капсулы.ppt
- Количество слайдов: 25
КАПСУЛАЛАР 1. Әр түрлі мөлшердегі дәрілік заттарды салуға арналған желатинді негізден дайындалған арнайы орындар 2. Дайын мөлшерленген дәрілік түрлер – ұнтақ тәріздес, ұсақталған, паста тәрізді және сұйық дәрілік заттармен толтырылған желатинді капсулалар мен микрокапсулалар. Капсулалар – басты компоненті желатин болып табылатын, қабықшаға салынған мөлшерленген дәрілік түр. Биофармацевтикалық сипаттама: üДәрілік заттың жоғарғы дәлдігі üЖоғары биожетімділік ( таблеткаларға қарағанда 4 – 5 минут кейін ); üДәрілік затты әр түрлі агрегаттық күйде беру мүмкіндігі üЖоғары өнімділік üҚолдануға көрсетулерiн кеңейту üДәрілік заттардың жоғары тұрақтылығы сыртқы факторлардан қорғалған üӘдемі сыртқы түрі, жұту ыңғайлығы üБелгілі бір фармакокинетикалық көрсеткіштері тапсырмасының мүмкіндігі
ЖЕЛАТИНДІ КАПСУЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ 1833 ж- Франсуа Мотенің (студент-фармацевт) бірінші патенті «Фармацевтикалық мақсаттарда желатинді касулаларды дайындау» -. Желатин балқытпасынаппен толтырылған былғары қапшықты енгізіп, кепкеннен кейін және желатинді қабықша қатайғаннан кейін сынапты алып тастаған, алынған капсуланы шешіп, пипетка көмегімен май немесе майлы ерітіндімен толтырған, саңылауды ауа кірмейтіндей желатин тамшысымен жапқан. Сосын сынап бар қапшықты металл бүркеншіксіз шегемен ауыстырады. 1846 г Жюль Леуби – патенті «Дәрілік қаптауларды дайындау әдісі» . Екі бөлікті капсулаларды алу үшін желатин ерітіндісіне дискке бекітілген металл бүркеншіксіз шегелерді түсірген, екі бөлік те біріне бейімделіп, жібек құрт түріндегі цилиндрлік қорапты түзген. Капсулаларды сусымалы материалдармен толтыруға болады. Әдіс қатты екі жаққа ашылмалы желатинді капсулалардың өндірісінде қолданылады.
АЛЫНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ: Қатты капсулалар немесе қос қақпалы (capsulae dure or operculate), Жұмсақ капсулалар - (capsulae molles) немесе тұтас, Екі цилиндрлік бөліктен тұрады: жартылай сфералық негіздегі корпустар және сондай түрдегі, бірақ одан кішірек қақпағы бар. Қақпақтың ішкі диаметрі корпустың сыртқы диаметріне тең. Екі бөлік қосылғанда қалыпты өлшемдегі контейнерді құрайды. алынуының технологиясына байланысты: тігісті тігіссіз Толтырғыш дайындау процессінде әлі жұмсақ, майысқақ қабықшаға салынады, осыдан кейін капсулалар ары қарай қалыптаудың технологиялық үрдісімен жалғасады, нәтижесінде қабықшаның бастапқы иілгіштігі бөлігімен немесе толығымен жоғалады. қатты жұмсақ тубатиндер перлы капсулалар Консистенция үш негізгі компоненттердің арақатынасына байланысты: желатин, глицерин және су.
Енгізу орнына байланысты: Энтеральді (per os) дәрілік қалыптың босатылу орына байланысты асқазанда ыдырайтындар (гастросолюбильді) ішекте еритін (қышқылрезистентті немесе ентеросолюбильді). Жергілікті қолданысқа байланысты ректальді, вагинальді, сублингвальді, шайналатын құлақтың көздің т. б Капсулаға салу мөлшерінің консистенциясына байланысты: сұйық (сәйкесінше жұмсақ капсулаларда) – майлар, майлы ерітінділер, сусыз ерітінділер және аққыш суспензиялар; қатты сусымалы (сәйкесінше қатты капсулаларда) – ұнтақ тәрізді дәрілік заттар, олардың қоспалары, гранулалар, микрокапсулалар; паста тәрізді қатты да, жұмсақ та капсулаларда бола алады. Сыйымдылығына байланысты: қатты үшін Standart - 8 қалыпты типтік өлшемдер№ 5 (ең кішілері) - № 000 (ең көптері) + қосымша 9 шы типтік өлшем № 0 el созылған түрдегі капсулалар үшін. орташа сыйымдылығы 0, 13 мл-1, 37 мл. жұмсақ үшін - өлшемі бойынша стандарттау жоқ. тігісті жұмсақтарының сыйымдылығы 7, 5 мл-ге дейін.
