төмендеу және электроэнергия шығыны жеткілікті. Сулы ортада ұнтақтау «Каскад» диірмендерінде, ал құрғақ ұнтақтау «Аэрофол» диірмендерінде жүргізіледі.
ММС типті сулы ортада кеннің өзін-өзі ұнтақтау диірмені қара және түсті метал кендерін, шикізатты материалдарды, цемент өндірісі үшін, алмаз және алтын құрамды кендерді ұнтақтау үшін арналған. Диірмендер ашық және тұйық циклде жұмыс істей алады. Диірмендердің барабандары қысқа, ал диаметрлері үлкен болады. Барабанның қақпақтарына кен түсіруші және шығарушы цапфалар бекітілген. Тісті венец шығарушы цапфаға, не барабанға орнатылады.
Барабанның ішкі бетіне орнатылған футеревкалардың шығыңқы қырлары бар. Олар кен кесектерінің жоғары көтерілуіне мүмкіншілік туғызады. Ұнтақталған кен тор арқылы өтіп, цапфаға шығады. Сулы ортада ұнтақталған кен цапфаға бекітілген ұсақ тесікті классификатор – бутардан өтеді. Құрғақ ұнтақтау процесінде ұнтақ диірменнен арнаулы жүйемен ауаны сору арқылы шығарылады. Соған сәйкес классификациялауда ауаның күшімен жүргізіледі. «Аэрофол» типті диірмені ММС диірменінің конструкциясына ұқсас. Оның жұмыс жасау принципі 93 -суретте көрсетілген. Ол ауа сепараторы және циклонмен тұйық циклде жұмыс жасайды.
• • • Сипаттамасы: Түсірілетін материал ірілігі — 250 мм-ден жоғары Дайын өнім ірілігі – 0 мен 6 мм аралығында Өнімділігі — 900 т/сағ дейін Барабан диаметрі — 8700 мм-ге шейін Қолдану облысы: Тау-кен өнеркәсібіндегі жыныстарды ұнтақтау (сулы ортада ұнтақтау диірмендері) Құрылыс материалдары өндірісіндегі жыныстарды ұнтақтау (құрғақ және сулы ортада кеннің өзін-өзі ұнтақтау диірмендері) Өндірушілер: Днепротяжмаш ОАО "Тяжмаш" (г. Сызрань) Техника и Технология Дезинтеграции УЗТМ — Уральский завод тяжелого машиностроения "Горные машины и оборудование" компаниясы ООО «Уралмаш - Инжиниринг»
Сулы ортада ұнтақтауға шығарылатын диірмендердің негізгі модельдері мен сипаттамалары:
ММС 5000 х2300 Р, ММС 7000 х2300 А, ММС 9000 х3000 А, ММС 9500 х2900 өнімділігі қара және түсті металдар кендерін ұнтақтығы бойынша берілген: берілуде – 400 -500 мм, шығарылымында – 15 -20 мм. ММС 70 -23 С өнімділігі құрылыс материалдар шикізатын ұнтақтығы бойынша: кірісте – 800 мм, шығыста – 20 мм-ге дейін өлшемді. ММС 10500 х5400 өнімділігі алмаз құрамды кенді ұнтақтығы бойынша: кірісте – 1200 мм. Әртүрлі кендер үшін диірмендердің өнімділігі кең көлемде анықталады. Дайын өнімнің елеуіштік құрамы мен диірменнің нақты өнімділігі кеннің физико-химиялық және химиялық қасиетіне байланысты.
Сулы ортада кеннің өзін-өзі ұнтақтау диірмені тұйық циклде классификациялағыш аппарат қолданылуымен жұмыс істейді. Ұнтақтайтын орта – ірі кен кесектері. Ұнтақталған материал тор арқылы өтіп, ондағы пульпаның аз мөлшерін сақтап тұрып диірменнен шығарылады. Сулы ортада ұнтақтау диірмендері керамикалық массалардың, бояулардың, ферриттердің, пигменттердің және минералдың барлық түрлерінің сулы ұнтағына химиялық, керамикалық және соған тәріздес өнеркәсіптің облыстарында пайдаланылады. Құрғақ тәсілмен кеннің өзін-өзі ұнтақтау диірмені пневматикалық классификатор қолданумен тұйық циклде істейді. Мұндай түрдегі құрғақ ұнтақтар құрылыс материалдары, цементке, көмірдің алуан маркалары және тағы да басқа шикізаттар үшін қолданылады.
Кен өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендердің артықшылықтары: - өндірістің технологиялық схемасын жеңілдету: ұсақтау үрдісінің 2 -3 этаптарын ұнтақтаудың 1 -2 этаптарына ауыстырумен дайын өнім алу; - болат шығынының аса төмендеуі, сонымен қоса ұсақталатын барлық металды денелер есебінен жұқа дисперсті темір мөлшерінің азаюы; - концентрат сапасының артуы; - шарлы диірменмен салыстырғандағы кен минералдарының жоғары ашылу дәрежесі; - минералдарды қайта өңдеудің төмен дәрежесін береді; - еңбек өнімділігінің жоғарлатады. Кемшіліктері мыналар: - «критикалық» іріліктегі артық кен кесектер санының пайда болу мүмкіндігі; - диірмен өнімділігі бастапқы кен мен берілген ұнтақталу дәрежесіне тәуелді; - қажетті кен мөлшеріне жету қиындығы; - шарлы диірмендерге қарағанда меншікті өнімділігі төмендеу; - жоғары ылғалдылық жағдайдағы тиелетін материалға құрғақ әдіспен өзін-өзі ұнтақтауға қосымша кептіру(құрғату) қажетті.
