
биологи Казахстана.pptx
- Количество слайдов: 16
Казахстанның биолог ғалымдар туралы
Айтхожин Мұрат Әбенұлы - биология ғылымының докторы (1977), профессор (1980), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979), академик (1983), Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, ғалым. Қаз. МУ-ді бітірген (1962). ҚР ғылым академиясының Ботаника институтында кіші (1965), аға (1967) ғылыми қызметкер, директор (1978 — 83), Молекулалық биология және биохимия институтында директор (1983 — 87), Қазақстан ғылым академиясының президенті (1986 — 87) болды. Айтхожин — клеткалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен белоктың) синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының (ақпараттық РНК-ның) рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информасоманы ашқан. Айтхожин бидай дәнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымынан өнуі кезінде оның клеткаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық РНК-ның биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік клеткаларының суббөлшектерінен тұратын әрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды. Биохимиялық тәжірибелерді автоматтандыру саласында белсенді басшылық жасады. Қазақстан ғылым академиясының жанынан Молекулалық биология және биохимия институтын ашқан (1983). Осы институт құрамында клеткалық және генетикалық инженерия, трансгеноз лабораторияларын, Биотехнология орталығын (1987) ұйымдастырған. Айтхожин Лениндік сыйлықтың лауреаты (1976). Ол халықаралық Бейбітшілік қорының Алтын медалімен (1987), “Халықтар достығы” орденімен (1987) марапатталған. Алматыда Айтхожин тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған, Молекулалық биология және биохимия институты оның есімімен аталады.
Айтхожина Нағима Әбенқызы —ғалым, биология ғылымының докторы (1990), профессор (1994), ҚР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995). Қаз. МУ-дың биология факультетін бітірген (1969). 1974— 81 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1983— 87 жылы Молекулалық биология және биохимия институтында жетекші ғылыми қызметкер, ал 1988 жылдан оның директоры, сонымен қатар ҚР ғылым академиясының биология және медицина ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы (1996) қызметтерін атқарды. Айтхожинаның негізгі ғылыми жұмыстары жоғарғы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет “Ғарыштық биология және биотехнология” тақырыбын зерттеп, ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын жасады. Айтхожина бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан т. б. ) ғылыми бағдарламалар жасады.
Айтхожин Мурат Абенович Айтхожина Нагима Абеновна
Домбровский Бронислав Александрович (18 қаңтар 1885 ж. , Украина, бұрынғы Херсон губерниясы, Елизаветград қаласы – 16 шілде 1973 ж. , Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1936), профессор (1930), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1945). Киев университетін (1912) бітірген. 1929 жылдан Қазақстанда жұмыс істеген. Елімізде жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясының қалыптасуы және дамуы Домбровскийдің атымен тығыз байланысты. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) өзі құрған мал анатомиясы кафедрасын басқарды (1929– 37, 1939– 50, 1951– 54). 1937– 39 және 1954– 71 ж. Қаз. МУ-да жануарлар морфологиясы және зоология кафедраларына басшылық етті. 1971 жылдан өмірінің аяғына дейін осы кафедрада кеңесші-профессор болды. [
• Гильманов Мұрат Құрмашұлы (23. 4. 1942 ж. т. , Қырғызстан, Ош қ. ) – биология ғылым доктыры (1990 ж. ), профессор (1992 ж. ), Қазақстан ғылым академиясының акад. (2003 ж. ). Қаз. МУ-ды (1966 ж. , қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1968– 1983 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1983 жылдан Молекулярдық биология және биохимия институтында зертхана меңгерушісі. Гильмановтың негізгі ғылыми жұмыстары өсімдіктегі азот айналымының энзимологиясын зерттеуге арналған. Ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің минералды азот ассимиляциясы процесінің негізгі көзі – НАДФГДГ-ны (никотин-амида-денинди-нуклеотид-фосфатглютамат-дегидро-геназа) алғаш рет тауып, маңызын дәлелдеді. Өсімдіктердің өсуіне қажетті гормон – цитокининнің молек. және клеткалық механизмдерін ашты. Гильманов бұрын зерттелмеген клетканың бір құрамдас бөлігі – сферосомалардың (фосфатидилинозитол мен белоктарды сақтауға қатысады және цитокинин сигналын жүзеге асырады) құрылымы мен қызметін анықтады. Ол сонымен қатар глютаматтың қайтымсыз ыдырауын жүзеге асыратын ферментті алғаш рет тауып, сипаттады. Гильмановтың басқаруымен жүргізілген зерттеулер гүлді өсімдіктердегі азот айналымының негізгі сатыларын реттеуде және оның негізгі функциясын түсінуде, практикалық биотехнология жаңа мүмкіндіктер ашты.
