
репликация.pptx
- Количество слайдов: 12
Кафедра: Медициналық генетика және молекулалық биология Тақырыбы: ДНҚ репликациясы Орындаған: Нұрмахан А Факультет: Жалпы медицина Топ: 21 -01 Қабылдаған: Танеева Г
ЖОСПАР: 1. Репликация, түсініктеме 2. Репликация ферменттері 3. Репликация принципері 4. Эукариоттардағы ДНҚ репликациясының ерекшелігі
Репликация - ДНҚ-ның екi еселену процессi көбiнесе жасушаның бөлiну алдында жүрiп, жасушаның бірқатар ұрпақтарында хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Репликация - көптеген ферментердiң қатысуымен жүзеге асырылатын күрделi процесс. Репликацияның негiзгi ферменттерi:
1. Геликаза - ДНҚ тiзбектерiн ажыратады 2. SSB-белоктар - ДНҚ-ның ажыраған тiзбектерiн тұрақтандырады 3. ДНҚ-полимераза - тiзбектi синтездейдi 4. топоизомераза – “репликативтiк айырдың” алдындағы ДНҚ-ның аса жоғары ширатылған жерлерiн босатады 5. РНҚ-праймаза - ДНҚ-полимеразаға керектi РНҚ-бастауыштарды (праймерлердi) синтездейдi 6. лигаза - ДНҚ фрагменттерiн жалғап қосады
“Репликациялық айыр” аймағындағы ДНҚ репликациясының схемасы.
Репликация принциптері 1. Жартылай консервативті принцип Әрбір жаңа ДНҚ молекуласы еселенген соң бір ескі (аналық) тізбектен және бір жаңа тізбектен (жас) тұрады. ДНҚ-ның ескі тізбегі Жаңа синтезделген
§ 2. Комплементарлық принцип жаңа ДНҚ тізбегі комплементарлық принцип негізінде түзіледі: А - Т және Г- Ц. 3. Антипараллельдік және униполярлық принципі аналық ДНҚ молекуласында комплементарлы тізбектері біріне антипараллельді , сондықтан түзілетін жаңа тізбек аналық тізбекке антипараллельді және ДНҚ тізбегінің түзілуі тек 5 ' 3'- бағытта жүреді. ori 3' 5' 5' 3' 3' 5' ДНҚ 5' 3' униполярлығы –тек 3' ұшы ғана өсіп отырады
4. Үзілмелік принцип – ДНК молекуласында репликация бір мезгілде бірнеше жерде жүреді. Бастапқы тізбек Жаңа тізбек Репликация Жаңа тізбек Бастапқы ДНҚ молекуласы Бастапқы тізбек
Эукариоттардағы ДНҚ репликациясының ерекшелiктерi: 1. Репликация жартылай консервативтi әдiспен жүредi. Ескi ДНҚ-ның әр тiзбегiн қалып ретiнде пайдаланып, ДНҚ–полимераза ферментi комплементарлық принцип бойынша бос нуклеотидтерден екiншi тiзбектi түзедi. Ол үшін тiзбектер арасындағы сутектiк байланыстар үзіліп, ДНҚ-ның екi тiзбегі бiрiнен ажырап, босаңсып, “репликация айырын” түзедi. 2. ДНҚ молекуласының аса ұзын болуына байланысты репликация бiрден бiрнеше жерден басталып (полирепликонды түрде), екi бағытта келесi “репликативтiк айырмен” кездескенше жүредi. Репликацияның басталатын нүктелері нуклеотидердiң арнайы ретiмен анықталып “инициация нүктесi” деп аталады. Олардың саны әр хромосоманың ДНҚда нақты белгілі болады. Репликацияның басталу нүктесiнен келесi “репликация айырымен” кездесетiн жерге дейiнгi ДНҚ-ның бөлiгi репликон деп аталады - бұл репликация бiрлiгi.
3. Жасушадағы ДНҚ-ның репликациясы жасушалық циклдың Sкезеңiнде жүредi. Бiрақ, репликондардың репликациясы бiркелкi емес, асинхронды түрде жүредi. Мысалы, р. РНҚ туралы ақпараты бар ДНҚ бөлiктерi S-кезеңiнiң басында екi еселенедi де, басқа бөлiктерi кейiн еселенедi. Митохондриялық ДНҚ-ның репликациясы көбiнесе жасушаның әрбір бөлiнуі алдында, G 2 кезеңiнде, болып кетедi. Ал бөлiнбейтiн жасушаларда (мысалы бауыр жасушалары) митохондириялық ДНҚ-ның репликациясы физиологиялық ескіруге байланысты митоздық циклдың фазаларына тәуелсiз жүреді.
4. ДНҚ синтезі тек 5’ -3’ бағытта жүретiн, ал ДНҚ тiзбектерiнiң қарама қарсы (антипаралельді) болғандықтан, ДНҚ-ның бiр тiзбегi үздiксiз түзiлiп, лидерлiк деп, екiншiсi соңынан бiр тiзбекке жалғанатын кішірек үзінділер (Оказаки фрагменттерi) түрiнде синтезделіп, iлесушi тізбек деп аталады. Жалпы ДНҚ репликациясы про - және эукариоттарда ұқсас, бipaқ эукариоттарда синтез жылдамдыгы бірқатар төмен (1 сек - 100 -300 нуклеотид шамасында) болады, прокариоттарда (1 сек 1000 -3000 нуклеотид шамасында) жылдамырак жүреді. Ceбeбi, эукариоттың ДНҚ-сы ақуызбен бepiк байланысқан, ол оның деспиральдануын тежейді, репликациясын баяулатады.
Әдебиеттер: 1) Қуандықов Е. Ө. , Аманжолова Л. Е. «Молекулалық биология негіздері» , Алматы, 2008 жыл. 32 -35 беттер 2) С. Әбилаев. «Молекулалық биология және генетика» , Шымкент, 2008 жыл. 46 -49 беттер 3)Интернет https: //kk. wikipedia. org/wiki/%D 0%94%D 0%9 D%D 2%9 A
репликация.pptx