
туляремия А.pptx
- Количество слайдов: 17
Кафедра: Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы Тақырыбы: Балалардағы Туляремия Факультет: ЖМ Курс: 4 Топ: 11 -20 -02 к Орындаған: Абдимуса А. Б Тексерген: Досбаева Ж. Т
Жоспар • Этиологиясы • Эпидемиологиясы • Патогенезі • Клиникасы • Асқынулары • Диагностикасы • Емі • Дереккөздер
Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.
Туляремия – убиквитарлы инфекция. Аурудың ощақтары Америкада, Еуропада, Азияда кездеседі. Ресей мен Қазақстанда арудың ошақтары диффузды орналасып, үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық 0, 060, 95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002 ж аурудың 17 жағдайы (Шығыс-Қазақстан облысында – 13), 2003 ж. – 15 (Шығыс-Қазақстан облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақтөбе облысында -3), 2004 ж. -7 (ШығысҚазақстан облысында – 5, Алматы облысында -2, 2005 ж. – 9 (Шығыс-Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында -1) ресми түрде тіркелген. Тарихи мәліметтер. Аурудың атауы табылған жеріне байланысты (Туляре аралы, Калифорния, АҚШ). 1910 ж. Ч. Мак. Кой обаның табиғи ошағын зерттеп жүргенде суырдан оба тәрізді ауруын анықтаған, ал 1911 ж. Ш. Чепин екеуі ауру суырдан қоздырғышты бөліп алған. Содан Bacterium tularense деп атаған. Сосын адамдардың да бұл аурумен ауратыны анықталды. И. Френсистың (1921) ұсынысы бойынша ауру «туляремия» деп аталған.
Этиологиясы Қоздырғышы-Frahcisella tularehsis, Francezella туысы, Brucellaceae тұқымдасына жатады. Екі антигендік комплексі бар: • қабықтық Vi антиген • соматикалық О антиген Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-» . Қоздырғыштың 3 түрі бар: • арктикалық емес (американдық) • орта азиаттық • галарктикалық (европа-азиаттық) Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар: жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35 -37°С, р. Н 7, 0 -7, 2. Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2, 5 -4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20 -30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8 -12° температурада – 1 айдан жоғары. Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема, формалин, этил спирты) төзімсіз.
Эпидемиологиясы Инфекция көзі: • әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар) • ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы) • үй жануарлары (иттер) • инод кенелері (қосымша резервуар) Таралу механизмі: • контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы). • тағам арқылы • ауа-шаң • трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады) Мерзімділігі: жаз-күз айлары. Иммунитет: өмір бойы сақталады.
Патогенезі 1. Жұқтыру сатысы Инфекцияның кіру қақпалары – тері, шырышты қабықшалар. Кіру қақпасының локализациясы аурудың клиникалық түріне әсер өтеді. Осы жерде біріншілік аффект пайда болуы мүмкін – бірін ауыстырып дамитын дақ, папула, көпіршік, пустула, жара. 2. Лимфогенді таралу сатысы Қоздырғыш лимфогенді жолдарымен регионарлы лимфа түйіндеріне жетіп, көбейіп, қабыну процесс тудырады (лимфаденит). Бактериялар ыдырағанда эндотоксин бөлініп, жергілікті патологиялық процестер дамиды. Біріншілік бубон пайда болады. 3. Бактериемия сатысы – лимфа түйінінің қорғаныс қасиеті төмендегенде, қоздырғыш қанға түсіп, жайылмалы турлері дамып, токсико-аллергиялық өзгерістер айқын көрінеді. 4. Гематогенді диссеминация бойынша қоздырғыштар паренхиматозды ағзаларда – бауырда, көкбауырда, өкпеде ошақтанады. Гранулемалар пайда болады. Олар ақшылсары түсті, көлемі 1 -4 мм. Гранулема ортасында некроз ошағы эпителиалді клеткалармен, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған. Туберкулездік гранулемаларға ұқсайды. Соңынан олар некрозданып, дәнекер тіндермен алмасады. Гранулематозды процесс лимфа түйіндерінде айқын көрініп, іріңдеп, өзі тесілуі мүмкін. Барлық сатыларының дамуы міндетті түрде емес. Инфекциялық процесс кез келген сатысында тоқтап қалу мүмкін.
Клиникасы 1. Жасырын кезеңі - 3 -5 күн (2 -3 аптаға созылуы мүмкін). 2. Бастапқы кезең 3. Өршу кезеңі 4. Айығу кезеңі • Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері • Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері. Жалпы симптомдары: Қызба 38 -40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2 -3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2 -3 аптаға, сирек 5 -7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшық еттерінің ауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастың беті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚ төмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.