Домбровский Бронислав Александрович Мұрат Құрмашұлы Гильманов
Аманқұл Бекенов (16. 11. 1939 ж. т. , Қостанай облысы Жангелдин ауданы) – биология ғылым докторы (1991), профессор (1993). Қаз. ПИді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1961). 1961 жылдан Зоол. институтында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды, ал 1995 жылдан осы институттың директоры. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстандағы омыртқалы жануарларды (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) қорғау мәселелеріне арналған. Бекенов Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарын мекендейтін сүтқоректілердің биол. , экол. ерекшеліктерін зерттеп, жойылып бара жатқан омыртқалы жануарларды қорғап қалудың теор. негіздерін ұсынды. Осы сала бойынша республика ғыл. мекемелерінде және жоғары оқу орында атқарылып жатқан ғыл. -зерттеулерді үйлестіруге басшылық жасады. Ол Қазақстанда ақбөкенді қорғау және оның санын қалпына келтіру мәселесін зерттеді. Қазақ КСР-інің Мемл. сыйл. лауреаты (1982).
Зоя Михайловна Бызова (1 тамыз 1930 жылы туған, Алтай өлкесі, Алтай ауданы) — ғалым, биологиялық ғылыми кандидат (1971). Қаз. НУ-ді бітірген (1953). 1957 — 88 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. Негізгі ғылыми еңбектері микология мәселелеріне арналған. 22 ботаникалық экспедицияға қатысқан. Жиналған ғылыми мәліметтерді саралау нәтижесінде төмендегі сатыдағы өсімдіктер флорасы жүйеленді. Ол жасаған саңырауқұлақтардың гербарийлері институттың архивтік қорына енді. Бызова Қазақстан саңырауқұлақтарының таралу ареалдарына талдау жасап, микофлораның республика жерінде қалыптасу тарихын зерттеді, саңырауқұлақтардың 80 туысына, 1000 түріне (оның ішінде ғылымға белгісіз 130 жаңа түріне) ғылыми сипаттама берді. Қазақстан Мемлекет сыйлық лауреаты (1988).
София Рувиновна Шварцман(05. 01. 1912, Житомир, 14. 04. 1975, Алматы) - қазақстандық ботаник, биология ғылымының докторы (1964), Қазақ АКСР - інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1970). 1945 жылдан КПСС мүшесі. 1935 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген, осы университетте аспирант, 1940 47 жылдары Қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік университетінде ботаника кафедрасының доценті, осы кафедраның меңгерушісі (1947 - 1961), Қазақ АКСР ҒА - ның Ботаника институтының төменгі сатыдағы өсімдіктер флорасы бөлімін басқарды (1943 - 1975).
• Ізтелеу Әбуғалиев(16. 12. 1930 жылы туылған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 27. 10. 2004, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығының ғылымның докторы (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының акадеимигі (1994). Қаз. МУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және осы университтің аспирантурасын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында (1957– 1959, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) кіші ғылыми қызметкер, 1959 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зертеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1975– 1995), 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер ортасының академик-хатшысы болды. 1975 жылы «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол Қазақстан ауыл шаруашылқ ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т. б. енгізді; ауыл шаруашылық дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және ауыл шаруашылықтын дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғылым ұсыныстары мен әдістемелері ауыл шаруашылық өндірісіне енгізілді. Әбуғалиев 260 -тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Николай Васильевич Павлов (23. 5. 1893, Ресей, Санкт-Петербург қ. 27. 4. 1971, Алматы қ. ) – биология ғылымының докторы (1937), профессор (1938). • 1946 Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. • 1945 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылымы қайраткері. • 1917 Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірге. • 1938– 1947 Қаз. МУ-да ( қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, профессор, • 1946– 1948 Қазақстан Ғылым Академиясының академик хатшысы • 1946– 1954 Ботаника институтының директоры қызметін атқарған. [1]. Негізгі ғылыми еңбектері флористика, ботаника, география, өсімдік қоры мәселелеріне арналған. 200 -ге жуық ғылыми жарияланымның және 20 монографияның авторы.
