6 Капитал концентрациясы.ppt
- Количество слайдов: 10
Капитал концентрациясы және нарықтық билік. 6 -тақырып.
ЖОСПАР: 1. Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы. 2. Нарықтық билік деңгейін бағалау. 3. Нарықтық биліктің көрсеткіштері. 4. Лернер индексі. 5. Херфиндаль-Хиршман индексі. 6. Тобин индексі. 7. Бейн индексі.
Нарық құрылымын 3 фактор анықтайды: 1. Саладағы фирмалар саны және олардың ауқымы (көлемі). 2. Фирмалардың өндіретін тауарларының түрлері (біртектес немесе ерекшеленген). 3. Басқа фирмалардың салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері. Осы факторларды ескере отырып нарық құрылымын негізгі 4 түрге бөліп көрсетуге болады: 1. еркін немесе жетілген (таза) бәсеке; 2. абсолютті (таза) монополия; 3. монополистік бәсеке; 4. олигополия.
Еркін немесе жетілген (таза) бәсеке §бұл бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалануына негізделеді. §өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады. §жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс — бәсекелік қабілетгін, ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады. §егер жетілген бәсеке жағдайында жеке фирма бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, ceбeбi әpбip фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді Монополистік бәсеке § көптеген фирмалар рынокта сараланған өнім сататын жағдай. § монополистік бәсекеде салаға еркін кіру және саладан еркін шығу көзделеді. § мұндай рынокта сатушылар көп болады, бірақ сараланған өнім өндірілетіндіктен сатушылардың әрқайсысы ауытқымалы сұранымға тап болып отырады, сондықтан сараланған бәсекелі саладағы фирмалар көпке дейін монополдан пайда алмайды; § фирма өзі өндірген тауардың сату бағасын бақылауға алатын және айтарлықтай баға бәсекесі жоқ рынок. § мұнда фирма өз қызметінің екі негізгі бағытын – баға мен өнім шығару көлемін бақылай алады. § сондықтан оған өнімді аз өндіріп, бағаны көбірек көтеру тиімді. § әйтсе де монополист толық үстемдік құра алмайды, өйткені жаңа енгізілімдер мен ауыстыруға болатын өнімдер бәсекесі, әлуетті бәсеке және шетелдік өндірушілер мен сатып алушылар бәсекесі әрқашан да тайталасқа түсіп отырады Абсолютті (таза) монополия § бip фирма өнім өндіру жөнінен салада жалғыз ғaнa, оны ауыстыра алатындай басқа фирмалар жоқ. § монополияның өнiмін ауыстыратын басқа игілік жоқ. § осы себептен мұндай фирмаға жарнамамен айналасуға қатты қажеттілік жоқ. §. таза монополист бағаға билік етеді, оны бақылауды жүзеге асырады, себебі ол барлық ұсынысты бақылайды. § таза монополист фирманың өніміне сұраныс көлемінің қисығы төмендеп бара жатса, ондай жағдайда монополист ұсынатын өнім көлемін қысқарту арқылы бағаға әсер ете алады. § таза монополистің тікелей бәсекелесі жоқ болғандықтан бәсеке де болмайды. Олигополия § нарықта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. § олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. § мұндай нарыққа басқа фирмалардың кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. § олигополия нарықтың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. § жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. § бағаны көтерудің де мәні жоқ – нарықтан айырылып қалуы мүмкін. § бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада, өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. § нарықтағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі.
Фирма нарық құрылымының қай түрінде іс-әрекет жасаса да, ол өзі үшін екі маңызды сұрақтың шешімін табуы керек: 1. Салада қалу керек пе, әлде жұмысты тоқтатқан жөн бе? 2. Егер салада қалса, онда тауарлар мен қызметтерді қандай көлемде шығару керек? TR < TC болғанда. Бірінші сұрақ шығынға ұшырап тұрғанда фирмалар үшін көкейкесті мәселе болады. Бұндай фирма үшін ең басты мақсат – шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізу (минималдау). Егер фирма жұмысын тоқтатса, онда оның шығындары тұрақты шығындарға (FC) тең болады. Сондықтан, егер (TR – TC) < FC болса, онда өндірісті жалғастырған жөн, себебі бұл жағдайда шығындарды ең аз жеткізуге болады. Ал, егер (TR – TC) > FC болса, онда өндірісті тоқтату тиімді. Жабылу (банкроттық) тәртібі былай айтылады: егер тауарларды сатудан түскен түсім (TR) өзгермелі шығындарды (VC) өтей алмаса, онда фирма өз жұмысын тоқтатуы керек (TR<TC). Егер осы екі көрстекішті Q-ға бөлсек, онда жабылу тәртібінің басқа интерпретациясын аламыз: TR / Q < VC / Q = P < AVC. Пайдасын мейлінше арттыратын (TR>TC) фирма үшін өзекті мәселе екінші сұрақ – қанша өндіру керек? Фирма өндірісті (Q) кеңейту үшін шекті шығынның (МС) өсуінен гөрі шекті түсім (MR) өсуінің тезірек болуын қамтамасыз етіп тұрғанға дейін өнім шығаруды көбейтеді. Ал MC = MR болғанда, фирма оңтайлы өнім көлемін шығаруға жетеді. Бұл – шектеулі шығарылым тәртібі.
