
10__1256_SPE.ppt
- Количество слайдов: 81
канцероген Құрастырған профессор Нұрмұхамбетұлы Ә. Н.
Өспе (лат. - tumor, blastoma, грек. neoplasma, орыс. -опухоль) рганизмнің жүйкелік ретэндокриндік теулеріне бағынбай, өз беттерінше өсетін, орналасқан тін жасушаларынан кұрылымы мен қасиеттері бойынша алшақталып, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым қатты өсіп-өніп кетуі.
Өспе өсуінің атипиясы (грек. А -жоқ, болмау, typicos - түр, пішін) - деп өспе жасушаларының өсіп -өнуі мен дамып жетілуі, құрылымы мен қасиеттері, атқаратын міндеттемелері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып, ерекшеленіп тұруын айтады.
Өспе атипиясының түрлері: өсіп-өну атипиясын; морфологиялық атипиясын; биохимиялық атипиясын; антигендік атипиясын; функциялық атипиясын; физикалық-химиялық атипиясын - ажыратады.
Өсіп-өну атипиясы. ● өспенің: √ өсу дербестілігі; √ тіршілігін жоғалтпай, ұдайы шексіз өсіп-өнуі.
Өспе өсу дербестілігі - деп өспе жасушаларының жүйкелік-эндокриндік және паракриндік реттеулерге бағынбай өз беттерінше өсіпөнуін айтады.
Тіршілігін жоғалтпай шексіз өсіп-өнуі Өспе жасушалары жетілмей, нақтыланбай, жас бластық түрінде сақталып қалады. Өспе жасушалары жаңа қан тамырлары құрылуын арттыратын фактор өндіріп, өспе тінінде ангиогенез дамиды.
Өспе жасушасының даму түрлері: Анаплазия (дамымау), Катаплазия (кері даму, ұрық жасушаларына ұқсап нақтыланбаған жасушаларға айналуы), Метаплазия (басқа тін жасушасына айналып даму), Дисплазия (бұрыс даму, өспе жасушаларының орналасқан тін жасушаларынан қатты алшақтанып, ерекшеленіп кетуі немесе атипиясы).
Морфологиялық атипия. Тіндік Жасушалық
Тіндік атипия - өспе тінінің ұлпасы мен стромасының арақатынасы өзгеріп кетуі. Қатерлі өспелерде строма қатты азайып, ұлпасы басым, қатерсіз өспелерде - строма басым болуы. Өспе тінінде қылтамырлар көбейіп, жүйке талшықтары жоғалады.
Жасушалық атипия: 1. Өспе жасушаларының сыртқы пішіні өзгереді, көлемі ұлғаяды. Ядро мен цитоплазманың арақатынасы үлкейеді, ядрода хроматин мен ядыршықтары көбейеді, хромосомалардың саны мен құрылымы өзгереді, митохондрийлар азаяды, олардың тарақшалары (кристалары) бөлшектеледі;
2. өспе жасушаларының цитоплазмасында рибосомалар көбейеді. Өспе жасушалары мембраналарының, әсіресе лизосома мембраналарының өткізгіштігі көтеріледі. 3. митоздық бөліну сатысындағы жасушалар көбейеді.
Өспе жасушасының атипиясы А – қалыпты фибробласт Б – өспеге айналған фибробласт 14
Биохимиялық атипия. Көмірсулары алмасуының ерекшеліктері: § өспе тіні глюкозаны қаннан ұдайы сорып алады ( «глюкозаның қақпаны» ); § өспе тінінде анаэробтық гликолиз артады (Варбург әрекеті). § артынан оттегінің жеткілікті болуына қарамай гликолиз жалғаса береді (Пастер әрекетінің әлсіреуі).
§ глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен тотығуы әсерленеді. Осыдан нуклеин қышқылдары түзілуіне қажетті рибозалардың түзілуі артады. § көмірсулары алмасуының аралық өнімдері (сүт қышқылы т. б. ) өспе тінінде жиналып қалады, р. Н төмендеп, ацидоз дамиды.
