аллерг.pptx
- Количество слайдов: 11
Кафедра: Жедел медициналық жәрдем Тақырып: Инсекттік аллергия Орындаған: Кариева Э Курс: 5 Тобы: 05 -1 Тексерген: Сырбаева К. Ж
Анықтамасы • Адам сенсибилизациясы жәндіктер шаққанда сілекейімен (уымен) денеге аллерген кіруімен немесе жәндіктердің денесінің қабыршақтарының тыныс алу жолдарына түсуімен дамиды. Мысалы-ара бағушыларда бронх демікпесі кездеседі. • Жәндіктер шаққанда, у аллергиялық және токсикалық әсер етеді. Көп аралар шаққанда ғана улану байқалады. Аллергиясы бар адамды ара шағуы өте қауіпті.
Этиологиясы • Аллергиялық реакцияны шақыратындар: қарақұрт, бүйі және басқа жәндіктер. Жәндіктер топтары: шыбын, шіркей, қандала, көбелектер личинкасы, жарғаққанаттылар (аралар, өрегендер, әрене, соналар, құмырсқалар).
Патогенезі • Ара уының көп мөлшерде организмге енуі геморрагиялық, нейротоксикалық және гистамин тектес әсер береді. Аллергиялық реакциялар көбінесе жәндіктердің түріне байланысты. Ара бір шаққанда 0, 3 мг у жібереді. У құрамында гистамин, ацетилхолин, хинин, А, В фосфолипазасы, гиалуронидаза болады. Ара шағысына реакция көбінесе I тип түрінде өтеді, яғни Ig. E тек араға аллергиясы бар адамдарда ғана табылады ал сау адамдардаың канында болмайды.
Клиникасы • Буынаяқтылар аллергиясының клиникасы уланудан ерекше: тері әртүрлі қышиды, қызарған бөрітпе (эритема) шығады, Квинке ісігі; жүрек-тамыр өзгерістері (анафилакциялық шок), тыныс алу жолынан (бронхоспазм, жұтқыншақ, көмей ісігі), асқорыту жолынан (жүрек айнып, құсу, іші ауыру, диарея) болады. Анафилакциялық шок, жұтқыншақ ісігі, көбінесе қарт адамдарда кісі өліміне әкеледі. Бас пен мойынды шаққаны өте қауіпті. Аллергиялық реакция 3 дәрежеде жүреді. Бірінші дәрежесі - жеңіл түрі: есекжем, Квинке ісігі, улану (қалтырау, дене қызуы). Екінші дәрежелі реакция: клиникасы (30%) орта ауырлықты болып - бронхтардың, ішектің, жатырдың тегіс салалы бұлшықетінің және шырышты қабықтың ісінуі білінеді. Реакцияның үшінші дәрежелі көрінісінде анафилакциялық шоктың көбінесе гемодинамикалық варианты дамиды. (20%).
• Ара шаққанда токсикалық және аллергиялық реакциялар пайда болады. Неше ара шаққанына, қанша у денеге кіргеніне байланысты улану реакциялары білінеді. Қалыпты реакция 24 сағаттан ұзаққа созылмайтын эритема мен ісікпен сипатталады. Анық реакциясы 48 сағаттан артық созылып, шаққан жерден теріге ісік жайылады. Денеге жайылған реакциясы мононеврит, энцефалит, менингит, қауіпті миастения береді.
• Бір ара шақса шаққан жерде ғана реакция болады. Егерде 10 және одан көп аралар шақса, орта ауырлықты жалпы реакция дамиды: қалтырау, жүрек айну, құсу, бас ауырады. Жалпы ауыр реакция дамыса: қанда гемолиз, денеде геморрагиялар, сандырақтау, құрысу, салданулар пайда болуы мүмкін
Диагностикасы • Жәндіктік аллергияның диагностикасы дұрыс жиналған анамнезбен, тері сынамасымен (ара уына) қойылады. Анафилакциялық шок ара уына тері сынамасы оң, қанында иммуноглобулин Е болғанда дамиды. Ара шаққан сайын тері сынамасын қою керек. Тері сынамасының радиоаллергосорбентті тестке қарағанда ақпараттылығы жақсы.
Емі • Ара шаққаннан кейін дамыған жедел аллергиялық реакцияны емдеу үшін әуелі адреналинді бұлшық етке егеді, содан кейін антигистаминдік дәріні қабылдайды. • Ара шаққан соң теріден оның бізгегін алып тастап, шаққан жерге суық, шаққан жерден жоғары қан тоқтататын бұрау қояды. Антигистаминдік дәрілерді, кортикостероидтерді, жүрек дәрісін береді. Егерде ара уына сенсибилиациясы болса, арнайы гипосенсибилизациясын жүргізеді. Уға өте жоғары сезімталдық болса, аллергеннің 10 -9 ертіндісін қолданады. Аллергенді 5 күнде бір рет егеді.
Профилактикасы • Араның шағуынан, әсіресе антигенге сенсибилизациясы бар адам, қорғану керек. Қала сыртына серуенге шыққанда ашық бояулы киімдер кимей, қош иісті косметикалық заттарды қолданбау керек. Ұзын жеңді көйлек киіп, басына орамал байлайды. Ара ұялайтын жерлерге бармай, үйдің жанында ұясы болса, бұзып, жойып жіберу жөн. Егерде ара шағып алса, бізгегін инемен немесе өткір пышақтың ұшымен алып тастайды. Қолмен қысып, шығаурға болмайды. Шаққан жерге адреналин егіп, антигистаминдік дәріні ішу керек. Бұл дәрілерді әр адам өзімен бірге алып жүреді, өткені уақыт өткізбей тез қолдану керек.
Пайдаланылған әдебиеттер • Аллергология и иммунология акад. РАН и РАМН Р. М. Хайтова, проф. Н. И. Ильиной стр 505 -532
аллерг.pptx