Аханова С М 501.pptx
- Количество слайдов: 22
Карағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті. Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы СРС тақырыбы: «Периодонт қабынуларын физиқалық емдеу әдістерінің салыстырма» Орындаған : Аханова С М 501 стом Тексерген : Шауенова К А Караганда 2015 ж
Жоспар: • • Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе. Периодонтит кезінде , физикалық емнің маңызы зор , ол түбір өзегіндегі қабыну процесті әртүрлі электродтар мен сәулелер арқылы қабынуды қайтарады
Периодонтты физикалық терапия көмегімен емдеген кезде қолданылады. . Ультражоғары электорлық алаң жиілігі УВЧ Диатермокоагуляция Дәрілік электрофарез Гальванизация Дарсонвализация
Ультра жоғарғы электорлық алаң жиілігі УВЧ • Кариес қуысы мен тіс қуысын бұрғылап, механикалық өңдеуден өткізеді. Түбір ұшы санылауын кеңейтіп, өзекті құрғатып, кептіргеннен соң, белсенді электродты өзекке енгізеді, әлсіз электродты /аппарат УВЧ – С –І/ науқастың ұртына апарып, ұрт терісінен 1 -1, 5 см аралықта /себепкер тістің аймағына сәйкес/ орнықтырады. 1 -тісті өңдеу уақыты 10 -15 минут.
Дәрілік электрофарез • ДЭ – бұл бірнеше емдік дәрі-дәрмектен тұратын токпен бірге организмге баратын дәрілік әсері. Дәрілік электрофорезді созылмалы периодонтиттің үш түрінде де емдеу мақсатымен қолданылады. Түбір өзегінің жіңішкелігі, қисықтылығы, бітелгені және онда бөгде заттың (аспаптың сынып қалуы) болуы салдарынан жартылай немесе толық өтпеуі электрофорез жүргізуге көрсеткіш болып табылады. • Электрофорез жүргізу гальван аппараттарын арнайы стоматологиялық ГР – І, ГР – ІІ, «Ионофоратор» , «Поток - І» / қолданылады. • Жүргізу тәртібі өте қарапайым келеді. Аспаптық, антисептикалық өңдеуді толық жүргізгеннен соң, тіс қуысына дәрілік затқа малынған мақта танғышымен қоса белсенді электродты орнықтырып, кариес қуысын жабысқақ балауызбен толтырады да, тіс қатарына ширатылған мақта салып, ауру адамның аузын жабады.
• Белсенді электродты аппараттың сәйкес полюсіне қосады / яғни дәрілік заттың ионының бір аттас зарядына сәйкестендіріп /. Екінші электродты ауру адамның білегіне, ал жыланкөз болған жағдайда, жыланкөздің шыққан орнынан өтпелі қатар қуысына «саусақ» тәрізді орналастырады. Тоқты жайлап оңға қарай айналдыра отырып, ток күшін 3 мк. А – дан асырмай, тісте жеңіл шаншылған сезім байқалғанға шейін қосады. Жүргізу мерзімі 20 – минутқа созылады. Аппаратты істен шығаруды керісінше бағытпен аяқтайды. Дәрілік препараттардың ішінен ең көп түрде қолданылатындары: трипсин, иод, күміс, декаметоксин болып табылады
• ГАЛЬВАНИЗАЦИЯ – күші аз, /50 мк. А/ төмен кернеулі, тұрақты ток. Тіндерге тұрақты электр тоғының әсерінен биохимиялық және физикалық процестердің өтуіне жағдай жасайды. Ауыз қуысының кілегей қабаты қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілгендіктен электр тоғын жақсы өткізеді. Ауыз қуысы электр тоғына өте сезімтал келеді. Мысалы: ауызда металдың дәмі сезіледі. Организмнің 60%-ті судан тұратын болғандықтан, оны электролит деп санауға болады. Тұрақты электр тоғы өткен кезде, судың иондары мен малекулалары, белок бөліктері электрод аралық кеңістікте орын алмастырады. Оң зарядталған бөліктер катодқа қарай қозғалады, ал теріс зарядталғандары анодқа қарай қозғалады. Иондар қозғалғанда, олардың бір – бір бөлігі жартылай өткізгішті мембранада қалып қояды да, тіндерде поляризациялық аймақ пайда болады. Бұл жерде тоқтың бағытына қарсы электр қозғағыш күш пайда болады. Тұрақты электр тоғының әсерінен тамырлар кеңейіп, қан кернеуі болады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, жергілікті температура көтеріледі. Терінің қызаруы токпен әсер ету
• Тұрақты электр тоғының әсерінен тамырлар кеңейіп, қан кернеуі болады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, жергілікті температура көтеріледі. Терінің қызаруы токпен әсер ету біткеннен кейін, 60 -минутқа дейін сақталады. Тамыр реакциясы зат алмасуының белсенділігін арттырады, дәнекер тін мен эпителийдің жазылып, қалпына келуіне жағдай туғызады.