ҚАТТЫ ЖЕЛАТИНДІ КАПСУЛАЛАР ҚЖК «шұңқырлары» бар Coni-Snap – капсулаларды жабық күйде толғанға дейін сақтауға арналған екі кертік, шұңқыр түріндегі дөңгелек немесе сопақша қалыптағы 4 кертік. «+» алдын ала блокадалау: капсулалардың ашылу мүмкіндігін қысқартады, автоматтарда толтыру кезінде сұрыпталған капсулалардың санын азайтады. Coni-Snap SUPRO – барлық корпусын жауып тұратын қақпағы бар екі бөлікті капсула - екі бөлікті бірінен ажырату үшін ұстайтын жері болмағаннан кейін, бүлдіріп алмай ашу мүмкін емес. «+» Капсулалардың өздігінен ашылуын болдырмайды Snap-Fit - «құлпы» бар- екі шоғырлас астауша (біреуі корпусында, біреуі қақпағында), - қосылғанда корпус пен қақпақтың өзара одақтасуын қамтамасыз етеді келесі операцияларда капсулалардың ашылуын іске асырмайды.
Жұмсақ желатинді капсулалар ЖЖК Тігіссіз капсулалары – қатаң түрде сфералық қалыпта, Тігісті капсулалары : сфералық (round), ұзынша (oblong), Сопақша (oval), Ректалді суппозиторий түрінде (suppositories) тубатин түрінде (tubes).
КАПСУЛАЛАРДЫ АЛУ ҮШІН ЕНГІЗІЛЕТІН ЗАТТАР пленкотүзуші ЖМҚ 50 -ден жоғары белгілі бір механикалық беріктігі бар, иілгіш қабықшалар береді : желатин, казеин, майлар, парафин, целлюлозаның жай және күрделі эфирлері, полиэтилен, нейлон және т. б.
лайлағыштар – желатинді негізде тұрақты аз дисперсті суспензия түзу қабілетінің арқасында мөлдір емес капсулалар алуға мүмкіндік беретін заттар. (титанның қос тотығы, алюминий гидроксиді, кальций карбонаты); су сіңіргіш агенттер - капсула қабықшасынан гигроскопиялық заттармен ылғалды тартып алу мүмкіндігін болдыртпайтын, капсулаларды толтыруда қолданыла алатын заттар. Осы мақсатта полипептидтерді, олигосахаридтерді, крахмал және оның туындыларын қолдану ұсынылады. дезинтегранттар — ұзақ уақыт сақтағанда капсулалардың ыдырау көрсеткішінің сақталуына (желатин ескіреді) және құрамындағының дәрілік қалыптан тез босатылуына мүмкіндік беретін ингредиенттер. сырғанайтындар— капсулалардың жабысу мүмкіндіктерін болдырмайтын агенттер. Д-маннит, Дсорбит, ксилит.
Берілген қасиеттері бар капсулалар Ішекте еритін капсулалар (ішекте дәрілік заттың босатылуымен) Дайын және толтырылған капсулаларға пленкалы қабаттары - шеллак, целлюлозаның жай және күрделі эфирлері, полиметакрилаттар, стирол мен малеин қышқылының сополимерлері, табиғи балауыздар, натрий альгинаты т. б– кеңінен қолданылады. Ішекте еритін капсулалардың қасиеттерін толтырғыштың өзіне беруі— ішекте еритін пленкалы қабаттар тікелей гранулалар мен микрокапсулаларға жағылады- кеңінен қолданылады; ретард капсулалары (ұзартылған босатылуымен). Капсула қабықшаларын алу үшін негіз құрамына қатырғыштарды енгізу. (альдегидтер, натрий альгинаты) - Әдіс кең қолданыс таппады; Дайын және толтырылған капсулалардың қабықшаларын капсулалардың ыдырауын баяулату үшін және асқазанның бұзылуын болдырмау үшін қатырғыштармен (формальдегид) өңдеу. (қолданылмайды); Дәрілік қалыптан дәрілік заттың тез босатылуына кедергі жасайтын заттардың әдісін енгізу, - акрилді полимерлер, целлюлозы туындылары (микрокристаллды целлюлоза, ОПМЦ, МЦ т. б).
