А.Агзамова К 2009 топ.ppt
- Количество слайдов: 32
КАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ СӨЖ Жүрек шекарасы және оның қақпақшаларының проекциялары. Тақырыбы: Дайындаған: Агзамова К. Н 2 -009 топ Тексерген: Шапатова Г. Б Қарағанды 2014 ж
ЖОСПАР: ØКіріспе ØНегізгі бөлім 1. Жүрек сипаттамасы және оның шекарасы; 2. Жүрек камералары: жүрекшелер мен қарыншалар; 3. Екі, үш жармалы қақпақшалар және олардың қызметі 4. Жүрек қақпақшаларының ақаулары; 5. Жүрекқап; ØҚорытынды ØПайдаланылған әдебиеттер
ЖҮРЕК Жүрек(cor) – қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250 -350 г, көкірекарарылыңында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырға аралыққа жетеді, жүрек негізі basis cordis жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасқан.
ЖҮРЕКТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ШЕКАРАСЫ Жүрек шекаралары кеуде қабырғасына проекциялануы: жүрек ұшының соғуы linea mammillaris sinistra-дан 1 см ішке карай, V сол жақ қабырғааралыкта сезіліп түрады. Қарыншалардан шығар тесіктер (қолқа мен өкпе сабауы) III сол жақ қабырға шеміршегі деңгейінде жатады; өкпе сабауы (ostium trиnci pulmonalis) осы шеміршектің төс жағындағы ұшында, қолқа (ostium aortae) төстің артқы жағында сәл оңға қарай орналасады Жүректің абсолютті шекарасы ол жүректің өкпемен жабылмаған бөлігін айтады.
ЖҮРЕКТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ШЕКАРАСЫ Жүректің жоғарғы шекарасы оң және сол жақ 3 қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегімен көлденең бағытта жүргізілген сызыққа тең (ол жүрекшелердің жоғарғы жиегіне сәйкес келеді). Жүректің төменгі шекарасы оң жақ 5 қабырға шеміршегінің төменгі жиегінен қиғаш солға, төменге жүрек түртпесіне бағытталады (ол оң жақ қарыншаға сәйкес келеді).
КЕУДЕ ТОРЫНДА ЖҮРЕК ОРНАЛАСУЫ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. a. subclavia sinister; a. carotis communis sinister; arcus aorta; truncus pulmonaris; ventriculus sinister; apex cordis; ventriculus dexter; atrium dexter; pericardium; v. cava superior; truncus brachiocephalicus; 12. a. subckavia
ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Жүрек бетінде екі бойлық жүлге : алдыңғы қарыншааралық (sulcus interventricularis anterior) және артқы қарыншааралық (sulcus interventricularis posterior) жүлгелер бар.
ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Бұл жүлгелерде жүректі 4 бөлімге бөлетін қалқалар: бойлық жүрекшеаралық және қарыншааралық төмпешіктер екі бөлікке: оң және сол жақ жүрек, ал жүрекшеқарыншалы қалқалар бұларды жүрекше (atrium) және төмеңгі камераға жүрек қарыншасына(ventriculus)бөледі.
ЖҰЛЫННЫҢ ӨТКІЗГІШ ЖОЛДАРЫ Адам жүрегі 4 камерадан тұрады: 2 қарынша және 2 жүрекше. Қақпақша – бұл жүрек камерасындағы қысымды реттеп отыратын және қанның қозғалысын керек бағытта ұстап тұратын ерекше заслонкалар.
ЖҮРЕК КАМЕРАЛАРЫ Оң жақ жүрекше Сол жақ карынша Оң жақ қарынша Колка қақпагы
ОҢ ЖАҚ ЖҮРЕКШЕ Оң жақ жүрекше (atrium dexter) жүрек негізінен, қолқа мен өкпелік сабаудың оң және артынан қоршап жатады, оған жоғарғы және төмеңгі веналар келіп құяды. Артқы кеңейген қабырғалары – қуысты вена қойнауы (sinus venarum cavarum) болып табылады. Ол жоғарғы және төмеңгі веналар – ірі веналық тамырлар құятын орын. Төмеңгі бөлігі оң жақ қарыншамен оң жүрекше – қарынша тесігі (ostrum atrioventriculare dextrum) арқылы байланысады. Ал жүрекше-қарынша тесігі алдыңғы, артқы және медиальды жармақтары бар, 3 жармақты немесе жүрекше – қарынша қақпағымен (valva atrioventricularis dextra) жабылады.
Оң жак жүрекше, atrium dextrum, және оң жақ карынша, ventriculus dexter (ашылған); он жағынан қарағандағы көрінісі. 1 - pars ascendens aortae; 2 - septum interatriale; 3 - auricula dextra; 4 - cuspis anterior valvae atrioventricularis dextrae; 5 - septum interventriculare; 6 - перделік емізікше бүлшықеттер; 7 - cuspis septalis valvae atrioventricularis dextrae; 8 - valvula sinus coronarii; 9 - valvula venae cavae inferioris; 10 - v. cava inferior; 11 - fossa ovalis; 12 - limbus fossae ovalis; 13 - v. cava superior.