Туляремияның клиникалық түрлері жұғу жолдарына байланысты Клиникалық түрлері Жұғу жолдары бубонды тері, шырышты қабықша арқылы жаралы-бубонды тері, көздің шырышты қабықшалары арқылы көз-бубонды тері, көздің шырышты қабықшалары арқылы ангинозды-бубонды ауыз арқылы абдоминалді ауыз арқылы өкпелік – бронхит, пневмония тыныс жолдары арқылы жайылмалы сепсистік кез келген жұғу жолдары немесе біріншілік
Клиникалық түрлері: • Бубонды түрінде ауру басталғаннан 2 -3 күні біріншілік бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, жақ асты бубондары болады, түйіндер қатты, ауырсынбайды, қозғалмалы, шеті айқын. • Жаралы-бубонды түрі: қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6 -8 күнде папулеға айналады) 5 -15 мм. • Көз-буббонды түрі коньюктива арқылы түскенде 1 -2% жағдайда кездеседі. Біржақты зақымдалу тән. Коньюктива қызарады, одан кейін папула жараға айналады, қабақтың ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяды. Бірніші аптадан айға созылады. Тамағында аздаған ауырсыну болады, аурудың 4 -5 күні бадамша безі ұлғаяды, кірсұр түсті жабынмен жабылады. Баспамен біргі біржақты лимфаденит болады. Мезантериальды лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты ауырсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Пальпацияда сезіледі.
• Өкпелік түрі Бронхтық және пневмониялық вариантпен жүреді. Құрғақ жөтел, кеуде артында ауырсыну, құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Субфебрильді қызба. Ауру ұзақтығы 812 күн. • Пневманиялық түрі Қабыну мен ауыр ағыммен сипатталады, кеудеде ауырсыну, құрғақ жөтел, шырышты іріңді немесе қанда қақырық болуы тән. Рецидив болуы тән. • Генерализденген түрі Ауыр ағымды, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, регионарлы лимфаденит тән. Жиі бөртпе, полиморфты эритема, гепатоспленомегалиямен жүреді. Өте ұзақ, рецидив болу мүмкін.
Асқынулары • екіншілік туляремиялық пневмония • менингит, менингоэнцефалит • миокардиодистрофия, перикардит • жедел өкпе немесе жүрек тамыр жетіспеушілігі
Диагностикасы • Шеткі қанда: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлау. Соңынан лейкоцитоз лейкопенияға алмасады, лимфомоноцитоз. • Бактериологиялық әдісімен Francisella tularensis бактриясын бөліп алу. Науқастан алынатын материал: жараның бөлінділері, лимфа түйіннің пунктаты, қан, қақырық, анқаның жағындысы. • Серологиялық әдістер: АР – 1: 100, ТГАР. Жұпты сары су зерттелгенде антиделердің титрі 4 есе жоғарлауы қажет. • ПТР • Биологиялық әдіс – науқастан алынған патологиялық материалдарды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізеді, олар туляремиядан 3 -10 күннен кейін өледі. Өлген жануарлардың лимфа түйіндерінен, бауыр, көк бауыр, қанынан жағынды жасалып, қоректік ортаға себеді.
Емі Этиотропты ем Қалайтын препараттар: • Стрептомицин – 0, 5 х2 рет, өкпелік, жайылмалы түрлерінде 1, 0 х2 рет бұлшық ет ішіне; • Гентамицин 5 мг/кг бұлшық ет ішіне, көк тамыр ішіне; • Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0, 1 х3 рет, нетромицин, амикоцин Альтернативті препараттар: • Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын • Ципрофлоксацин 400 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын • Хлорамфеникол (левомицетин) 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайын • Цефалоспориндер • Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыпты температура кезеңі бойы 5 -7 күн. Патогенетикалық ем: • - интоксикациямен күресу • - С және В топты витаминдер • - десенсибилизация • - қабынуға қарсы қолданатын препараттар • - жергілікті ем: компресс, майлы танғыштар, солюкс, диатермия, хирургиялық ем. Болжамы қолайлы. Өлім-жітімділігі – 0, 5%.
Алдын алу • -табиғи ошақтарды бақылау; • - дератизациялық шаралар; • -вакцина енгізу, тірі туляремиялық вакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек; • қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.
Дереккөздер • http: //medkarta. com/? cat=article&id=20504 • • http: //dic. academic. ru/dic. nsf/enc_medicine/31846/Туляремия • • http: //vse-zabolevaniya. ru/bolezni-infekcionnye/tuljaremija. html • Оқу құралы-ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР А. Қ. ДҮЙСЕНОВА Алматы, 2009 ж.
туляремия А.pptx