кеден режим Есет,Мерей,Ахат.pptx
- Количество слайдов: 13
Кеден қоймасы режимі ОРЫНДАҒАНДАР: ӨМІРЗАҚОВ. Е МУРАТҚАН. А СЕРІКҰЛЫ. М КЕДЕН ІСІ-342
Жоспар I- Кіріспе. . . . . 3 II Негізгі бөлім: 1 Кеден қоймасы режимі. . . . . 4 1. 1 Тауарларды кеден қоймасына орналастыру……… 7 1. 2 Кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептер…………………………. … 8 1. 3 Кеден қоймасында сақтау………………. 9 1. 4 Кеден қоймасын құру рұқсатын басқа адамға беруге болмайды……………………. … 11 III Қорытынды. . . . 12 Қолданылған әдебиеттер. . . 13
Кіріспе Тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим. Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудын ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудын талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы керек.
II Негізгі бөлім: 1 Кеден қоймасы режимі Кеден қоймасының кедендiк режимi әкелiнген тауарларды сақтау кезеңiнде кеден бажын, салықтарды алмастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан кедендiк бақылауда сақтау үшiн, сондай-ақ экспортқа арналған тауарларды оларды iс жүзiнде экспорттағанға дейiн кеден бажын, тарифтiк емес реттеу шараларын қолдана отырып, кедендiк бақылауда сақтау үшiн арналады. 1. Кеден қоймасы деп кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез келген арнайы белгiленген және жайғастырылған үй-жай немесе орын танылады. 2. Кеден қоймалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясы алынғаннан кейiн тағайындалады. 3. Кеден қоймасының аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. 4. Кеден қоймасының кедендiк режимiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар кеден қоймасының кедендiк тәртiбiне қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк өлшемдерiне байланысты белгiленедi. Кеден қоймасы тағайындалуға арналған үй-жай немесе орын өрт қауiпсiздiгiнің талаптарына, санитарлықтұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ мынадай талаптарға сай болуы тиiс: 1) кеден қоймасын жайғастыру мыналарды: кедендiк бақылаудан басқа, кеден қоймасынан тауарлардың алыну мүмкiндiгiн болдырмауды; қоймада тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етудi; бөгде адамдардың тауарларға енiп кету мүмкiндiгiн болдырмауды қамтиды; 2) кеден қоймасының аумағы бүкiл аумағы бойынша белгiленген және қоршалған болуы тиiс; 3) қойма кiрме жолдармен жабдықталған, тауарларды өлшеуге арналған, сертификатталған жабдықтармен, тиеутүсiру техникасымен жасақталған болуы тиiс.
Кеден қоймасының кеден режимiне орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру мақсатында тиiстi үй-жайлардың немесе орындардың иелерiне қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, кеден органдарының қызметкерлерiне арналған жабдықтар мен байланыс құралдары берiлуi тиiс. Қажет болған кезде кеден органдары кеден қоймасын тағайындауға арналған үй-жайды немесе орынды қосарланып жабылатын, олардың бiреуi қызметінің ауқымында дәл осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болатын құрылғылар мен жабдықтауды талап етуге құқықты. Уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының бөлiгi уақытша сақтау орнына қойылатын мiндеттi талаптар туралы Кеден комитетiнің бұйрығымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек. Кеден қоймалары олар жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiм бойында белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс. Кеден қоймалары иелерiнің мiндеттерi Заңның 43 -бабында айқындалған.
1. 1 Тауарларды кеден қоймасына орналастыру уақытша сақтау рәсiмiне сәйкес не жүк-кеден декларациясы негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының оқшауланған бөлiгiнде тұрған тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделгеннен кейiн кеден қоймасының басқа бөлiгiне ауыстырылуға жатады. Уақытша сақтау орында (кеден қоймасынан басқа) уақытша сақтауда тұрған тауарларды кеден қоймасына орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Кеден қоймасы кеден қоймасының кедендiк режимiне қойылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн орын болуы мүмкiн. Басқа тауарларға нұқсан келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше
1. 2 Кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептер Кеден қоймалары иелерiнің тапсыратын нысандары мен кестесiн аймағында осындай қоймалар жұмыс iстейтiн кеден органдары белгiлейдi. Бұл ретте есептер кеден органдарына үш айда кемiнде бiр рет тапсырылып тұруы керек. Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қабылдауға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептердi тапсыруды талап етуге құқықты. Бұл жағдайда есептi кеден қоймасының иесi кеден органының бастығы жазбаша талап қойған күннен бастап үш күннің iшiнде тапсыруға тиiстi. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар есебiнің құжаттары кемiнде бес жыл сақталады.
1. 3 Кеден қоймасында сақтау Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес есепке алынуға тиiстi. Кеден қоймаларының иелерi есептi жүргiзедi және кеден органдарына қоймада сақтаулы тауарлар және олардың сақталу мерзiмдерi туралы есеп берiп тұрады. Тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды қойманың иесi қойманың есептiк құжаттарында тiркеуi керек, олар мынадай деректердi қамтуы тиiс: 1) тауардың қоймаға орналастырылған уақыты; 2) тауардың атауы; 3) орны саны және нетто салмағы (кг); 4) тауармен бiрге жүретiн құжаттардың нөмiрлерi; жүккеден декларациясының нөмiрi мен оны босату туралы шешiм қабылданған уақыт.
Кеден қоймасының кедендiк режимiнде орналастырылған және экспорттың кедендiк режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарларды кеден бажынан босату немесе төленген сомаларды қайтару. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi жауаптылық
1. 4 Кеден қоймасын құру рұқсатын басқа адамға беруге болмайды Қойма иесi Кеден комитетiнiң келiсiмiмен пайдаланатын жайдың алаңын ұлғайта яки азайта алады. Ол үшiн қойма иесi Кеден комитетiне жай алаңның жаңа көлемiн көрсетiп, оны жарақтау мен жабдықтауға сипаттама берiп, өтiнiш жасайды, оның жаңа жоспары мен сызбасын тапсырады. Алаңын ұлғайтқан жағдайда, қажетiнше рұқсат беру үшiн қосымша түсiм төлейдi. Алаңын азайтқанда рұқсат беру үшiн төленген түсiмнiң бөлiгi. Қойма иесi рұқсатқа өзгерту енгiзудi қажет ететiн мәлiметтердi өзгерткен жағдайда, бұрынғылары көрсетiлiп, рұқсаттың жаңа бланкiсi толтырылып, рұқсат қайта тiркеледi, бөлiгi өзгертiлсе - жаңа мәлiметтер берiледi. Бұрынғы рет номерiне алфавит бойынша белгiленген тәртiппен әрiп белгiсi қосылады.
III Қорытынды Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу — тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим. Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
Қолданылған әдебиеттер Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2010 Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы. Жалпы және ерекше бөлім. Алматы – 2002 Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан – 2004 , 16 қаңтар Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000 Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы кодексі- 2010 жылғы 30 маусымдағы
кеден режим Есет,Мерей,Ахат.pptx