КАПСУЛАЛАРДЫ АЛУ ӘДІСТЕРІ Батыру әдісі ( «малу» ), Капсулалардың қалыпын көрсететін арнайы «малынатын» бүркеншіксіз шегесі бар жақтаулардың көмегімен орындалады. Бүркеншіксіз шегелерді желатинді негіздің балқытпасына енгізу және шығару. §Желатинді негіздің қатуы және жұқа қабықшаның түзілуі. § қабықшаның алынуы: Қатты Қалыпқа келтіру (кесінді) Белгілі бір тәртіппен кептіру(қалыпты бекіту) Толтыру Дәнекерлеу немесе герметизация Жұмсақ: Толтыру (шприцті әдіс) дәнекерлеу (тамшылатып немесе дәнекерлегішпен) Дәнекерлеудің сапасын бақылау Кептіргіш (конвективті t = +23+26 Ста 20 сағат). Өңдеу (8 -10% ылғалдылыққа дейінгі кептіргіш) ҚЖК-ды толтыруға арналған құрылғы: ØБос капсулаларды мөлшерлеуін ұяларына орналастыру(қақпағымен жоғары); ØКапсулаларды ашу (корпусы мен қақпағының ажырауы); ØКапсулалардың корпусын ішіндегісімен толтыру; ØКапсулаларды жабу (корпус пен қақпақтың тығыз байланысуы); ØТолтырылған капсулаларды қабылдағышқа итеріп шығару.
ҚЖК-ды толтыру құрылғылары: q Қолдың немесе жартылай автоматты құрылғылар - дәріханалар, лабораториялар, шағын өндірістер үшін (өнімділігі - 6 мың кап. /сағ). Тығыздап толтыру әдісі, капсулаларды толтыру үшін салмағы көлеміне пропорцианалды болу керек. ; q. Автоматтандырылған – өнеркәсіптік өндіріс үшін; толтыру әдісі – мөлшерлеуіші бар поршенді, толтырушы құрылғылар – периодты немесе үздіксіз ауысатын. Толтыру үшін масса типіне байланысты әдісті таңдау: Ø микрокапсулалар - екі жақты жапқышты, поршенді, мөлшерлеуіш цилиндрлерді, мөлшерлеуіш түтіктерді қолданатын бір-бірден толтырылатын тығыздап толтыру. ØТаблеткалар немесе драже – жапқышты қолданумен. ØСұйықтықтар немесе пасталар – арнайы насостарды қолданумен. ҚЖК-ң герметизациясы: 1. Жойылуды болдырмау. 2. Оттектің енуін болдырмау 3. Сауда маркасын қорғау. 4. Жұту кезінде ашылып кетуін болдырмау Герметизация әдістері: Сулы-спиртті ерітіндіні келтіру. Желатинді тігісті келтіру Микроспрей
Қалыптау әдісі – роторлы-қалыптамалық (өнеркәсіптік ЖЖК) Желатинді таспаның алынуы (0, 9 мм қабаттағы қалыптамалар), Толтыру және жапқыш (таспа бір-біріне айналып тұратын екі валға тартылады. ◦ . Вакууммен арнайы саңылаулар арқылы желатин капсуланың жартылай өрісін түзіп тартылады. ) сыққыш атындағы қалыптамалардан капсулаларды қалыптау «+» нақтылық (± 3%) өнімділік 76 т. к/сағ дейін), 1 - реактор термостат, 4 - құбырлар, 5 - бункерлер, 6 - қыздырушы элементтер 7 -қақпақтар (жапқыштар), 8, 9 - салқындатылған роликтер 11 - орналастырушы сегмент, 13 - қалыптамалар 14, 15 - қалыптамалардың дөңес жерлері 1 - қалыптамалары барабандар 2 - желатинді таспа 3 - сына тәрізді құрылғы 4 - поршенді мөлшерлеуіш 5 - дайын капсула
Тамшылы – сфералық түрдегі тігіссіз ЖЖК алуға арналған. Қағидат: капсуланы екі фазалы концентрленген ағынның нәтижесінде толтыратын қабықша балқытпасы мен сұйық толтырғышты қысымның әсерімен бір мезгілде концентрленген түтікті бүріккіден сығып алу; мөрлеу желатиннің нағыз сыртқы тартылу есебінен жүреді. «+» жоғарыөнімді (60 т. к/сағ дейін) Нақты (± 3%), «-» тек оңай ағатын сұйық сусыз толтырғыштарды 0, 3 мл-ге дейін капсулаға салуға болады. 1 - жихлерлі түйін 2 - мөлшерлеуіш құрылғы 3 - пульсатор 4 - салқындатқыш 5 - ерітілген желатинді негіз 6 - дәрілік зат
