kenestik_kezendegi_kazakhstan_madenieti.pptx
- Количество слайдов: 18
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы
Жоспар: • 1. 1920 -1930 жылдардағы білім беру жүйесі мен әдебиет, өнер салаларының дамуы • 2. Қазақ халқында ғылым саласының дамуы • 3. Қазақ әдебиетінде жаңа кезеңнің басталуы
1920 -1930 жылдардағы білім беру жүйесі мен әдебиет, өнер салаларының дамуы
• Қазақстанда 1920 -1930 жылдардағы саяси -ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды • Қазақ АКСР ОАК IV сессиясы 1928 жылдың желтоқсан айында бүкіл жерде латын әліпбиіне көшуді заңдастырды • Республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды • 1928 жылы Алматы қаласында Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды.
Мектеп үйлерінің жоқтығы Арнаулы білімді маман мұғалімдерінің жетіспеуі Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар 2 -3 ауысыммен оқыту Ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтарды жою үшін бірқатар шаралар жүргізілді • қалаларда мектепке жарамды үйлер мемлекет меншігіне алынды; • жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды; • академиялық орталық оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті; • мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрлары даярланды;
• 1920 -1930 жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыды • 1920 жылда көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді • 1933 жылы республикада Суретшілер Одағы құрылды • 1934 жыл 8 мамырда Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» атты көрмесі ашылды • 1919 жыл Ақмолада музыкалық мектеп ашылды • 1920 жылда театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды
1920 -1930 жылдарда Қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Жансугіров “Жолдастар” романын жазды
Сәбит Мұқанов “Байдың ұлы”, “Достар”, “Ботагөз” романдарын жазды
1920 жыл академик И. М. Губкиннің басшылығымен Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеу ісі ұйымдастырылды Иван Михайлович Губкин: Орал–Ембі мұнайлы ауданы – елдегі мұнайға бай аудандардың бірі
Қазақ әдебиетіндегі жаңа кезеңнің әлемге танымал шоқтығы биік тұлғалары Сәкен Сейфуллин Міржақып Дулатов Мұхтар Әуезов Сәбит Мұқанов Ілияс Есенберлин Ғабит Мүсірепов
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы Поэмалары: "Кел, жігіттер", "Жас қазақ марсельезасы", "Жұмыскерлерге", "Жолдастар" сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ "Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат". Повестері: "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Жемістер" • 1915 ж. қараша «Жазғы түнде» деген өлеңін жазған • 1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әдебиеті туралы» деген мақаласы шықты. • 1934 «Қызыл ат» поэмасында ақын Қазақстандағы коллективтендіру кезінде кеткен үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады. • "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық романы қазақ әдебиетінің көркем туындысы болып табылады
Міржақып Дулатовтың шығармашылығы • Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" • 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылып шығады. • 1910 жылы оның проза жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. • 1922 жылы "Балқия" пьесасын жазады.
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы • 1917 жылы жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазған • 1928 жылы жазылған «Қилы заман» повесі 1972 жылы Ш. Айтматовтың алғысөзімен «Новый Мир» журналында орыс тілінде «Лихая година» деген атпен жарық көрді. • 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазды • 1922 -1923 жылдар «Сана» , «Шолпан» журналдарында басылған әңгімелері : «Кешкі дөң басында» , «Түнгі ауыл» , «Қысқы күнгі дала» , «Қысқы түн» , «Сыбанның моласында» , «Текшенің бауырында» • 1923 жылы «Бәйбіше тоқал» , «Қобыланды батыр» , «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген зерттеуі мен «Жердің жаратылысы жайындағы» аудармасы жарияланды
Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығы • 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды • 1928 жылы “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” шығармалары Қызылорда қаласында жарық көрді • “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), т. б. әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Сөзжұмбақ 1. 2. 3. 4. 5. А. А. Гапеев пен Д. Н. Бурцев қай қалада жаңа көмір кен орындарын ашты? М. П. Русаков Қ. И. Сәтбаев, Р. А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда және Бозшакөлде қандай кен орнын ашты? Қазақстандағы мемлекеттік ғылыми мекемелер шаруашылықтың қай түрімен байланысты? 1932 жылы 8 наурызда Қазақстанда қандай академия ашылды? Қоғамдық ғылым салаларында кімнің шығармаларын оқып үйренуге және насихаттауға баса мән берілді? Ғ Ы Л Ы М
Сөзжұмбақтың жауаптары Қ АР А Ғ А НДЫ М ЫС АУЫЛ Ғ ЫЛ ЫМ МА Р К С
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
kenestik_kezendegi_kazakhstan_madenieti.pptx