Гальванизация
Диатермокоагуляция ДИАТЕРМОКОАГУЛЯЦИЯ әдісі гранулалы созылмалы периодонтитті емдеуде қолданылады. Диатермиялық токтың әсер ету мәнісі мынада: І. Тіндік белоктардың қайтымсыз ұюына ықпал тигізеді. ІІ. Қан тамырларына жылулық әсермен оң ықпал тигізеді. ІІІ. Ауру сезімді бәсеңдетуге әсерін тигізеді. Жүргізу тәртібі мынадай: Пассивті электродты аурудың білегіне орнықтырады немесе ауру адам қолына қосып ұстап отыруына да болады. Белсенді электрод ретінде түбір инесін алады да, оны өзектің терең бойына, алдымен өзектің 1/3, онан кейін ½ бөлігіне 6 -8 сек ішінде енгізіледі. Токтың күші 40 -60 мк. А. өзек ішіндегі қалдықтарды алып шыққаннан соң, күйдіру жұмысын қайталайды, бұл кезде белсенді электродты түбір ұшы санылауынан асыра енгізеді. әрбір өзек егер көп түбірлі тіс болса, жеке өңделеді. Емнің соңын түбір өзегін пломбылаумен аяқтайды.
Диатермокоагулятор
• ДАРСОНВАЛИЗАЦИЯ-кеңінен қолданылатын физикалық әдістердің біріне жатады. Негізгі әсер тигізуші фактордың қызметінің күші аз /0, 015 -0, 02 м. А/ импульсты жоғары жиіліктегі /15 к. Гц/ ауыспалы ток атқарады. /Кернеуі жоғары =20 к. В – ка барады. /Дарсонваль тоғымен емдеуді арнайы аппаратты / радиотолқынды орташа диапазонға жататын / қолданумен жүзеге асырады. Қазіргі кезде «Искра – І» аппараты қолданылады. Бұл аппараттың негізі 110 к. Гц – дейін жоғар жиіліктегі ток өндіретін электродты – шамды генератор болып табылады. Электродтары ретінде әртүрлі диаметр мен пішінді тұтасқан шыны вакуумды түтікшелер алынған. Электрод теріге немесе кілегей қабыққа салғанда, өзіндік конденсаторға айналады. Дарсонваль тоғының көмегімен қан айналымы реттеліп, тіндердің қорегі жақсарады. Тіндік алмасу қуаттанады, иммунитет жоғарылайды. Терапиялық тиімділігі: ауру сезімді бәсеңдету, қолайсыз жағдайлардың ықпалын жою, жазулу процесін жеделдету әсерімен түсіндіріледі. Пульпит пен периодонтитті емдеу кезінде дарсонвализацияны түбір өзегін пломбалағаннан кейін пайда болатын асқыну
Пульпит пен периодонтитті емдеу кезінде дарсонвализацияны түбір өзегін пломбалағаннан кейін пайда болатын асқыну кезеңінде тағайындайды. Бұл кезде электродты зақымданған жақтағы бет терісіне орнықтырады да, оны ауру сезім тарататын жолдар бойымен жылжытады. 10 минут төңірегінде күнделікті тағайындалады.
Қорытынды: • Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін және профилактикалық , емдік қасиеті бар • Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Сондықтан да ол стоматологияда кеңінен қолданылады периодонтит ауруы кезінде де қолданады.
Қолданылған әдебиеттер: • Бер Р. , Бауманн М. Ким С. Атлас по стоматологии. – М. , 2006. Леманн К. , Хельвиг Э. – Основы терапевтической и ортопедической стоматологии. - М. , 2009. Рациональная фармакотерапия в стоматологии: Руководство для практикующих врачей/ Под общ. Ред. Г. М. Барера, Е. В. Зорян. - М. : Литтерра, 2006. Царинский М. М. Терапевтическая стоматология. - Ростовна-Дону, 2008 • GOOGLE интернет қоры
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!!!
Аханова С М 501.pptx