КАПСУЛА ТОЛТЫРҒЫШ МАШИНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ Машина кезеңді түрде жұмыс істейді. 1. Капсулаларды беру және оларды ашу 2. и 3. капсулаларды толтыру. 4 – ашылмаған капсулалардың ақауын іріктеу 5 – толтырылған капсулалардың түйісуі, 6 – дайын өнімдердің шығарылуы, 7 – жаңа кезең үшін сегменттерді ұнтақтардан тазарту Техникалық сипаттамалары: Модель DGM-600 -1200 Толтыру өнімі ұнтақ Капсулалардың өлшемі 0 -4 Өнімділігі (капсула/сағ) 36000 72000 Машина капсула бағдаршы (а) және капсула толтырғыш (б) құрылғылардан тұрады және капсулалардың белгілі бір өлшеміне есептелген.
КАПСУЛАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ ҮРДІСІ
ЖЖК ӨНДІРІСІНІҢ КЕШЕНДІ ЖОЛЫ Машина ыңғайлы операциялық құрылымға және жоғары өнімділік пен төзімділікке ие. Машина санитарлық және қауіпсіздік нормаларындағы жоғары өнімділігіне кепіл болу үшін, G. M. P талаптарына сай жасалған.
МИКРОКАПСУЛАЛАР Микрокапсулалар - полимерлі немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықшадан тұратын, қатты немесе сұйық белсенді әсер етуші заттарды құрайтын, өлшемі 1 -ден 2000 мкм-ге дейінгі шар тәріздес капсулалар. Микрокапсулалау – қатты, сұйық немесе газ тәріздес дәрілік заттардың микроскопиялық бөлшектерін қабықшаға салу үрдісі. Микрокапсулаға салынған бөлшектердің өлшемі кең шамада өзгеріп отыруы мүмкін: 1 -ден 6500 мкм дейін, яғни майда гранулалар мен капсулалардың өлшеміне дейін. Медицинада кең қолданысқа өлшемі 100 -ден 500 мкм-ға дейінгі микрокапсулалар ие. Микрокапсулалауды белгілеу: Сыртқы ортаның әсерінен тұрақсыз дәрілік заттарды қорғау (дәрумендер, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар, т. б. ); Ащы және жүрек айнытатын дәрілердің дәмін бүркеу; Ішек-қарынның керекті жерінен дәрілік затты босату (ішекте еритін микрокапсулалар); Әсерін ұзарту (бір капсулаға салынған, өлшемімен, қалыңдығымен, қабықша табиғатымен ерекшеленетін микрокапсулалардың қоспасы, ағзада дәрілік заттың белгілі бір деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз етеді); Бір ыдыста бір-бірімен таза күйінде үйлеспейтін дәрілік заттардың қиысуы; Сұйықтықтар мен газдардың сұйық немесе газ тәріздес дәрілік заттармен толтырылған қатты қабықшалы микрокапсулалардан тұратын сусымалы негізге «айналуы» ;
Физикалық әдістері – дәрілік заттың қатты немесе сұйық бөлшектеріне қабықшаның механикалық түсірілуі. қатты дәрілік заттар үшін Домалақтау әдісі. Дәрілік затты кристаллды түрінде бүріккіден пленк түзушінің ерітіндісімен себу арқылы домалақтайды. Пленка қазанға берілетін қыздырғыш ауа әсерінен кебеді. Тозаңдандыру әдісі. Дәрілік затты жұқаландырып пленка түзгішпен суспендирлейді, және бүріккі арқылы тозаңдандырады – алынатын микрокапсулалар 30 – 50 мкм. Жалған сұйылту қабатында «шаңдату» әдісі. СГ-30 типті аппараттарда ядроларды ауа ағынығда сұйылтады және бүріккі көмегімен