лекция 2 МПД и ОЗ.pptx
- Количество слайдов: 16
Кафедра: жалпы гигиена және экология Тақырып: Экологияның бөлімдері– аутэкология, демэкология және синэкология Дәріскер: б. ғ. к. , аға оқытушы Бегимбетова Г. А.
ЖОСПАР: 1. Экологиялық факторлар 2. Экологиялық факторлардың жіктелуі 3. Минимум заңы, толеранттылық заңы, олардың маңызы 4. Қолайлы және шектеуші факторлар 5. Эвриобиотты және стенобионтты организмдер 6. Популяцияның типтері 7. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамасы 8. Экожүйе, биоценоз, биогеоценоз 9. Экожүйедегі заттар айналымы 10 Экожүйедегі гомеостаз және экологиялық сукцессия
Экологияның бөлiмдерi мынадай топтарға бөлiнедi: аутэкология, демэкология, синэкология т. б. Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып, зерттеулер жүргiзедi. Демэкология - бiр түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып, зерттеулер жүргiзедi. Синэкология - бiрлестiктер экологиясы (биоценология) ретiнде әр түрлi түрлерге жататын популяциялар жиынтығын бiртұтас организмдер деңгейiнде зерттейдi. Организмдер бiрлестiктерiнiң қалыптасуы, құрылымы, энергиямен зат алмасуы, биологиялық өнiмдiлiгi мен бiрлестiктердiң тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Кез келген тiрi организм өзiн қоршаған ортамен тығыз байланыста ғана өмiр сүре алады. Орта деп организмнiң өсiп-көбеюiне, тiршiлiгiне, дамуы мен таралуына тiкелей және жанама әсер ететiн қоршаған ортадағы компоненттердiң жиынтығын айтамыз. Организм қоршаған ортадан белгiлi бiр сигналдар арқылы ақпарат алады. Осы сигналдардың берiлуi арқасында организмдер өз тiршiлiгiн басқарады. Экологияда сырттан организмге берiлетiн сигналдарды факторлар деп атайды.
Экологиялық факторлар деп қоршаған ортаның тiкелей немесе жанама түрде тiрi организмдерге даму барысында әсер етуiн және организмнiң қоршаған орта жағдайына қалыптаса отырып жауап беруiн айтамыз. Жалпы алғанда фактор қозғаушы күш. Экологиялық факторлар Абиотикалық (Абиогенді) Биотикалық (биогенді) Антропогендік
Абиотикалық факторлар Қоршаған ортадағы тiрi емес факторлардың организмге әсерiн абиотикалық факторлар деп атаймыз. Мысалы: әсер ететін уақыты бойынша-эволюциялық (температура, жарық, ылғал, тығыздық) және нақты (қазіргі ); Кезеңдік және кезеңдік емес әрекеті бойынша- (техногендік шығындар, , тарихи катаклизмдер; Тарихи даму бойынша- (филлогенез дамуында, яғни түрдің тарихи дамуында) Экологиялық факторлардың әсерлері организмдердің тіршілігін анықтайды. Ал организмдердің тіршілігін шектейтін факторлар шектеуші деп атайды. Экологиялық минимумның шектеуші әсері туралы түсінікті 1840 жылы неміс ғалымы Ю. Либих енгізді. Кейін бұл Минимум заңы деп аталды. Минимум заңы-бір экологиялық фактордың кем болуы-организмнің тіршілігіне кедергі келтіруі. Максимум заңы - толеранттылық заңдылығы деп аталады. 1913 жылы В. Шельфорд ашқан. Максимум заңын, яғни төзiмдiлiк шек заңы деп те аталады. Латын тілінен аударғанда (tolerantia – шыдау, төзу).
Факторлардың организмге әсер ету заңдылықтары Оптимум және пессимум заңы. Организмнiң өнiп дамуына, яғни тiршiлiк етуiне қолайлы ортасы - оптимум зонасы, ал тiршiлiкке қолайсыз шеткi жағы пессимум зонасы деп аталады. Организм тiршiлiгiне факторлардың артық әсерi де, кем әсерi де керi әсерiн тигiзедi. Экологиялық минимум және максимум зоналар организм тiршiлiгiн әлсiретедi. Тірші лікті ң қарқ ыны Төзімтал дылықты ң төменгі шегі Өлім Минимум Төзімталд ылықтың жоғарғы шегі Пессимум аймағы Оптимум Факторлар саны Пессимум аймағы Максимум Өлім
Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Экологиялық факторлардың оптималды мөлшерінің аз өзгергеніне тұрақты организмдер-(грекше stenos – тар) стенобионтты, ал факторлардың көп өзгерісіне шыдамдылар-(грекше eurus - кең) эвриобионтты деп аталады. Эбриобиоттар -кең толеранттылық диапозонды, стенобиоттар - тар толеранттылық диапозонды организмдер Тіршілік тің қарқын дылығы 1 2 1–эврибионттылар; 2– стенобионттылар Факторлардың саны
Биотикалық факторлар - тiрi организмдердiң бiр-бiрiне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуi. Олар түрiшiлiк және түраралық қарым-қатынасқа бөлiнедi. Бiр түрге жататын организм топтары арасындағы түрiшiлiк өзара әрекеттесулердi гомотиптiк реакциялар деп айтады. Әр түрге жататын жеке организмдермен популяциялар арасында жүретiн түраралық қарым-қатынас формаларын гетеротиптiк реакциялар деп айтады. Олардың бiр-бiрiмен арасындағы қатынас түрлерi бiрнешеге бөлiнедi. Қорек, территория, қоршаған ортадағы жарық, жылу, су, т. б. факторларды қажет етуiне қарай бәсекелестiк, жыртқыштық, симбиоздық, паразиттiк, комменсалдық қарымқатынастар, байланыстар түрінде жүредi.