Галузо Илларион Григорьевич (8. 4. 1899, Ресей, Витебск облысы Даргейка ауылы – 10. 1977, Алматы қаласы) – биология ғылым докторы (1946 ж. ), профессор (1949 ж. ), Қазақстан Ғылыми Академиясының акад. (1946 ж. ), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1946). Ленинград (қазіргі Санкт. Петербург) малдәрігерлік институтын бітірген (1926)ж. . 1946 жылдан КСРО Ғылыми Академиясының Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғылыми Академиясы Төралқасының акад. -хатшысы (1946– 1951 ж. ) болды. 1946– 1977 ж. Қазақстан Ғылыми Академиясының Зоология инситутында лаборатория меңгерушісі, директор (1951– 1967 ж. ) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қансорғыш және қотыр кенелер (КСРО Мемлекеттік сыйлық, 1951 ж. ) мен кейбір қарапайым жәндіктер (тейлерия, токсоплазма, кокцидия, трипанозома) фаунасына, экологиясына және биологиясына арналған. И. Г Галузо жануарлардың жұқпалы аурулары жөніндегі Е. Н. Павловский ілімін одан әрі дамытып, мал ауруларының табиғи ошақтылығы жөнінде теория тұжырым жасады, тейлериоз, безноитиоз ауруларының қоздырғыштарының тіршілігін, табиғаттағы айналым жолдарын, айналаға таралуын зерттеді; токсоплазмозды анықтау, одан сақтану әдістерін тапты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Павел Мариковский(1912 -2008) - 9 шілдеде Ресейдегі Хабаровск өлкесінің Вяземская стапсасында туған. Қиыр Шығыс медициналық институтына бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. КСРО Ғылым академиясының Қиыр Шығыс филиалында энтомолог боп істеген. 1946 жылдан бері Қазақ КСР ғылым академиясының Зоология институтында лаборатория меңгерушісі болған. Профессор, биология ғылымдарының докторы. Көптеген ғылыми еңбектің, екі монографияның авторы. Ғылыми жұмыспен бірге, жазушылықпен айналысады. Ондаған еңбегі шыққан. Бірқатар кітабы Бүкілодақтық конкурста арнаулы жүлдеге ие болған. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
• Алманиязов Ағыбай Алмасұлы(24. 9. 1914 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы — 14. 6. 1992 жыл, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1953); профессор (1953), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966). Ташкент ауыл шаруашылық институтын бітірген (1936). 1938 — 41 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жер басқармасының агрономы, Бүкілодақтық мақта өсіру ғылми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері, 1953 — 59 жылдары Ташкент ауыл шаруашылық институтының, 1959 — 84 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі болды. Алманиязовтың ғылыми -зерттеу жұмыстары өсімдік биологиясын, оның ішінде бидай, жүгері, қызылша, бақша дақылдары, жоңышқа және мақта эмбриологиясын, цитологиясын және селекциясын зерттеуге арналған. Ол сондай-ақ жоңышқа өсімдігіндегі цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты тапқан. Бұл зерттеудің Орта Азия мен Қазақстанда жоңышқаның гетерозистік будандарын алуда маңызы зор болды. Қауынның “Қазақстан — 1”, “Қазақстан — 2” деп аталатын сорттарын шығарды. Қазалы қаласының орталық көшелерінің біріне Алманиязовтың есімі берілген.
Төлеухан Садықұлов (20. 1940 ж. туған, Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық әкімшілігіне қарасты Шаған ауыл) — ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1986), профессор (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1989). Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген (1964). 1967 жылдан осы университетте қызмет атқарады. Садықұлов елімізде еттіқұйрықты қой тұқымдарын шығару және оны жетілдіру ілімінің генетикалық-селекциялық негіздерінің теориялық және практикалық салаларын дамытуда көп еңбек сіңірді. Ол “Дегерес қойы” тұқымын шығару жөніндегі жұмыстардың ғылыми жетекшісі болды. 110 -ға жуық ғылыми еңбек жазған, оның ішінде 5 монография, 6 ұсыныс бар. Медальдармен марапатталған.
биологи Казахстана.pptx