оларға пленка түзушінің ерітіндісімен «шаңдатады» . Сұйық қабықшалардың қатаюы еріткіштің булануы нәтижесінде жүреді. сұйық дәрілік заттар үшін Араласпайтын сұйықтықтардағы диспергирлеу әдісі. (100 -150 мкм). Дәрілік заттың майлы ерітіндісінің желатинмен тұрақтандырылған қыздырылған эмульсиясын араластырғыш көмегімен салқындатылған сұйық парафинде диспергирлейді. Суыту барысында өте ұсақ тамшылар тез қататын желатинді қабықшамен жабылады. Қатқан түйіршіктерді сұйық парафиннен бөледі, органикалық еріткішпен шайып, кептіреді. Центрифугалау әдісі. Дәрілік заттардың бөлшектері ортадан тепкіш күш әсерімен пленкатүзуші ерітіндінің пленкасы арқылы өтіп, микркапсула түзе онымен жабылады.
Физико-химиялық әдістері – фазалардың бөлінуіне негізделген, кез-келген агрегаттық күйдегі затты қабышға салуға және пленкалардың өлшемі мен қасиеттерінен әр түрлі микрокапсулаларды алуға мүмкіндік береді. Коацервация – екі фазалы жүйенің түзілуі: еріткіштегі ЖМҚ ерітіндісі – ЖМҚ-ғы еріткіш ерітіндісі. Жай коацервация – полимер ерітіндісі мен ТМҚ әрекеттесуінен – еріген макромолекулалар ТМҚ-ң су алу әсерінен жабысады. Күрделі коацервация – екі ЖМҚ әрекеттесуінен, күрделі коацерваттардың түзілуі молекулалардың «+» и «-» зарядтарының өзара әрекеттесуімен жүреді.
Химиялық әдістері. Екі араласпайтын сұйықтықтар (су –май) шекарасындағы полимеризация мен поликонденсация реакцияларына негізделген. 1. 2. 3. 4. 5. 6. Дәрілік затты майда ерітеді Мономерді (мысалы, метилметакрилат) және полимеризация реакциясына сәйкес катализаторды (мысалы, бензоил асқын тотығы) ерітеді. Ерітіндіні 15 – 20 мин t=55ºC-та қыздырады. Эмульгатордың сулы ерітіндісіне қосады. Май-су түріндегі эмульсия түзіледі. 4 сағат көлемінде полимеризациялайды. Алынған майда ерімейтін полиметилметакрилат, тамшылардың айналасында қабықша түзеді. Микрокапсулаларды отделяют фильтрованием или центрифугалау немесе сүзу арқылы бөледі, шайып, кептіреді.
Микрокапсулалардың қолданылуы Қазіргі кезде микрокапсулалар түрінде көптеген дәрілік заттарды шығарады: дәрумендер, антибиотиктер, қабынуға қарсы, несеп айдағыш, жүректамырлы, астмаға қарсы, жөтелге қарсы, ұйықтататын, түберкүлезге қарсы және т. б. Бұдан басқа, микрокапсулалар спансулалар, таблеткалар, суспензиялар түрінде қолданылуы мүмкін. Қазіргі уақытта микрокапсулаларды инъекцияларда, көз тамшыларында, имплантациялық таблеткаларда қолдануға мүмкіндігі қарастырылуда. Үлкен қызығушылықты микрокапсулаланған дәрілік заттары жұқа қабатпен жағылған пластыр таспалары танытады. Микрокапсулалау басқа жай дәрілік қалыптарда жүзеге асыруға келмейтін дәрілік заттарды қолдануда үлкен мүмкіндіктерді ашады. Капсулалау мүмкіндіктерінің иллюстрациясы микрокапсулаларда нитроглицринді қолдану болып табылады. Кәдімгі тіл асты таблеткаларындағы немесе тамшыларындағы (кішкене шақпақ қант) нитроглицерин аз уақыт қана әсерін береді. Микрокапсулаланған нитроглицерин ағзада ұзақ уақыт босатылу қабілеттілігіне ие. Әсіресе жай нитроглицериннің (тез соратын) микрокапсуланғанмен бірге үйлесімі тиімді.