СОЛ ЖАҚ ЖҮРЕКШЕ Сол жақ жүрекше atrium sinistrum - артқы жағынан төмен кететін қолқа мен өңешке жанасып жатады. Әрбір жағынан оған екі-екіден өкпе сабауының сол жағын орай, алға қарай томпайып шығып түрады. Жүрекшеде m. pectinati бар. Төменгі алғы бөлімде сопақ пішінді сол жақ жүрекше-қарынша тесігі - ostium atrioventriculare sinistrum — сол жақ қарынша қуысына әкеледі.
ОҢ ЖАҚ ҚАРЫНША Оң қарынша (ventriculus dexter) пирамида пішіндес, оның төмеңге қараған ұшы болады, жүректің алдыңғы бетінде сол қарыншаның алды мен артында орналасады. Қарынша қабырғасы екі тесікке: артында – оң жүрекше-қарыншалық, ал алдында өкпе сабауы тесігі (ostrum trunci pulmonaris). Қарыншаның шығыңқы құйғыштәрізді бөлігі осы жерде артериалды конус деп аталады. Алдыңғы, оң және сол жиегінде жартыайлы жапқыштан тұратын өкпе жапқышы (valva trunci pulmonaris) орналасады. Оң жақ қарыншаның қабырғасы тесік, ал қалқан жерінде ішкі бетінде қалқалар (trabeculae carneae)мен конустәрізді емізікті бұлшықет (mm. papillares) көрінеді.
СОЛ ЖАҚ ҚАРЫНША • Сол қарынша (ventriculus sinister) негізі жоғарыға қараған, пішіні конустәрізді. Ол оң жақ қарыншамен қарыншааралық қалқа (septum interventriculare) арқылы бөлінеді. Оның үлкен бөлігі бұлшықетті (pars muscularis), кіші бөлігі жaрғақты (pars membranacea). Алдыңғы жоғарғы бөлігінде қолқа тесігі (ostrium aortae), ал алды және оң жағында жүрекше-қарынша тесіктері орналасқан. Оң, сол және артқы жартыай қақпақтардан (valvulae semilunaris) тұратын қолқа қалпақшасы (valva aortae) сол жақ қарынша кеудесінде орналасады. Әр қалқаның әр қақпағы мен қабырғасы арасында қолқа қойнауы (sinus aortae) орналасқан. Олар жүрекше-қарынша қақпақтарының кіреберісіне бекінген.
• Жүректе 4 қақпақша бар: • Митральды қақпақша сол жүрекше мен сол қарынша аралығында орналасады. Бұл қақпақша екі жармадан тұрады: алдыңғы және артқы. Митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының пролапсы жиірек кездеседі. Әрбір жармаға хорда деп аталатын жұқа жіпшелер бекінеді. Бұлар өз кезегінде үлкен емес бұлшықеттерге (емізікше, папиллярлы бұлшықеттер) бекиді.
ҮШ ЖАРМАҚТЫ ҚАҚПАҚША Төс сүйектің артында қиғаш 4 сол жақ және 5 оң жақ қабырғалар шеміршектерінің төске бекітілген жерінде кескінделеді;
ЕКІ ЖАРМАҚТЫ ҚАҚПАҚША • . Төстің сол жақ жиегінде 4 қабырға шеміршегі бекітілген жерде кескінделеді.
• Трикуспидальды (үшжармалы) қақпақша 3 жармадан тұрады және оң жүрекше мен оң қарынша аралағында орналасқан. • Аортальды қақпақша сол қарынша мен аортаның аралығында және қанның керісінше қарыншаға қайта оралуына мүмкіндік бермейді. • Өкпелік артерияның қақпақшасы өкпе артериясы мен оң қарынша аралығында орналасады және қанның оң қарынша қайта оралуына мүмкіндік бермейді.
ҚОЛҚА ҚАҚПАҚШАСЫ Төс сүйек артында оң жақта 3 қабырға деңгейінде орналасқан
• Сол қарыншада 2 тесік бар: біреуі сол жүрекше (мұнда митральды қақпақша орналасқан), екіншісі аортамен байланысады (аортальды қақпақша орналасқан). Қан жүректе келесі бағытта қозғалады: жүрекшеден ашық митральды қақпақша арқылы қарыншаға және одан кейін қарыншадан ашық аортальды қақпақша арқылы аортаға өтеді. Жиырылу кезінде қан сол қарынша қан қайтадан жүрекшеге өтпес үшін, әрі қарай аортаға кету үшін митральды қақпақша берік етіліп жабылады. Қарыншаның босаңсуы кезінде аортальды қақпақша жабылып, қан қайтадан жүрекке өте алмайды.
