Каспий теңізі Балқаш көлі Арал теңізі
Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: — ﺩﺭیﺎی ﺧﺰﺭ Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ Х ғасыр), Хвалын (Х ХІІІ ғасыр) және т. б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий теңізінің жағалауы бүгінде тәуелсіз 5 мемлекеттің шекараларымен шек тесіп жатыр. Жоғарыда айтып өтке німіздей, теңіздің солтүстік, солтүстік шығыс және шығыс жағалауларында Қазақстан шекарасы 2320 шақырымды, оңтүстік шығыс жа ға лауында Түркімен стан шекарасы 1200 ш а қы рымды, оңтүстік ба тыс жағалауында Әзірбайжан шекарасы 955 шақырымды, оң түстік жа ғалауында Иран шекарасы 724 шақы рымды, батыс және солтүстік батыс жағалауында Ресей шекарасы 695 шақы рымды алып жатыр. Міне, осы деректер ден анық көрініп тұрғанындай, Каспий теңізі жағалауының үштен бір бөлігінен артық аумағы Қазақ стан иелігінде. Осы ның өзі ақ қарт теңіздің қазынасы мен тағдырының егемен еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қаншалықты көкейкесті екендігін көрсетсе керек.
Каспий теңізі аумағындағы экологиялық дағдарыс ошақтары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Кен орындарының қалдықтары жанып жатқан теңіз жағалауы ( Түркменстан аумағы). “Теңіз” мұнай кен орнындағы ауаның жоғары температуралық ауытқуы. Мұнаймен ластанған шалшықтар (Жанаөзен маңы). Баутин порты айлағының ластанған айдыны. Мұнайлы Тастар аралдарындағы (Әзербайжан) мұнай өндіру кәсіпшілігі нысандары. Мұнайлы Тастар аралдарындағы жанып жатқан кен қалдықтары.
Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл. Ауданы: 66 мың км² Қазіргі Аралдың жасы 8 -10 мың жыл шамасында. Ұзындығы 428 км, ені 235 км. Суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде 2 -ші, ал Дүниежүзі бойынша 4 -ші орынға ие көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас.
Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9 -11‰ болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35 ‰-ге жетті.
Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық. Бұндағы органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20 -дай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салакаласын атауға болады.
Арал теңізінің тартылуы
Тартылуының салдарынан болған жағдайлар
Балқаш көлі
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км 3. Су жиналатын алабы 500 мың км² ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78, 2% ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15, 1%), Лепсі (5, 4%), Ақсу (0, 43%) өзендері құяды.