Өспе тінінде нәруыздардың алмасу ерекшеліктері: өспе жасушалары қаннан амин қышқылдарын және азоттық негіздерді көптеп сорып алып, өзіне тән нәруыз өндіру үшін пайдаланады ( «азоттың қақпаны» ). Бұндай нәруыздарды онкопротеин дейді; өспелерде РНҚ және ДНҚ түзілуін арттыратын белсенді полимеразалар көбейіп, керісінше, оларды ыдырататын ферменттер азаяды; ДНҚ түзілуін тежейтін гистондардың өндірілуі кемиді.
Өспе тінінде майлар алмасуының ерекшеліктері: Өспе жасушалары қаннан төмен тығыздықты липопротеидтерді және антиоксиданттарды (токоферол) сорып алады. Оларда мембрана құрамына енетін өзгерген фосфолипидтердің түзілуі артады. Содан өспе жасушаларының мембраналары қалыптыдан өзгеріп кетеді.
Антигендік атипия. Өспе жасушаларына вирустармен енгізілген бөтен гендік ақпарат бойынша түзілген онконәруыз олардың антигендік қасиетін өзгертеді. Өспе жасушаларында антигендердің жиынтығы өзгеріп, антигендік қарапайымдану немесе күрделілену болады. Антигендік қарапайымдану - қалыпты тінде кездесетін антигендердің азаюы.
Антигендік күрделілену: Антигендік дивергенция Өспе шыққан тіннен басқа тіннің антигені өндірілуі Антигендік реверсия Ұрықтық антиген (альфа -фетопротеин) өндірілуі
Функциялық атипия. Өспе - ағзаның немесе тіннің қызметін: • жоғалтады немесе төмендетеді (асқазан обыры оның сөл шығаруын азайтады, лейкоз кезінде лейкоциттер фагоцитоздық қызмет атқармайды); • арттырады (аденома кездерінде эндокриндік бездердің гормон шығару қызметі артады); • орналасқан тін жасушаларына тән емес қызмет атқарады (бронхогендік обыр аденогипофиздің гормондарын, емшек обыры тиреоидтық гормондарды өндіре бастайды).
Физикалық-химиялық атипия 1. Өспе жасушаларында судың, К+ иондарының мөлшері көбейеді де, Са 2+, Mg 2+ иондары азаяды; Өспе ошағында анаэробтық және аэробтық гликолиз артуынан сутегі иондарының мөлшері артады.
2. Өспе жасушаларының сыртқы беттерінде теріс электр дәрмені көбеюден олар өзара жақындамай алшақтанып орналасады. 3. Өспе жасушаларының митоздық жолмен бөлініп көбеюін арттыратын ультракүлгін (толқын ұзындығы 190 -325 нм) сәуле таратады.
Адамдық борышың, Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, Болады ақыл тұл. . (Шәкәрім Құдайберді ұлы)
Қатерлі және қатерсіз өспелердің айырмашылықтары: көрсеткіштері Өсу түрі қатерсіз экспансиялық Құрылымдық атипия Метастаза таратуы Онша байқалмайды Айқын байқалады Болмайды Жиі таратады Болмайды Сирек Болады Жиі Кахексия дамуы Қайталануы қатерлі Инвазиялық (инфильтрациялық)
Өспе өсу түрлері
Өспе өсу түрлері (по: W. Böcker, H. Denk, Ph. U. Heitz) полип Жараға айналған обыр өспесі папиллома Инвазиялық өсу 15
Айналасындағы тінге өспе жасушаларының енуі Тіректік мембрана Өспе жасушалары коллаген Тін аралық Өспе жасушасы рецепторы мембрана рецепторы Фибронектин рецепторы фибронектин
Метастаза тарату - қатерлі өспе жасушаларының өспе түйінен үзіліп, басқа ағзаларға тасымалдану және сол ағзаға енгеннен кейін өзіне ұқсас өспе туындату қабілеті.
