Акатай Д.М.ppt
- Количество слайдов: 14
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙМЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Офтальмология кафедрасы Көру мүшесін зерттеудің қазіргі жетік тәсілдері – биомикроскопия, эхография, A-, B-) ФАГ, ОСТ КТ, МРТ, оның клиникалық мәні Орындаған : Ақатай Д Курс: III Факультет: Стоматология Топ: 305 -02 Тексерген: Алматы 2013
Жоспар: § § § § Кіріспе Негізгі бөлім Биомикроскопия Эхография Флюоресценттік ангиография Компьютерлі томография Қорытынды
Ауру адамды тексеріп зерттеу сол адамның дәрігер кабинетінің есігінен кірген кезден басталады. Науқастың жүріс тұрсы, басын ұстау жағдайы мен қарау бағытына назар аудару керек болады. Қазіргі таңда инновациялық технологияның дамуына байланысты көзді әртүрлі әдістермен тексеруге мүмкіндік береді.
Биомикроскопия • Биомикроскопия – көздің тіндерін визуальды тексеру әдістерінің бірі болып саналады. Көздің алдыңғы және артқы бөліктерін зерттеу үшін саңлаулы шамды немесе биомикроскопты қолданады. • Ол дәнекер тінді, қасаң қабықты нұрлы қабықты, бұршақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Саңлаулы шам күшті жарық көзінен және бинокулярлы микроскоптан тұрады. Жарықтандыру әдісін төрт түрге бөледі. 1 - жарықты тура шоғырландыру арқылы биологиялық обьектінің жалпы мөлдірлік дәрежесін және оптикалық кесінді құрлысының біркелкілігін анықтауға болады. 2 -жарықты қиғаш шоғырландыру арқылы жарықтандырылған жерге жақын аймақты зерттейді 3 - тура диафоноскопиялық жарықтандыру арқылы тіндер құрлысын шашыраңқы жарықпен зерттейді 4 - қиғаш диафоноскопиялық жарықтандыру арқылы жарықтың шағылысып шыққан жерін қарайды
Осы жарықтын қайсысын қолданса да екі түрлі тәсілді пайдаланады: 1 жылжымалы сәулелермен зерттеу. Бетінің тегіс немесе тегіс емес екенін (қасаң қабықтың ойықтарын, фасеткаларын, инфильтраттарын) көруге болады. 2 - Айнадай кеңістікте зерттеумен де. Биомикроскоп трахома, глаукома, катарактаны және тағы да басқа ауруды анықтауға көмектеседі, сонымен қатар көз алмасының зақымдалуын, нұрлы қабақтағы патологияны анықтауға мүмкіндік береді.
Эхография ü Қазіргі кезде офтальмологияда ультра дыбысты зерттеу кеңінен қолдануда. ü Ультра дыбыс тербелістері биологиялық тіндерге олардың оптикалық сипатына қарамастан оңай енеді және әртүрлі акустикалық сипаттағы заттардың шекарасында сынады, шағылысады, шашырайды, сіңеді. ü Ультра дыбыс қасаң қабық , көз алмасының артындағы құрылымдардың элементтері сияқты кедергілерге кездесіп жарым жартылай олардан шағылысып қайтады, содан пайда болған сәулелердін қортындысы экранда график ретінде пайда болады.
ü Пайда болған ісіктер ішкі қабықтардың ажырауы, гемофтальм, бұршақтың патологиясы, бөгде заттар және басқалары сиякты көз алмасы мен көз шарасының аурулары қалыпты эхограммада өздеріне тән өзгерістерді көрсетеді. Оның 2 әдісі болады ü А - әдісі. Көздің ішіндегі қашықтықтың оның дәл олшеу мүмкіндігі жатады. Осы мүмкіндік көздің ішіндегі ісіктердің өсуіне, көз алмасының семуін, бұршақтағы өзгерісті көрсетеді ü В - әдісі. Өте күрделі әдіс, ол патологиялық ошақ түрін, мөлшер – көлемін, топографиясын анықтауға мүмкіндік береді.
Флюоресценттік ангиография ü Флюоресценттік ангиография-көздің түбіндегі тамырлардың флюоресценттік контрастын (түстердің қарама – қарсылығын) обьективті түрде суретке алып тіркеу әдісі. Тор қабықтың тамырларын контрастау үшін шынтақ венасына стерильді пирогенсіз флюоресцеиннің натрий тұзы ерітіндісін жібереді. Бояу қан айналымсымен барлық организмге жайылып, 9 -10 секундтан кейін көзге келеді. Флюоресценция құбылысын байқау және тіркеу үшін арнайы аппарат – ретинофот қолданылады. Ретинофот қысқа уақыт ішінде көз түбінің көптеген жоғары сапалы фото суретін алуға мүмкіндік береді.
Флюоресценттік ангиография Тор қабықтың тамырына флюресцин толып, артериялық, капиллярлық, веналық фазаларын 2 – 4 минут ішінде көрсетеді. Флюоресценттік ангиография көздің ішкі және ортаңғы қабықтары мен көру нервісінің ауруларын зерттеуде тиімді диагностикалық әдіс болып табылады.
Флюоресценттік ангиография
Компьютерлі томография • Компьютерлі томография көз алмасын, көздің алдыңғы және артқы қамерасын , көздегі бөгде заттарды анықтауға көмектеседі.
Қорытынды • Көз - өмірдің шам – шырағы, оған сақ болу керек!
Пайдаланған әдебиеттер: • Офтальмология. /под ред. Е. И. Сидоренко, 2003/. • www. google. kz • www. yandex. ru • ВИКИПЕДИЯ