Антропогендік (антропикалық) факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне, немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т. б. ). Қазіргі кезде қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін ластаушылардың негізгі көзінің бірі – автокөліктер. Мысалы, Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелер, 80% - автокөліктер. Автокөліктерден бөлінетін газдардың ең қауіпті қосылыстарының бірі бензин құрамындағы тетраэтилқорғасын Pb(C 2 H 5)4. 1 литр бензин жағылғанда ауаға 200 -700 мг қорғасын бөлінеді.
«Популяция» ұғымы латынша populus – халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет генетик В. Л. Иогансен қолданды. «Популяция» – белгiлi бiр территорияны мекендейтiн шығу тегi бiр, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бiр түрге жататын организмдер жиынтығы. Н. П. Наумов популяцияларды алып жатқан территориясының көлеміне байланысты жергiлiктi (элементарлы), экологиялық және географиялық популяциялар деп бөлдi. Экологиялық қуыс. 1927 жылы Ч. Эльтон экологиялық қуыс ұғымын ғылымға енгізді. Сонымен, экологиялық қуыс дегеніміз – популяциялардың тіршілік жағдайында қоылған талаптардың жиынтығы және осы талаптар орындалатын орын. экологиялық қуысқа организмдердің тіршілік етуіне қажет физикалық, химиялық, биотикалық факторлар кіреді. Анықталған факторлар бойынша экологиялық қуыс кеңістік(тұрақты мекен), қоректік(қоректену ерекшеліктеріне байланысты) және көп өлшемді немесе гиперкеңістік (гиперкеңістіктегі аумақ) болып 3 түрге бөлінеді
Популяциының сипаттамалары СТАТИКАЛЫҚ Саны Тығыздығы Биомассасы Жастық құрылымы Жыныстық құрылымы ДИНАМИКАЛЫҚ Туылымы Өлімі Экологиялық немесе орындалған өлім
Популяция динамикасы – популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі. Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: популяцияның сандық мөлшері – белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны; популяция тығыздығы – белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны; популяциядағы туылу саны – белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны; популяциядағы өлу саны – белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны; популяция өсімі – популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық; өсу қарқыны – белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.
Популяция гомеостазы Популяциялардың ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз деп, ал популяцияның сандық мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардың динамикалық тепе-теңдігі деп, яғни белгілі бір жағдайдағы популяцияның өз санын бір қалыпты ұстап тұруын атайды
Биоценоз (грекше bios – өмір, koinos – жалпы, ортақ) – бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан, фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.
Биотикалық қарым-қатынастар түрлері Байланыс түрлері типтері Бір-біріне пайдалы Симбиоз (+ +) қарым-қатынастар (грекше симбиос бірге тіршілік ету) Мутуализм (+ +) (латынша мутуо - өз ара) Пайдалы. Комменсализм (+ 0) нейтралды қарым- (латынша кум - бірге, қатынастар менса - тағам) Синойкия (+ 0) (латынша син - бірге, ойкос - баспана) Пайдалы-зиянды Жыртқыштық қарым-қатынастар (+ -) Паразитизм (+ -) Аменсализм (+ -) Анықтама Симбионттар үшін бірбіріне пайда әкелетін, бірақ, кейбір паразиттік элементтері бар қарым қатынастар Паразиттік элементтері жоқ, бір-біріне пайдалы қарым қатынастар Бір организм пайда көріп, екіншісіне зиян тигізбейді Бір организм үшін пайдалы, екіншісі үшін немқұрайлы қарымқатынас Бір организм екінші организммен қоректенеді Бір организм екіншісі (иесі) есебінен қоректенеді Бір организм үшін пайдалы, екіншісі үшін Мысалдар Саңырауқұлақ пен балдырлардың бірге тіршілік етуі (қыналар). Саңырауқұлақ пен жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр жүйесі (микориза). Түйнекті бактериялар мен бұршақ тұқымдастары тамыр жүйесі. Энтомофилия. Зоохория (өсімдіктер тұқымдарының жануарлар арқылы таралуы). Ағашта өсетін эпифиттер. Акулалар мен жабысқақ балықтар. Құстардың ағаштарда ұя салуы. Фитофагтар-өсімдіктер, қасқыр-бұғы, түлкі-тышқан. Ішкі және сыртқы паразитизм, кездейсоқ паразитизм. Химиялық заттардың әсері
лекция 2 МПД и ОЗ.pptx