1990 жылдар басында Metso Minerals компаниясы барабанның диаметрі 12, 87 м болатын кеннің өзін өзі ұнтақтау диірменнің детальды құрылысын жетілдірді. Қазіргі уақытта Metso Minerals компаниясы диаметрі 13, 4 м және қуаттылығы 36000 л. с. / 26866 к. Вт приводты кеннің өзін өзі жартылай ұнтақтау диірмендерді жобалауға, дайындауға және жеткізуге әзір. Көрсетілген диірмендер заманауи конструкциялау, әзірлеу мүмкіншіліктер шегінде жатыр және ешқандай тәуекелсіз өндіріле алады.
Әлемдегі ең ірі кеннің өзін-өзі ұнтақтау диірмені қытайлықтармен жасалынды. Оның жалпы массасы 1210 тонна. Оның диаметрі 12, 2 метр, ал ұзындығы 15 метр. Осындай өлшемдер оны әлемдегі ең ірі әрі ауыр кеннің өздігінен ұнтақтау диірмені боп саналуын қамтамасыз етеді. Оның құны 55 млн юанға жетеді.
Сулы ортада кеннің жартылай өзін-өзі ұнтақтау диірмендері Редукторсыз приводпен, даралық үлкен өнімділігімен сулы ортада кеннің жартылай өзінөзі ұнтақтау диірмендері: ММПС 70 -70 типі ұнтақтаудың 1 -сатысына арналған; МШ 50 -84 типі кендерді ұнтақтаудың 2 -сатысына тағайындалған. Диірмендер сұрыпталатын жабдықтармен ашық және тұйық циклдерде жұмыс істей алады.
Кеннің жартылай өзін-өзі ұнтақтау диірмендері мыс, қорғасын, мырыш, алтын, никель, темір, молибден, уран, платина, ванадий, фосфор, әктас, боксит, шламды және т. б кендерді ұнтақтау үшін қолданылады.
2012 жылы 5 қыркүйекте Люоянг қаласында Heavy Machinery Co. , Ltd. компаниясы диаметрі 9, 75 м, ұзындығы 4, 88 м, жалпы салмағы 550 тонна болатын жартылай кеннің өздігінен ұнтақтау диірменін жасап шығарды.
Галькалы диірмендер бұрын ұнтақталған, бірақ ұнтақтығы жетпеген, байыту процестерінен алынған кейбір өнімдердің ұнтақтылығын белгілі бір мөлшерге жеткізу үшін қолданылады. Ұнтақтаушы дене ретінде орташа ұсату сатысынан кейін кеннен белгілі бір ірілік класы (мөлшері 50 -100 мм) бөлініп пайдаланылады. Осы тұрғыдан қарасақ оларды да кен өзін-өзі ұнтақтайтын диірменге жатқызуға болады. Кенді галькалы диірмендер темір, полиметалды, уранды, алтынды кендерді және өзге пайдалы қазбалардың қайта өңделінуімен айналысатын байыту фабрикаларында қолданылады. Кенді галькалы өзін-өзі ұнтақтау екі түрі кездеседі: бірінші (бастапқы) және екінші (қосымша). Екіншілік ұнтақтау сияқты бастапқы ұнтақтаудың кенді алдын ала даярлауға қажетті (ұсақтау, елеу) қосымша қаражаттармен байланысты болғандықтан таралуы кең емес. Кенді ұнтақтау процестерінің екінші және кейінгі сатыларында қосымша жұқа кенді-галькалы өзін-өзі ұнтақтау жүреді. 100 -25 мм мөлшерлі кен кесектері ұсақтаушы орта болып, ал ұнтақтақталатын материал – ұнтақтаудың бірінші сатысынан кейін алынатын 2 -3 мм өлшемді өнім.
Кенді-галькалы диірмендер өзін қайта жабдықталған шарлы диірмендердің тормен немесе арнайы жасалған диірмендер түрінде кездеседі. Сондықтан байыту фабрикаларының кенді-галькалы диірмендерге көшуі жабдыққа жұмсалатын үлкен шығынмен және бар шарлы диірмендердің принципиалды конструктивті өзгерістермен байланысты емес. Кені-галькалы өзін-өзі ұнтақтау үшін әртүрлі профильді, өлшемді диірмендерді қолдануға болады. Дегенмен диірменнің ұзындығы диаметрінен 1, 5 есе үлкен барабан ең таңдамалы. (L: D = 1, 5: 1). Жұқа ұнтақтаудың кенді-галькалы диірмендері тұйық циклде спиральды классификаторлармен және гидроциклондармен жұмыс істейді.
Кенді-галькалы диірменнің артықшылықтары: - шығындалатын болат шарлар мөлшерінің аса төмендеуі: бөлшекті не толығымен болмауы; - ұнтақтау үрдісінде жақсы іріктеу есебінен байыту көрсеткішінің сапалы-санды өсуі; - диірмендердің эксплуатациясының қарапайым және жұмыс үрдісінің сенімді болуы; - ұнтақтаудың өзіндік құнының төмендеуі; - шарлы ұнтақтау әдісінен жай және арзан ауысым. Кемшіліктері: - шарлы диірменмен салыстырғанда үлкен өлшемдер; - футеревка шығынының жоғарлауы.
Кенді-галькалы диірменнің техникалық сипаттамалары
Пайдаланылған әдебиеттер: • Қ. Т. Көшербаев «Кен байыту негіздері» , Алматы 2011 • Е. Е. Серго «Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых» , Москва "НЕДРА"1985 • gornoe. com сайты • mining-media. ru сайты
през по дипро мельницы самоиз и гал.ppt