Адамдар қалай дәріні жасап шығаратыны жайында көп нәрсе айтуға болады. Бірақ ең алдымен дәріні пайдалану барысында неге ол дәрі таблетка немесе капсула түрінде шыққан деп сұрақ қоюға болады? Капсула түріндегі дәрілік препарат Ішінде ерітінді. Сұйықтық (нурофен, капсулы), немесе майлы дәрілік түр (аевит, витамин Е, А капсулада). Майлы ерітінді ішке - қолдануға ыңғайлы, бірақ оны жұту ыңғайсыз сол себептен тегіс капсулаға салады. Капсула асқазанда өте тез еріп, суда еріген дәрілік препарат қан арнасына тез сіңіп өте лезде әсер ете бастайды. Концентрациясы жеткілікті бірақ мұндай дәмсіз препаратты ішу жағымсыз болғандықтан капсула түрінде шығарады.
Ішінде ұнтақ. Ұнтақ түріндегі дәрілік препаратты тілге төгіп артынан су ішіп жағымсыз дәмін кетіруге тырысқанша, капсуладағы ұнтақты жұту оңай және ыңғайлы. Дәрілік препараттан пайда болатын асқазан ішекте болатын сілтілік немесе қышқыл ортадан қорғау. Бұл дәрі адам ағзасына асқазаннан немесе ұлтабардан бастап сіңуіне байланысты блады. Өйткені ол ауыз қуысында сілтілік ортада ал асқазанда қышқылдық, ұлтабарда қайтадан сілтілік орта көрсетеді. Сол себепті осындай ортадан қорғау үшін капсулада болады. Егерде капсуланы ашып қолданатын болса, дәрі бұзылып ағзаға сіңетін керек жерге жетпей әсері аз болады Ішінде түрлі драже (мысалы, колдакт). Оларды неге капсулаға салады? Олар мини таблеткалар ғой деген сұрақ туындайды? Ал неге олар ұнтақ түрінде емес? Себебі бұл мини драже, барлығында әр түрлі құрамды болады соның әсерінен әсер етуші препарат түрлі жылдамдықпен босатылып шығып ұзақ және жақсы әсері етеді.
Капсулаларды сынау және сақтау 35 -40 °С-қа дейін қыздырылған 10 мл суы бар желатинді капсуланы 15 мин шамасында шайқау барысында, сұйықтық түссіз және бөгде иіс пен дәмсіз болуы керек. Қақпағы бар капсулалар иілгіш, сынғыш емес, түссіз болуы, ауа көпіршіктері, механикалық ластануы болмауы керек. Капсула құрамындағы негіздің мүмкін ауытқушылықтары: 0, 1 г массада, 0, 1 ± 5% массадан артығырақ Капсулы 15 мин-тан аспай ыдырауы керек (дәрілік заттарды босату). Егер капсулалар ішекте еритін болса, олар 2 сағат көлемінде жасанды асқазан сөлінде және 1 сағат көлемінде жасанды ішек сөлінде ыдырамаулары керек. Бос және толтырылған капсулаларды 15 -20 °С температурада құрғақ бөлмеде сақтаған жөн. Қабылдау алдында желатинді, гелодуратты және жабындылары бар капсулаларды бірнеше секундқа суық суға енгізеді, содан кейін бірнеше жұтым сумен жұтады. Капсулаларды қабылдау бірталай жеңіл және ыңғайлырақ, бұдан басқа олар беріктірек болып келеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