• Осындай принциппен үшжармалы қақпақшы және өкпе артериясы жұмыс істейді. Сонымен, жүрек қақпақшаларының қалыпты жұмыс істеуінің арқасында қанның жүрек бөліктерінде қозғалысы және бүкіл организмдегі қанайналым жүзеге асып отырады
ӨКПЕ БАҒАНАСЫНЫҢ ҚАҚПАҚШАСЫ Сол жақ 3 қабырға шеміршегінің бекітілген жеріне кескінделеді.
ЖҮРЕК ҚАҚПАҚШАЛАРЫНЫҢ АҚАУЛАРЫ • Пролапс – бұл қақпақшалардың жабылуы кезінде жармалардың ісінуі болып табылады. Бұл кезде жармалар тығыз жабылмай қалады да , осының нәтижесінде аз мөлшердегі қанның қайтадан қарыншадан жүрекшеге өтуі немесе ірі тамырлардан қарыншаға өтуі болады.
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАЛАРЫ 3 қабаттан тұрады: 1. ішкі – эндокард (endocardium), 2. ортаңғы – миокард(miocardium), 3. сыртқы – эпикард(epicardium).
Эндокард • Эндокард жүректің барлық бөлігін алып жатады: жүрекке қатысты бұлшыкетті қабықпен тығыз бітісіп, жүрек денесі жағынан эндотелиймен жабылған. Эндокард қалыңдығы әр түрлі: өкпелік сабау мен қолқа саңылауларында, қарынша аралық төмпешіктерде сол жақ жүрек камерасында қалыңдау болады. Эндокард жүрекше-қарынша, өкпе сабауы мен қолқа қақпақтарын құрайды.
МИОКАРД • Миокард – функциональды жағынан жүректің ең күшті бөлігі болып табылады. Жүрекше қабырғасының бұлшықетті қабаты жіңішке, екі жүрекшеге ортақ, әрқайсысын бөліп тұратын терең беткей қабаттан тұрады. Беткі бұлшықет көлденең орналасқан, ал тереңгісі – бірыңғай салалы талшықтардан тұрады.
ЭПИКАРД • Эпикард сырт жағынан миокардты жауып тұрады және бос бетінде мезотелиймен астарланған кәдімгі сіңірленген қабық. Өз кезегінде көптеген серпімді талшықтармен бірыңғай салалы қақпақтары бар дәнекер тін қабатынан бірыңғай серпімді талшықтар қоспасы бар беткіжағына жақын орналасқан тағы да бір дәнекер қабатынан және ішкі эндотелий қабатынан тұрады.
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАЛАРЫ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. aorta; Truncus pulmonalis; Auricula sinistra; Сол қарыншадағы беткей бұлшықетті қабат; Оң қарыншадағы бұлшыұетті қабат; Atrium dextrum; Auricular dexra; V. cava superior.
ЖҮРЕКҚАП • Жүрекқап (перикард) - pericardium - түйық сірлі қап. Онда екі қабатты ажыратады: сыртқы фиброзды - pericardium fibrosim және ішкі сірлі - pericardium serosum - қабаттар. Сыртқы фиброзды қабат ірі тамырлы сабаулардың адвентициясына өтеді, ал алдыңғы жағынан қысқа дәнекер тінді тартпалар ligamenta sternopericardiaca - арқылы төстің ішкі бетіне бекиді. Ішкі сірлі қабат өз кезегінде 2 табақшаға бөлінеді: висцералды және париеталды, ол регіcardium fibrosum-ның ішкі бетімен бітісіп, өсіп және оны ішінен астарлайды. Висцералды және париеталды табақшалар арасында саңылау тәрізді жүрекқап куысы - cavitas pericardialis - жатады, онда аздаган сірлі сүйықтык liquor pericardii - болады. Ірі тамырлардың сабауларында, жүрекке жақын жерде, висцералды және париеталды табақша-лар тікелей бір-біріне өтеді.
ҚОРЫТЫНДЫ • Қорыта келе, жүрек құрылысы жағынан да кызметі жағынан да күрделі ағза. Ол қанды барлық ағзада айналып жүруін қамтамасыз ететін өзіндік насосты болып табылады. Бұл жүрек камераларындағы қысымды бірқалыпты ұстап тұру нәтижесінде жүзеге асады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР • Адам анатомиясы: 2 томдық кітап. /Под ред. Алшынбай Рақышев • Ә. Б. Әубәкіров, Ү. Ж. Жұмабаев, Ф. М. Сүлейменова, Қ. Е. Сисабекова «Атлас адам анатомиясы» • http: //www. medchitalka. ru/patologicheskaya_a natomiya/bolezni_detskogo_vozrasta/18157 • клиникалық анатомия Идрисов Ә. А Алмабаев Ы. А алматы 2009 • Учебно-методическое пособие по топографической анатомии и оперативной хирургии В. И Сергиенко