Метастаза тарату жолдары: Тіндік Тін аралық кеңістіктер арқылы бір тіннен екінші тінге тарауы Лимфоген дік Гематогендік Лимфа тамырла рымен тарауы Қан тамырлар ымен тарауы
Ашішек обырының метастаза тарату жолдары өңеш өкпе бауыр ашішек тоғышек Лимфа түйіндері асқазан қақпа венасы өспе 18
Гематогендік метастаза тарату кезеңдері 1. Инвазиялық кезеңі; 2. Тасымалдану кезеңі; 3. Эмбол құрылу кезеңі. 4. Тамыр қабырғасын жарып, тінге шығу кезеңі (имплантация). 1 2 3 4
Остеосаркоманың өкпедегі метастазасы 22
Өспелік кахексияның патогенезі Глюконеогенез әсерленуі, тіршілікке қажетті энергия түзілуінің бұрмалануы Пиримидиндік нуклеотидтер «ловушка» для түзілуіне қажетті предшественников пиримидиновых заттардың нуклеотидов “қақпаны” «ловушка» для аминокислот өспе Тәбет азаюы ауыру Аминқышқы лдарының “қақпаны” Витаминдер «ловушка» дің для витаминов “қақпаны” «ловушка» для глюкозы Глюкозаның “қақпаны” 23
Қатерлі өспелердің өсу түрі?
Өспе дамуының этиологиясы
Өспе пайда болуында химиялық, физикалық және биологиялық ықпалдардың маңызы бар.
Өспе дамуына әкелу мүмкіндіктері бар қауіп-қатерлі факторлар. зиянды әдеттер: √ темекі шегу; √ маскүнемдік; √ насыбай ату;
бейберекет жыныстық қатынастарда болу (промискуитет); тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т. т. ); қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т. б.
Өспе дамуындағы химиялық ықпалдардың маңызы
1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива, Ишикава қоянның құлағына көмірдің қара майын жағып тері обырының үлгісін алды.
Канцерогендер: Экзогендік Эндоген дік
Экзогендік канцерогендер: • көп оралымды хошиісті көмірсутектер • (диметилбензантрацен, -бензпирен т. б. ); фенантрен, 3, 4
оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин); (Қуық обыр өспесін туындатады)
аминдік азоқосындылар (ортоаминоазотолуол, диметиламиноазобензол); бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын, никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б. ).
Экзогендік канцерогендер: Проканцерог ендер Нағыз канцергендер Урацилиприт, Бетапропионлактон, Диметилкарбамилх лорид
Проканцерогендер а) бензпирен Бензпирен темекі түтінінде Өкпеде канцерогенге айналуы б) хош иісті аминдер Хош иісті аминдер Гидроксилдену және коньюгация деконъюгация карцинома бауыр бүйрек қуық в) нитрат және нитриттер карцинома Бауыр карцинома Ішек-қарын жолдары Ішек бакте рияларының әсерінен нитр заминдерге ауысуы
Эндогендік канцерогендер: • стероидтық гормондар (эстероген, эстрадиол); ● холестерин туындылары (холестадиен т. б. ); • амин қышқылдарының (триптофан, тирозин) ыдырау өнімдері; • бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары; • нитроксид (N 0) және оның асқын тотығы (пероксинитрит-ONOO) т. б. жатады.
Канцерогендер жасушалардың протоонкогендерінде нүктелі мутация туындатып белсенді онкогендерге айналдырады.
Өспе дамуындағы вирустардың маңызы
1908 -1911 жылдары Раус: тауық саркомасының жасушасыз сүзіндісін сау тауықтарға енгізіп оларда осы өспе дамитынын көрсетті.
РНҚ-нан түратын вирустардың әсерлерінен: ● тауықтарда Раус саркомасы; ● тышқандар мен тауықтардың лейкозы; ● тышқандарда сүт безінің обыры; ● адамда Т-жасушалы лимфолейкоз т. б. дамиды. Соңғы вирусты НТLV-1 (human Т-leukemia virus – адамның Тлейкозының вирусы) деп атайды.
ДНҚ-нан түратын онковирустардың әсерлерінен: ● қояндарда Шоуп папилломасы; ● тышқандардың полиомасы; ● маймылдардың көпіршікті өспесі; Бұл вирустар Папова тобына жататын вирустар делінеді.
● адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы; ● В-гепатитінің вирусы.
