
K_1257_p_ma_1171_ynaly_s_1257_zder.pptx
- Количество слайдов: 18
Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқытудың негіздері
• Лексика- тілдегі сөз байлығын тексеретін, зерттейтін сала. • Мектеп оқушыларының сөз байлығын арттыра отырып, дұрыс және еркін сөйлеуді қамтамасыз ету- лексиканы оқытудың алдына қоятын басты мақсаты. • Мектепте лексикалық ұғымдар арнайы түрде V-VІІ сыныптарда өтеді.
• Қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша лексика туралы түсінік 5 сыныптан басталады. Онда «Сөздің тура және ауыспалы мағыналары» , «Сөздің көп мағыналығы туралы түсінік» , «Омоним сөздер» , «Синоним сөздер» , «Антоним сөздер» , «Өткенді қайталауға» барлығы 10 сағат бөлінген.
Жалпылама қол-тын сөздер Орфографиял ық сөздік, түсіндірме сөздік, аударма сөздік басқа тілден енген сөздер Тұрақты тіркестер туралы түсінік көп мағыналы сөздер Сөздің тура және ауыспалы мағ Кәсіби, диалект, көнерген, ниологизм сөздер 6 сыныпта «Лексика және фразеология» тарауы бойынша Тақырыптар 15 сағ бөлінген Омоним, синоним, антоним
• Лексикадан өткенді қайталауға берілген 6 сағаттың ішінде көп мағыналы сөздер мен 7 омонимдерге орын беріледі сыныпта 5 сыныпта 6, 7 сыныпта 8 сынып • Көп мағыналы сөздер мен омонимдерге екі параграф арналған. • Оқушылар негізінен осы 5 сыныпта алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту қажет. Сондықтан да 6 сынып оқулығында қосымша мағлұматтар, деректер жоқ. Тек өткен материалды еске түсіру үшін сұрақтар берілген. • Оқулығында екі тақырып біріктіріліп, арнайы мағлұмат берілген.
• «Қазақ тілі методикасының мәселелері» атты көлемді еңбекте И. Қ. Ұйықбаев жазған – «Лексиканы оқыту» тарауында әдістемелік еңбектер туралы мәліметтер бар. Автор бұл мақаласында сол кездегі мектеп бағдарламасы мен оқулықтар ерекшелігіне орай лексиканы оқытудың жолдарына тоқталады.
• Лексика тарауын оқытуға байланысты көптен еңбек етіп жүрген адамның біріА. Айғабылов. Ол өзінің «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» атты еңбекке жазған «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті» атты көлемді тарауында бұл мәселенің маңызын барынша ашып, міндеттерін нақты қояды.
• А. Айғабылов мектепте лексикадан берілетін ұғымдарды екі жікке бөледі. алғашқысы екіншісі • Арнайы өтілетін курс • Өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін қосымша мәліметтер
Сөздің мағыналық топтасуы Лексикалық ұғымдар сөздің шығу тегіне қарай топтасуы Сөздің қолданылу аясына қарай топтасуы Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Көп мағыналы сөздер. Омонимдер, Антонимдер, синонимдер Қазақтың байырғы сөздері. Басқа тілден енген сөдер. Көнерген сөздер мен неологизмдер. Жалпылама қолданылатын сөздер. Терминдер. Диалект, кәсіби сөздер. * Бұл – лексика туралы жалпы түсінік берудің алғашқы қадамы
Әр ұғымды жеке-жеке оқытуда автор 4 түрлі принципті есте сақтауды ескереді 1 -ші принцип: Сөзді болмыспен салыстыру. Сөз мағынасын өмірдегі құбылыстар атауларымен салыстыра түсіндіру. 2 -ші принцип: Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру. 3 -ші принцип: Семантикалық принцип. Бұл принциптің мәні сөздердің мағыналық байланысына қарай лексикалық ұялас топ/парадигма/жасауына негізделеді. 4 -ші принцип: Диахроникалық принцип. Бұл принцип – тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген.
• Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқытуда тірек болатын санаулы еңбектердің бірі – Б. Ш. Кәтембаеваның «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» атты еңбегі. • Бұл еңбек оқулыққа әдістемелік нұсқау болғандықтан, әр тақырыпты оқытудың жолдары басқа еңбектерге қарағанда әлдеқайда нақты көрсетілген. Мұнда оқу бағдарламасы бойынша 5 сыныпта игерілетін материалдарға бөлінген сағ саны нақты көрсетіліп, оны тақырыптарға бөліп, оқытудың каленьдарлық жоспар жобасы берілген. 5 сынып бойынша лексика тарауын оқытуға 12 сағат бөлінген, оны ғалым мынадай жүйе бойынша жіктейді;
• • • Тіл ұстарту – 2 сағат. Сөз мағыналары туралы түсінік – 3 сағат. Көп мағыналы сөздер – 1 сағат. Омоним, синоним, антоним сөдер – 3 сағат. Сөз мағыналарынан алынған білімді пысықтау – 2 сағат. • Диктант – 1 сағат. • Бірақ автордың лексика тарауын оқытуға берген түсініктері тым қысқа, тым жалпылама.
• Мектеп тәжірибесінде көптен қолданылып келе жатқан әдістемелік нұсқаудың бірі – К. Ахановтың 5 -6 сынып «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау. • Бұл еңбегінде оқулықты құрастыруда, ондағы тараулар мен тақырыптарды орналастыруда қазақ тілі бағдарламасында негізге алынған жайларды ескере отырып, әрбір тарауын тақырыптарға бөлу, өткен материалдарды қайталау, тақырыпдың бірбірімен байланысын, өзара сабақтастығын және оларды орналастыруға қатысты жеке мәселелердің оқулықтың құрылысына қойылатын методикалық талаптар тұрғысынан автордың өзі ойластырған кейбір жайларға түсінік береді.
• Мұғалімге оқушылардың игерген білімін тексеріп, толық талдау жүргізуде көмекші болатын құралдардың бірі – диктанттар жинағы. Бүгінгі қолданылып жүрген диктанттар жинағында 5 - сыныпқа арналған лексика тарауына байланысты 6 диктант мәтіні берілген. Мәтіндердің әрқайсысы түрлі шығармалардан алынған тұтас үзінділерден тұрады. Мәтіндердің барлығы сөз және оның мағыналары деген бір тарауға топталып іштей/көп мағыналы сөздер, омоним, синоним, антоним, жіктелмеген.
5 -7 сынып оқулықтарындағы жаттығулар мен тапсырмалар санын мектеп бағдарламалары тұрғысынан талдау Жаттығулар мен тапсырмалар саны 5 -сынып 6 -сынып 7 -сынып барлығы Жат. Тапс. Көп мағыналы 2 2 4 4 омонимдер 1 1 2 2 3 3 Тапс.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздері
K_1257_p_ma_1171_ynaly_s_1257_zder.pptx