
5 kr Джубаева.ppt
- Количество слайдов: 11
Кене энцефалиті және япондық энцефалит кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері Орындаған: Джубаева А. Н Тобы: 502 -2 к Факультет: ҚДС Тексерген: Искакова Ф. А
Жоспар n n n n Кіріспе Негізгі бөлім Кене энцефалиті. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Кене энцефалитінен алдын алу шаралары алгоритмі. Жапон энцефалиті. Эпидемиялық сипаттамасы. Жапон энцефалиті кезіндегі алдын алу шараларының алгоритмі. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
n Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи -ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л. А. Зильбер, Е. Н. Левкович, т. б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.
n Этиология Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНКсы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500 ден +300 -ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.
Эпидемиологияcы n n n Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т. б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар: кеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук, егіс тышқаны) құстар жыртқыштар (қасқыр) үй жануарлары (сиыр, ешкі, қой) Кене энцефалитімен ауыратын адам тасымалдаушысы ретінде қауіпсіз. Берілу жолдары. Негізгі-иксодо кенесі арқылы трансмиссивті: шаққанда, мыжығанда. Ошақтарда инфекцияланған кенелер 1 -5%-тен 1520%-ке дейін. Вирус өмір бойы сақталады. Бұл жолға 80% жатады. Басқа жолдармен де жұғуы мүмкін: алиментарлы жол – шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой), лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін. Маусымы көктем-жаз. Жастық фактор 20 -40 аралығында, ересектер жиі ауырады: қала тұрғындары, қонақтаушылар, жергілікті тұрғындар азырақ ауырады. Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Вирус кененің денесіне жайылып ұзақ сақталады, тіпті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан осындай кенелер жайлайтын жерде Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда, жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыр – шілде), кей жерлерде тамыз – қыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауыр мен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды.
Клиникасы Инкубациялық кезеңі 1 -3 күннен 25 -30 күнге созылады. Орташа 7 -14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады: n интоксикация синдромы n әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы -Осыған байланысты клиникалық түрлері бар: -қызбалы -менингеальды -менингоэнцефалитикалық -менингоэнцефалополиомиелитті -Полирадикулонневритті n Клиникалық түріне қарамастан ауру жедел басталып , жалпы интоксикация синдромымен өтеді. Байқалады: қалтырау, дене қызуының өте тез жоғарлауы 38 -39 С, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу. Науқастың бет әлпетіне тән: бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Көз коньюктивасы тамырының иньекциясы, кейде жас ағуы жақсы көрінеді. Науқастар: апатиялы әлсіз, сұраққа баяу жауап береді, үрей және қорқынышты сезеді, аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін. n Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5 -6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2 -3 күн болады.
Кене энцефалиті кезіндегі алдын алу шаралары алгоритмі Қала ішінде және қалаға жақын орналасқан орманды парктер, саяжайлық жерлерде кенелер мекендеуіне қолайсыз жағдай туғызу. Халық арасында санитарлық ағарту жүргізу, кене жабысуына қорғаныс киімімен, репеленттермен қамтамасыз ету. кенелерді құрту, кеміргіштер санын азайту шараларын жүргізу. КЭ қарсы егу қажеттілігін қауіп топтары арасында үгіттеу. n
Жапон энцефалиті n n Жұқпалы табиғи – ошақтық трансмиссивтік жедел инфекция, масалар арқылы беріледі, ОНЖ зақымдануымен, ауыр өтетін менингоэнцефалитпен, уыттанумен және жоғары өлім-жітімділікпен сипатталады. Қоздырғышы- Flaviviridae тұқымдастығы Flavivirus туыстастығына кіретін РНҚ-лы Втобы арбовирусы. Тасымалшылары. Culex, Aedes, Mansonia туыстастығына жататын масалар. Ауру маусымдылығы- жаз-күздік . ауырғаннан кейін түзелетін иммунитет- тұрақты.
Жапон энцефалитінің эпидемиялық процестің сипаттамасы Инфекция көзі- маймылдар, құстар, кеміргіштер, жыландар, кесірткелер, жылқыла р, иттер, мысықтар. Гамаздық, иксодтық, қызыл денелі кенелер. n Берілу жолы- маса шағуы. n Берілу факторы- қан. n Қауіп факторлары Масалар көбеюіне қолайлы факторлар: орман суаттары, шабындықтар, көлшікт ер, теңіз жағалауы; нөсер жауындар; ағынсыз суаттар. n
Жапон энцефалиті кезіндегі алдын алу шараларының алгоритмі Мақсат-халық арасында жапон энцефалиті шығуын болдырмау, ол үшін медициналық-санитарлық, ветеринарлық-санитарлық шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу. Шаралар- суаттардағы дернәсілдер мен қуыршақтарды ларвицидтермен дезинсекциялау. Масаларға химиялық заттарды пайдалану. Масалар жұмыртқалауына қолайсыз жағдай туғызатын шаруашылық шаралары. Эндемиялық ошақтар тұрғындары арасында белсенді иммунитет құру. Антропургиялық ошақтарда профилактикалық дератизация жүргізіледі, мақсат- қоздырғыш көзі және резервуары синантроптық кеміргіштер популяциясын азайту. Үй жануарларына ветеринарлық бақылау жасалады.
n Қорытынды Қорыта келгенде, эпидемиялық аумақтарда халық және жануарлар арасында кенелік энцефалиттің, жапон энцефалитінің шығуын болдырмау, ол үшін кешенді жалпы санитарлық және медициналық шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Инфекция көздерін , берілу жолдары мен факторларын және заралану жағдаын анықтау.
5 kr Джубаева.ppt