ЛЕРНЕР ИНДЕКСІ. Монополиялық биліктің бір белгісіне бағаның шекті және орташа шығындардан жоғары болуы жатады. Бағаның шекті шығыннан қаншалықты жоғары екенін Лернер индексінің көмегімен, баға мен шекті шығынның айырмашылығын бағаға бөлу арқылы анықтайды: L=P-MC/P мұндағы L - монополиялық биліктің индексі, Р - баға, МС - шекті шығын. Лернер индексінің мәні 0 -ден 1 -ге дейін өзгеріп отырады. Р мен МС арасындағы айырмашылық өскен сайын монополиялық билік те күшейе түседі.
ХЕРФИНДАЛЬ-ХИРШМАН ИНДЕКСІ. Фирманың нарықта сатылатын өнімдердегі пайыздық үлесі өскен сайын оның монополиялық билігінің дәрежесі де өседі. Бұл бағаны шекті шығыннан жоғары белгілеуге мүмкіншілік береді. Херфиндаль-Хиршман индексінің (Ihh) көмегімен нарықтағы шоғырлану дәрежесін анықтаймыз: Ihh=S 1 + S 2 + S 3 + … + SN, мұндағы S 1 - нарыққа ең көп өнім шығаратын фирманың үлесі, S 2 -одан кейінгі фирманың үлесі. Егер салада 1 фирма болса онда S – 100 %, ал Н =10000 болады. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S – 1 %, Ihh =100 болады. Мысалы АҚШ-та сала ең жоғары монополияланған деп есептелінеді, егер Ihh=1800 жоғары болса. Бұл индекс монополияға қарсы саясатта қолданылады. Осы аталған белгілерге байланысты мемлекет монополиялық билікті әр түрлі механизмдердің көмегімен реттейді.
ТОБИН ИНДЕКСІ Тобин коэффициенті фирманың нарықтық құнын (нарықтық бағаны оның акциясымен өлшегенде) оның активтерінің қалпына келтірілген құнымен байланыстырады: q=P/C мұндағы: P – фирманың активтерінің нарықтық бағасы (негізінде акция курсына байланысты анықталады) С – фирманың активтерінің қалпына келтіру құны, шығындар топтамасына тең, фирма активтерін ағымды бағамен сатып алу үшін қажет Егер фирма активін нарықтық қормен бағалау олардың қалпына келтіру құнынан асатын болса (Тобин коэффициентінің мағынасы 1 артық), бұл алынатын күтілетін жағымды экономикалық пайдаға бағалануы мүмкіндігінің куәсі ретінде. Тобин индексін фирма жағдайындағы ақпарат ретінде қолдану тиімді қаржылық нарық гипотезасында негізделінеді. Бұл көрсеткішті қолданудың артықшылығына, табыстылық мөлшерін бағалау мәселесінен және салалар үшін шекті шығындардан құтылуға көмектеседі. Көптеген зерттеулер q коэффициенті орташа біршама тұрақты, ал оның жоғары мағнасымен әдетте фирмалар өндірістің бірегей факторымен немесе бірегей тауарлар шығарады, яғни бұл фирмалар үшін монополиялық рентаның болу сипаты анықтады. Шағын q белгілерімен фирмалар бәсекелесті және реттемелі салаларда әрекет етеді.
БЕЙН НИДЕКСІ Бейн коэффициенті жеке инвестициялық капиталдың бір долларына экономикалық табысты көрсетеді: В=(πA- πN)/K мұндағы: πA – бухгалтерлік табыс πN – қалыпты табыс Тауарлық нарықтағы бәсекелестік жағдайындағы және қаржылық нарық мөлшерінің экономикалық тиімділігі активтің әр түрлеріне бірдей (нөлдік) болуы тиіс. Егер табыстың мөлшері қандайда бір нарықта (қандайда бір активке) бәсекелес мөлшерден асып түссе, онда бұл инвестициялаудың түрі ерекше болады, және нарық еркін емес бәсекелі: инвестицияның қосымша табыстылығы ұзақ уақыттық мерзімде теңдесу себебі бар, ал бұл нақты нарықтық билікте бұндай фирманың болуы тұспалданады.
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
6 Капитал концентрациясы.ppt