Өспе туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді: 1. Жасушаның ДНК молекуласымен бірігіп кетеді де, тектік ақпаратын өзгертеді; 2. Өзгерген тектік ақпарат бойынша онкопротеиндер мен м. РНК түзілуін арттырады; З. Онкопротеиндер жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, өспе жасушасына айналдырады.
Өспе дамуындағы физикалық ыкпалдардың маңызы
Өспе туындататын ықпалдарға радийбелсенді сәулелер мен ультракүлгін сәулелер жатады.
радий белсенді сәулелердің өспе дамуына әкелу жолдары: еркін радикалды тотығуды арттырып бос радикалдар (ОН●; О− т. б. ) жиналуынан ДНК молекуласын бүліндіреді, оның репарациясын бұзады; иммунитетті әлсіретіп, өспе туындататын вирустардың белсенділігін арттырады; гендердің және хромосомалардың мутациясын туындатады;
Надандық жаман ғой, Оқыған адам ғой. Ізденіп көріңіз, Ғылымды заман ғой. Ғылым бір кенің ғой, Ауырсаң емің ғой. Бәріне жетеді, Таусылмас көлің ғой. (Шәкәрім Құдайберді ұлы)
Өспе өсу патогенезі 1. сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформаци я кезеңі; 2. өспе жасушаларын ың қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйінінің пайда болуы, промоция кезеңі; 3. өспе өсуінің үдеуі (өршуі), прогресс ия кезеңі.
Жасушаның митоздық дабылды іске асыру нұсқасы ( А. В. Лихтенштейн, В. С. Шапот бойынша) 1 жасуша 2 4 3 5 МИТОЗ ЯДРО (транскрипция факторлары, геномның қайта бағдарлануы, РНК түзілуі) 1 – өсу факторы; 2 – рецептордың әсерленуі; 3 – фосфорлану тізбектері; 4 – нәруыздар түзілуі; 5 – ДНК түзілуі мен репликациясы
Жасушаның митоздық оралымының реттелу нұсқасы (А. В. Лихтенштейн, В. С. Шапот бойынша) ДНҚ түзілуі S-фазасы Репликацияның шектелу нүктесі ЯДРО МИТОЗ G 2 фазасы G 1 -фазасы ДНҚ репликацияға дайындығын бақылау ДНҚ репликациясы ның аяқталуын бақылау
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы: Протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуы Жасуша бөлінуін тежейтін супрессор гендердің жоғалуы Апоптоз дамуы бұзылуы ДНҚ молекуласының репарациясы бұзылуы
Протоонкогендер жануарлар өспелерінің ағылш. атауларының бастапқы әріптерімен белгіленеді. Мәселен, протоонкоген erb – эритробластома, rasегеуқұйрықтардың саркомасы, ablтышқандардың Абелсон лейкозы, mycқұстардың миелоцитоматозы, sis-маймыл саркомасы, fes -мысық саркомасы, srcтауықтардың Раус саркомасы т. с. с.
1. Протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуы. Канцергендер дің, иондағыш сәулелердің, вирустардың әсерлерінен нүктелі мутация дамуынан Бір хромосома ның бөлігі екінші хромосома ға ауысып қонуынан (транслокаци я) Себепкер ықпалдардың әсерінен протоонкогенд ердің көшірмелері тым көбейіп кетуінен (амплификаци я) Протоонкогенді әсерлендіретін күшейткіш (промотор) қосылып кетуінен (мәселен, вирус гені)
2. Жасуша бөлінуін тежейтін супрессор гендердің маңызы: протеин 53 (р53) ДНҚ молекуласының қайтымсыз бүліністерінде апоптоз дамуын жұмылдырады; Rb-нәруызы жасуша бөлінуінің ДНҚ түзілу фазасына енуін (G 1/ S фазаларының аралығында) тежейді; р16 және р21 нәруыздары циклин-тәуелді киназа кешенінің белсенділігін тежейді; Эй-Пи-Си (ағылш. Adenomatosis Poliposis Coli) нәруызы ішектерде аденоматоздық полипоздар дамуын тежейді; нейрофибромин (NF-1) нәруызы нейрофиброматоз дамуын тежейді; BRCA-1 (breast cancer- емшек обыры) нәруызы емшек обыры дамуын тежейді т. б.
