
картография.pptx
- Количество слайдов: 15
Карталардың номенклатурасын анықтау. Масштабтар және координаттар торы. Карталардың номенклатурасын анықтау. Масштабтар және координаттарының торы!
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т. б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пеншаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрліқұрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;
Карталардың жіктелуі (Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялық немесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық(масштабы 1: 1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1: 1000000 нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1: 10000; 1: 25000 және 1: 50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1: 100000 және 1: 200000 орта масштабты, масштабы 1: 500000 және 1: 1000000 — кіші масштабты топографиялық карталар деп аталады
Карталар номенклатурасы -көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.
Топографиялық карталар үлкен территорияларра жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлiнуiн жол-жол сызық, ал беттiң белгiciн картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбiр бетi трапеция болып саналады, оған номенклатура берiледi. Карта бетiнiң номенклатурасы рамканың солтүстiк қабыррасының үстiнде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ipi болып саналатын елдi мекендердің аты жазылады.
Номенклатура үлгілері Ендікке Бойлықта 1: 1000000 4° 6° М-41 1: 500000 2° 3° M-41 -A 1: 200000 40‘ 1° M-41 -XXX 1: 100000 20' 30' M-41 -60 1: 50000 10‘ 15‘ M-41 -60 -Б 1: 25000 5‘ 7'30'' M-41 -60 -Б-г 1: 10000 2'30'‘ 3'45'' M-41 -60 -А-а-1 1: 5000 1'15'' 1'52'', 5 M-41 -60(256) 1: 2000 25'' 37'', 5 M-41 -60(256 -и)
Топографиялық карталардың шартты белгiлерi шартты белгiлерден, оларды түрлi-түстi безендiруден, түсiндiрме жазулармен цифрлы белгiлерден туратын бiртутас жүйе болып табылады. Шартты белгiлер және олардың түр-түстерi жердiң әр түрлi объектiлерiн және тектік түрлерiн көрнекті көрсетедi. Түсiндiрме жазбалар және цифрлық белгiлеулер шартты белгiлердi кескiнделетiн объектiлердiң жеке ерекшелiктерi туралы мәлiметтермен толықтырады. Шартты белгiлер өзiнiң атқаратын мiндетi және қасиеттерi жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсiндiрме шартты белгiлер болып бөлiнедi. Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгiлеpiн Геодезия және картография басқармасы белгiлейдi және оларды түcipy жұмыстарын жүргiзетiн барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиic. Ic жүзiнде қолдануға қолайлы болу үшiн кестелер түрiнде шығарылады.
Карта масштабы - картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1: 10000 – он мыңдық 1: 25000 – жиырма бес мындық 1: 50000 – елу мыңдық 1: 100000 – жүз мындық 1: 200000 – екі жүз мындық 1: 500000 – бес жүз мындық 1: 1000000 – миллиондық.
Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады: t = cb =А' О=a/m*n мұндағы а-масштаб негізі 2 см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1: 1000; 1: 2000; 1: 5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0, 2; 0, 4; 1, 0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
Картография уақыт пен кеңicтiктегi процестер мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруi туралы географиялық карталарды жасаумен әдiстердi пайдалану туралы ғылым. Карта дегенiмiз жер бетiнiң едәуiр территориясының жердiң қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салғанан жазықтықтағы кiшiрейген кескіні. Карта арқылы шешiлетiн мiндеттердiң сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлi карталардың қажеттiлiгiн тудырады. Олар : ipi масштабты - 1 : 500, 1: 1000, 1: 2000, 1: 5000, 1 : 10000, 1: 25000, 1: 50000, орта масштабты -1: 100000, 1: 200000, ұсақ масштабты - 1 : 500000, 1 : 1000000 болып бөлiнедi.
Картаны бағдарлау - белгілі бір ауданда жұмыс істеу кезінде карта жақтауының солтүстік жағы солтүстікке, ал қалғандары - тиісінше оңтүстікке, шығыс пен батысқа қаратылып орналастырылуы керек. Карта осылай орналасқан жағдайда тұрған нүктеден қоршаған жергілікті заттарға қарайғы бағыт бақылау картадағы осы бағыттарға сәйкес келеді, ал сол жерде орналасқан барлық заттардың өзара орналасуы мен олардың картадағы шартты белгілері ұқсас болып келеді. Картаны жуық мөлшерде бағдарлау көзбен жүргізілсе, неғұрлым дәл бағдарлау компас немесе визирлі (дәлдеуіш) сызғыштар арқылы жүргізіледі
Топографиялық карта бетінің схемалық бейнесі
Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағынан мыналар орналасады: 1. магнит тілінің орташа бұрылуы 2. масштабтар 3. жер бедері қимасының биіктіктері туралы мәлімет 4. табан графигі 5. түсірілген және жаңартылған жылы.
картография.pptx