Кейс «Мемлекеттік қызметшінің имиджі» Ф. ғ. к. , аға оқытушы Дүсіпбаева Қ. С.
Мемлекеттік Кейс “Мемлекеттік қызметшінің имиджі ”
кейстің жітелімі мақсаты міндеті
Нысаны – мемлекеттік қызметке байланысты тірек сөздер
ҚР Мемлекеттік қызметінің имиджі нақты ситуацияны талдау
КІРІСПЕ ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен Мемлекеттік қызметші төмендегі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс: 1. Мемлекеттік қызметші билікті және өкілдіктерді басқара білуі тиіс және оған қоса адал болуы керек. 2. Мемлекеттік қызметте өз есендігіне емес, мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі қажет, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмау керек. 3. Шенеунік «Немен күн көресің? » деген сұрақтан қорықпай, өмір сүру керек, себебі оның виллаларының, аумағындағы биік дуалдардың және қымбат шетел маркалы машиналары суреттерінің пайда болуына негіздеме болмауы тиіс. 4. Заңдардың талаптарымен толық келісіп өмір сүру маңызды. 5. Қай қызметте, қай лауазымда болса да ешбір жағдайларда халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпай қызмет атқару қажет. 6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші адалдықтың, сыпайылықтың үлгісі болуы тиіс, адамдардың арасында өзін ұстай білуі қажет. 7. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі бағынуды үйренуі, қызметкерден өзі талап еткенді орындай білуі қажет. 8. Мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіріліп немесе сыбайлас жемқолық ісәрекет дайындалып жатқанын көрсең, дереу араласу, шаралар қабылдау қажет.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Мемлекеттік қызметтіңҚазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н. Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды» . Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде: - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердің мiнез-құлқының этикалық нормаларын нығайту; - халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыру; - мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз сақтауға тәрбиелеу; - көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру жоспарланған.
Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі. «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген. Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.
Проблема – тірек сөздерді есте сақтау арқылы мемлекеттік имиджін қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Сұрақтар: 1. Тұрақтандыру қоры арқылы бағаларды тұрақтандыруға болама? 2. Қорға қажетті азық-түлік ауылшаруашылығынан қандай бағамен сатып алынуы қажет? 3. Азық-түлік түрлері, олардың көлемі мен көтерме бағасы қалай белгіленеді? 4. Жергілікті әкімдермен осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Тапсырма: Мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасына мемлекеттік қызметтің беделін қалай қалыптастыруға болатын жолдарын ұсыныңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін Сіздер шағын топтарға бөлініп, қосымша материалдарды дайындап, олармен танысып аласыздар. Сабақта ситуацияны талқылаған кейін бір шешім қабылдап, оны жариялауды дайындауларыңыз қажет. Берілген сұрақтарға жауап беріп, қажетті зерттеулерді жасап, қызметтің беделін қалай қалыптастыруға болатындығын нақты шаралар мен әрекеттер арқылы көрсетіңіздер. Өз ұсыныстарыңызды дәлелдеп, пікірталас барысында оларды қорғауға дайын болыңыздар.
Проблеманы шешу жолдары Тірек сөздерді пайдалану Коммуникативті минимумды қолдану
Шешім: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛСЫН.
Назарларыңызға рақмет!