
Бакирова СРС 2 ДМ.pptx
- Количество слайдов: 15
Кафедра: Денсаулық сақтау саясаты және басқару Тақырыбы: Дәлелді медицинада және клиникалық эпидемиологияда қолданылатын биологиялық статистиканың негізгі көрсеткіштері Орындаған: Бакирова Айдын Қабылдаған: Жұмағазиева О. Ж Тобы: ҚДС 001 -01 Курс: 3
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім v Биологиялық статистика туралы түсінік v Статистикалық көрсеткіштер v Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күнненкүнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады. Түрі статистикалық болып келетін биологиялық жиынтықтарды оқыпүйрену барысында да математикалық статистика әдістерін қолдану орынды болып отыр. Математикалық статистика әдістерін биологияда қолдануды биологиялық статистика деп атайды.
q. Биологиялық статистика - биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері заманауи медицинаның методологиясын түсінулері және оларда статистикалық ойлаудың негіздері қалыптасуы керек.
Биологиялық статистика бойынша типтік бағдарламаға математикалық статистиканың негізгі ұғымдары, статистикалық жорамалдарды тексеру негіздері, сапалы белгілер арасындағы өзара байланыстар, дисперсиялық, корреляциялық, регрессиялық талдау негіздері, экспериментті жоспарлау теориясының негіздері енгізілді. q
Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты дәрігердің практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі. • Студентке SAS, SPSS, Statisticа статистикалық кәсіптік қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды. •
Статистикалық көрсеткіш – әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық құбылыстар мен үдерістердің сандық, сапалық, кеңістікті-уақыттық сипаттамасы. Статистикалық көрсеткіштер әр түрлі белгілер бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Статистикалық көрсеткіштің зерттелетін жиынтықты қалай сипаттайтынына байланысты статистикалық көрсеткіштерді мынадай топтарға бөлінеді: абсолюттік, салыстырмалы және орта мәндер. q
Абсолюттік көрсеткіштер – зерттелетін құбылыстың ауқымын, көлемін сипаттайды. Салыстырмалы көрсеткіштер – екі және одан да көп статистикалық сипаттамалардың қатынасын көрсетеді, коэффициенттермен, пайыздармен өлшенеді. Орта мән – бұл белгілі бір шарттардағы санды және сапалы біртекті жиынтықтың жалпылама сипаттамасы.
Абсолюттік • Абсолюттік натурал. көрсеткіштер; • Абсолюттік шартты көрсеткіштер; • Абсолюттік құндық көрсеткіштер; • Абсолюттік еңбек көрсеткіштері. Салыстырмалы • Серпін салыстырмалы көрсеткіші; • Құрылым салыстырмалы көрсеткіші; • Үйлестіру салыстырмалы көрсеткіші; • Қарқындылық салыстырмалы көрсеткіші. Орташа • Серпін салыстырмалы көрсеткіші; • Құрылым салыстырмалы көрсеткіші; • Үйлестіру салыстырмалы көрсеткіші; • Қарқындылық салыстырмалы көрсеткіші.
v Эпидемиология ғылымын аурулардың пайда болу себептерін және заңдылықтарын, потологиялық процесстердің таралуы, ауруларды анықтайтын әдіс ретінде түсіну қажет. Сонымен эпидемиология дегеніміз денсаулыққа әртүрлі аурулардың әсерін (инфекциялы және бейинфекциялы) және адамның физиологиялық жағдайын зерттейді
Эпидемиологиялық әдістердің негізін эпидемиологиялық анализ алады. v. Эпидемиологиялық анализ – (себебін анықтау) белгілі бір териториядааурудың таралу себебін , оларды оптимизациялауда практикалық рекомендацияларды жасаудың жалпы жолдары. Эпидемиологиялық әдістерді қолдану (эпидемиологияның тармақтары – клиникалық эпидемиологиясы; экалогиялық эпидемиология; бейинфекциялық аурулардың эпидемиологиясы , фармаэпидемиологияның салаларында) пайдалылығын көрсетеді v
v. Бейинфекционды аурулардың эпидемиологиясы – бейинфекционды аурулардың пайда болу жиілігін және себебін зерттеп, олардың пайда болуын төмендету мақсатында сақтандырып бақылайды. v. Инфекционды аурулардың эпидемиологиясы – эпидемиологиялық процестердің заңдылықтарын , пайда болу себептерін және таралуын бұл аурулармен күрес жүргізу , алдын алу және оқшаулау үшін зерттейді.
Қорытынды vҚоғам денсаулығы жайлы айтқанда, эпидемиологияны қоғам денсаулығы көрсеткіші ретінде алған дұрыс. Жоғарыда келтірілгендерді қорта келе «қоғам денсаулығы эпидемиологиясы» не (әлеуметтік эпидемиологиясы)- «жалпы денсаулық және денсаулық сақтау» дисциплинасының бөлшегі ретінде қарап, уақытын, кеңістікте, қоршаған орта факторы, өмір сүру шартыжәне оның әртүрлі тұрғылықты топтарға әсерін зерттейді. v. Жалпы денсаулық эпидемиологиясының мақсаты – (әлеуметтік эпидемиология) - жалпы қоғамның денсаулығын жақсарту мақсатында әртүрлі сася, экономикалық медико-әлеуметтңк және ұйымдастыру мақсатында ғы шараларды жасау.
Пайдаланған әдебиеттер Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан» , 1991. . Ахметқазиев А. А. , Кельтенова Р. Т. Математикалық статистика, Алматы «Экономика» , 2002.
Назарларыңызға рахмет!
Бакирова СРС 2 ДМ.pptx