4541.ppt
- Количество слайдов: 27
Кафедра поликлинической терапии ЛЕЧЕБНЫЙ ФАКУЛЬТЕТ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕР ВЫПОЛНИЛИ СТУДЕНТЫ ГР. Л-608 В: СЕМЁНОВА С. И. ФАЗЫЛОВА С. Т. ИМАНКУЛОВА А. Р. САГИТОВА З. З.
Вирустық гепатиттер – негізінен бауырдың зақымдалуымен сипатталатын, берілу механизмдері әр түрлі жұқпалы аурулар тобы. Әлемде ең кең таралған ауруларға жатады. Себебі. Вирустық гепатиттерді әр тектес вирустар тудырады. Олар латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, D, Е. Сәйкесінше олар тудыратын гепатит те солай аталады. Осы мақалада ішек инфекциялары тобына жататын, берілу механизмі нәжіс және ауыз арқылы (су, тамақ, жанасу-тұрмыстық жолдар арқылы) болып келетін вирустық гепатиттер жайында әңгіме қозғалмақ.
БАУЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Гепатиттердің этиотропты жіктелуі : 1. Инфекциялы (вирусты) гепатит: Гепатит A Гепатит B Гепатит C Гепатит D Гепатит E Гепатит F Гепатит G Сарғыш гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша, эпидемиялық паротит, Эпштейна-Барр вирусы инфекциясы және әртүрлі вирусты инфекциялар: герпес, Ласса қызбалы қызылшасы, ЖҚТБ сияқты аурулардың компоненті түріндегі гепатиттер. Бактериалы гепатиттер: лептоспирозе, сифилис кезінде.
Вирустық гепатит A, E (энтералды гепатиттер) Гепатит А Белгілері Гепатит Е Әдетте , сәтті (асқыну және шектік жағдайларсыз) аяқталады. Толық клиникалық айығу, көп жағдайда (90%), ауру басталғаннан кейін, 3 -4 апта ішінде басталады. Науқастардың 10%-да айығу кезеңі 3 -4 айға дейін созылып кетеді, бірақ созылмалы гепатит дамымайды Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық
Сурет. 1 А вирустық гепатитінің бөлшектері
Сур. 2 Вирустық гепатиті E
Емделуі А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады. ___
Профилактика 1. Жеке басының гигенасын сақтау. 2. Ішкен суының және жеген жемісінің сапасын жеген жемісінің қадағалау. сапасын қадағалау. 3. Гепатит А кезінде 3. Арнайы екпе иммундық вакцина жасамайды. егіледі.
Парентеральды вирустық гепатиттер Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады. Облыста 2010 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «В» және «С» вирусты гепатит аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалы қанағаттанарлықтай деп бағалануда. 2009 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1, 4 есеге төмендеген. «В» және «С» вирусты гепатит аурушаңдығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелмеген. Аурушаңдық көбінесе ине арқылы есірткі қабылдайтын және кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсетін адамдар арасында тіркеліп отыр. «В» және «С» вирусты гепатитпен ауырған адамдардың күнделікті тұрмыста қолданатын заттары (жөке, орамал, сақал алғыш және тырнақ әдемілейтін заттар) арқылы да вирусты жұқтыру жоққа шығарылмайды. «В» және «С» (парентеральды) вирусты гепатит - вирустық жұқпалы ауру, бауыр жасушаларын зақымдаумен сипатталады, жиі созылмалы бауыр циррозы мен обырдың дамуына әкеліп соқтырады.
В Вирустық гепатиті В вирусты гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60 -90 күнді құрайды (диапазоны 45 -тен 180 күнге дейін). Жұқтыру жолы - парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады. ВВГ клиникалық нәтижелері жұқтыру кезіндегі жасына байланысты. Жіті жұқпа алғашқы рет аурудың қоздырғышына тап болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30 -90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30 -50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5 -10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. Өлім-жітім - 0, 5 -1, 0%
3 -сурет В Вирустық гепатиті
Патогенез Қанға ферменттердің түсуімен, рибосома диссоциациясы және белок синтезінің бұзылуымен мембраналардың өтімділігі бұзылады, ол бауыр клеткаларына химиялық заттардың әсерлерінен болады. синтездің күрт төмендеуі бауырда бос май қышқылдарының, триглицеридтер, құрылымды липидтер жиналып, гепатоцидтерде майлы инфильтрацияның дамуына әсер етеді. Токсикалық заттардың метаболизмінің әсерінен бос радикалдар түзіледі, ол мембрананың перекисті қышқылдануына және белсенді ферменттердің босауына, белоктардың денатурациясына, клеткалардың өліміне әкеледі. Гепатоциттердің құрлымы мен қызметтеріндегі өзгерістер биллирубиннің глюкуролизациясын және олардың ұстап қалу қызметін бұзады. Улардың клетка мембраналарымен әсер ету нәтижесінде лизолицетин түзіледі, ол клеткалардың зақымдануларының екінші этабын тудырады және оның дегенерациясы пайда болады. дегенерация процесі регенерация процесімен қатар жүреді. Дегенерация процесінің күшеюі бауыр клеткаларындағы некроз және бауырда цирроздың дамуымен қатар жүреді.