Хромосомалардың делециясы Супрессор гендердің белсенділігі жоғалуы Онкогендердің өршіп кетуі Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы Онкопротеиндер өндірілуі
3. Апоптоз дамуының бұзылыстары Апоптоз дамуын тежейтін (bcl-2) және оны сергітетін (bax) гендердің мутациясы нәтижелерінде жасушалар тіршілігін жоғалтпай, ұдайы өсіп -өне береді де, өспе жасушасына айналады.
4. ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің қалпына келу (репарациялық) мүмкіншіліктерінің бұзылыстары
Жасушаның қатерлі өспеге айналу және қалыпты күйінде сақталу мүмкіндіктері (S. Blümcke бойынша) проканцероген Р-onc Өспеге айнала бастауы Өспеге айналатын жасуша Р-onc Қалыпты жасушалар: протоонко гендер onc онкоген репараonc ция onc өспе Р-onc Қалыпты тін Қалыпты жасуша
Эндонуклеаза, ДНК-полимераза, лигаза ферменттерінің белсенділігі төмендеуінен, ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерін кесіп алып жою және қалпына келтіру мүмкіншіліктері жоғалады; Сыңар азоттық негіздердің қалпына келтірілуін қадағалайтын (mismatch repair) гендердің ауытқуларынан аденин, гуанин, тимин және цитозин негіздерінің байланысу қателіктерін түзету мүмкіндіктері шектеледі.
Сонымен: протоонкогендерге айналуынан, супрессор-гендер жоғалып кетуінен, апоптоз дамуы бұзылыстарынан, ДНҚ молекуласының репарациясы бұзылыстарынан - сау жасушаның өспе жасушасына айналуы (трансформациясы) болады.
Өспе өсуінің 2 -ші промоция кезеңі Өспеге айналған жасушалар әсерленіп, қарқынды көбейетін, қатерлі өспе жасушаларына тән қасиеттері бар өскіндер (клондар) пайда болуын және бастапқы өспе түйіні қалыптасуын промоция (ағылш. рromotion-қолдау, күшейту) кезеңі дейді.
Өспе жасушасының қарқынды өсіпөнуіне қолдаушы ықпал ететін заттарды промоторлар дейді. Олар өз беттерінше сау жасушаны өспе жасушасына айналдырмай, тек пайда болған өспе жасушаларының бөлініп көбеюін арттырып, өспе түйіні қалыптасуына әкеледі. Бұл кезде организмнің иммунитеті әлсіреуінің маңызы зор.
Өспе өсуінің 3 -ші прогрессия кезеңі Өспе жасушаларының үдемелі түрде қатерлі қасиеттерін күшейтуін өспе өсуінің үдеуі (прогрессиясы) дейді. Өспе түйінінің көлемі ғана ұлғайып қоймай, ол өсу дербестілігі, инвазиялық өсуі, метастаза таратуы т. с. с. жаңадан қабылдаған қасиеттерін арттыра береді.
Басында өспе жасушасына айналған бір жасушаның туындыларынан тұратын моноклондық өспе түйіні артынан бұл жасушаларда хромосомалар мен гендердің ауытқулары әр жасушада әртүрлі болуынан поликлондық түрге (әртекті жасушаларға) айналады және олардың даму сатылары көптеген бағыттарда өзгеруінен әртүрлі қатерлі қасиеттерге ие болады.
Өспе өсуі үдеуінің ең негізгі заңдылығы болып қатерлі өспелерге тән белгілерінің (атипиясы, инвазиялық өсуі, метастаза таратуы т. с. с. ) бірімен бірі байланыспай, әр жасушада өз беттерінше пайда болуы есептеледі.
Өспе өсуінің жергілікті зардаптары Ағза ұлпасы Қысып өсу Полипоздық өсу жыланкөз Қоршап өсу Тамырды жарып өсу компрессия өспелік (инвазия) тромбоз Бүліндіріп өсу
қатерлі өспелердің басқа ағзаларға метастаза таратуы, кахексия дамытуы организмнің көптеген жүйелік бүліністеріне әкеледі.
Назарларыңызға рахмет!
10__1256_SPE.ppt