Рис. 4 Биологический цикл развития HBV
Клиникасы: кәсіптік аурулар ағымы бойынша жедел және созылмалы болуы мүмкін. Жедел уланулар кезінде бауырдың ауыр зақымданулары токсикалық заттардың химиялық қасиеттеріне байланысты емес, ол әсер ету концентрациясымен анықталынады. Химиялық заттардың гепатотоксикалық әсерлері улануларға дейінгі бауырдың қызмет ету жағдайларына байланысты. Бұрындары вирусты гепатитпен ауырған және ішімдікті көп қолданған адамдарда гепатотропты улармен жедел уланулар ауыр түрде өтеді. Жедел уланулар кезіндегі бауыр жетіспеушіліктеріне микрогемат- уриядан массивті қан кетулерге дейінгі геморрагиялық синдромдардың дамулары тән. Осы кезде қанның ұю және ұюға қарсы жүйелерінде өзгерістер анықталынады: фибринолитикалық белсенділіктің жоғарлауына байланысты гипокоагуляция және гепарин құрамының жоғарлауы байқалынады. Бауырдың зақымдану белгілері бұрыннан бері жұмыс істеген адамдарда және ауырсыну, диспепсиялық синдромдармен қатар жүреді. Науқастар ауыздарындағы ашты дәмге, тәбеттерінің төмендеулеріне, тұрақсыз нәжіс, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, әсіресе ашты және майлы тамақтан кейін күшейе түсетін. Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар ұстама тәрізді болуы мүмкін, ол оң жақ қолға және оң жақ қабырға астына таралуы мүмкін.
С Вирустық гепатиті С вирусты гепатиті (бұдан әрі - СВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 180 -210 күнді құрайды (14 -тен 780 күн аралығында ауытқумен). Сарғаю түрлері жағдайдың 10 -20%ында орын алып отыр. СВГ жағдайларының 90%-ы трансфузиядан кейінгі гепатиттер себебі болып табылады. Жұқпа көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлерімен сырқаттар. Клиникалық нәтижелері: айығу (15%-ында), созылмалы түрге айналу (75% - 85%-ында). Нәтижелері: бауыр циррозы (25 -50%-ында), гепатоцеллюлярлық карцинома (15 -20%-ында).
5 -сурет С вирустық гепатиті
6 -сурет С вирустық гепатитінің өмірлік айналымы
Д вирустық гепатиті Д гепатитінің вирусы – ақауы бар, оның көбеюі үшін В гепатиті вирусының болуы қажет, сондықтан Д вирустық гепатиті (бұдан әрі - ДВГ) мынадай түрде өтеді: 1) коинфекция (ВВГ мен ДВГ бір мезгілде жұғуы); 2) суперинфекция (ДВГ-нің ағымдағы ВВГ инфекциясына, әдетте созылмалы болған кезде қабаттасуы). ДВГ жіті (15%) және созылмалы (70 -80%) болады. Ко-инфекция кезінде фульминанттық түрлері – 10%, суперинфекцияда – 20%. Сарғаю түрлеріне 50 -70% келеді. 29. Асқынулар мен нәтижелері: көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және үдемелі бауыр циррозы жиі дамиды.
7 -сурет Д вирустық гепатиті
Лабораторлы зерттеулер: міндетті: • қанның жалпы анализі– ЭТЖ жоғарлауы, эозинофилия; жалпы ақуыз – қалыпты; • ақуыз фракциялары –альфа-2, γ-глобулин деңгейі жоғарлаған ; • қан сарысуындағы биллирубин және оның фракцияларында жалпы билирубин жоғарлаған; • Ас. АТ – белсенділігінің жоғарлауы; • ЩФ – жоғарлауы; • протромбин индекс і– төмендеуі; • вирусты гепатиттердің сарысулық маркерлері – жоқ.
Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын ем- негізгі ем: 1. Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату 2. Улы заттармен (пестицидтермен, фосфор туындыларымен т. б) жанасуыды дер кезінде тоқтату. 3. Алкогольді ішімдікті доғару 4. Инсоляциядан , вакцинациядан , қыздырынудан сақтану ( саунада жуынудан бас тарту) 5. Ауыр дене қызметімен шұғылданбау 6. Дитотерапия 7. Ішектік детоксикация
Жалпы ережелер 1. Осы санитариялық ереже жіті және созылмалы вирустық гепатиттердің (бұдан әрі – вирустық гепатиттер) пайда болуы мен таралуының алдын алуды қамтамасыз ететін санитариялықэпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) инкубациялық кезең – вирустың организмге түскен сәтінен бастап аурудың симптомдары білінгенге дейінгі уақыттың бір бөлігі; 2) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – бұл өзіндік маркерлер бар болғанда ұзақтығы 6 айдан аз бауырдың жіті қабынуы; 3) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау – халықтың жекелеген топтары арасында, белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын және санитариялықэпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу үшін) вирустық гепатиттер туралы алынған ақпараттар негізінде адамдарды зерттеп-қарау; 4) вирустық гепатит ошағы – науқас адамнан вирус сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар вирустық гепатитпен ауыратын науқастың болатын орны; 5) парентералдық механизм – инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі; 6) ремиссия – аурудың көріністерінің уақытша әлсізденуі немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі; 7) энтералдық механизм – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі. Вирус организмге ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, лас қолдар арқылы енеді. 8. Вирустық гепатиттермен анықталған науқастар медициналық ұйымдарға зерттеліп-қарауға және емделуге жіберіледі. 9. Вирустық гепатиттер ошағында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Рис. 8 Больная вирусным гепатитом
Рис. 9 Иктеричность склер
Рис. 10 Печень на разрезе при вирусном гепатите
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
4541.ppt