Zabidullaeva_Zh_1201_ldyz__1240_debi_til_.pptx
- Количество слайдов: 18
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері Сапашев Ораз Сапашұлы
Көне түркі тіліндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Сөйлемде атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлінеді. Жалпы сөйлемдегі ой иесі – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелердің позициясында бастауыш пен баяндауыш қызмет атқарады. Субъект пен предикатты айқындайтын бұл екі мүше қашанда негізгі ойды білдіруші болып табылады. Сондықтан бұлар дербес мүшелер.
Бастауыш – сөйлем мүшелерінің ішіндегі негізгісі, сөйлемнің түп қазық мүшесі болып табылады. Бастауыштың басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігін проф. С. Аманжолов: «Бастауыш сөйлемнің ең негізгі қазығы, өйткені сөйлемнің нақтылы иесі, субъектісі. Ескі грамматикаларда сөйлемнің түп қазығы бастауыш, баяндауыш деген ол дұрыс емес, бастауыш пен баяндауыш тең емес, баяндауыш бастауыштың қимылын, қозғалысын көрсетіп, бастауыштың ықпалымен жүреді» , - деп нақтылайды. Бастауыштың негізгі тұлғалары ретінде біз нөлдік, тәуелдік және көптік жалғауларын атаймыз, яғни атау септігіндегі зат есімдер (субстантивтер). Осы үш критерийдің нәтижесінде әр түрлі сөз таптары бастауыш қызметінде жұмсала береді.
Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы Бастауыш болатын ең негізгі сөз табы зат есім. Зат есімнің бастауыш болуы басқа сөз таптарына қарағанда өте белсенді. Атау септігіндегі зат есімдерден болған жекеше, көпше, және тәуелді тұлғадағы бастауыштың жиі ұшырасуы: Оғлан кекүк тезкін булты. Беглері иеме, бодуны иеме түз ерміс. Туынды зат есімдердің Үч көрүг келті. бастауыш қызметінде Буйруқы йеме білге жұмсалуы: ерміс ерінч. Ұл бала көкек құйрығын тапты. Бектері де халқы да түзу екен. Үш хабаршы келді. Бұйрықшысы да ақылды болған екен.
Руника жазба ескерткіштерінде әр түрлі жолмен жасалған күрделі бастауыштар да мол. Мысалы: Кісі аттары қосалқы айқындауыштармен тіркесе келе күрделі бастауыш жасайды: Інім Күлтегін ер ат болты. Ұлық Іркін азқына ерін тезіп барды Інім Күлтегін ер атанды. Ілік септіктің жасырын түрінде тұрған сөз үшінші жақтың тәуелдік жалғаулы сөзімен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: Түрік бодуны өлті. Түрік сір йерінте бод қалматы. Түрік халқы өлді. Түрік сір халқы жерінде ел қалмады. Ұлық Еркін азғана ерімен қашып барды.
Есімдіктен болған бастауыштар Көне түркі тілінде бастауыштар есімдіктің барлық түрінен жасала береді. Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көп жұмсалатыны – зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу, сілтеу және кім? не? деген сұрау есімдіктері. Көне түркі тіліндегі жіктеу есімдіктерінің бастауыш қызметінде жұмсалу заңдылығы қазіргі түркі тілдеріндегідей: Мен беңгү таш бедізтім. Мен мәңгі тас жазғыздым. Бірінші жақтағы жіктеу есімдігінің бен варианты: Бен утру йорыдым. Мен ары жорттым. Мен есімдігінің жасырын келуі: Біз азбыз тиін. Біз азбыз дейін.
Баяндауыш (етістік баяндауыштар) Баяндауыш сөйлемдегі негізгі ойға ие болып, бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді, нақты айтқанда бастауыштың іс-қимылын, жайкүйін, сын сапасын, мөлшер мен мекенін және амалын білдіреді. Етістіктің баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Көне түркі тілінде де есім баяндауыштардан гөрі етістік баяндауыштар молынан ұшырасады.
Көне руника жазба ескерткіштеріндегі баяндауыш мүше әр түрлі тәсілдер арқылы жасалып отырған: Етістіктің бұйрық райы арқылы, қалау райы және өткен шақ категориясы (дара етістік баяндауыш) арқылы көрінеді. Немесе -ер етістігі мен есімше тіркесі арқылы (құранды етістік баяндауыш) көрінеді. Жіктеу есімдігі мен есім сөз тіркесі арқылы және -ар, -бол етістігі арқылы (есім баяндауыш) көрінеді. Бар, жоқ сөздері арқылы көрінеді.
Аналитикалық форманттар арқылы жасалған етістік баяндауыштар: Көне түркі тіліндегі күрделі етістіктер іс-әрекеттің орындалудың ерекшелігін көрсетеді. Олар екі элементтен құралады. -а, -ы, -у (кейде -п); негізгі лексикалық мағынаны білдіреді. Бар-, йоры-, ыд-, олур-, бер -, ал-, көр-, у-; көмекші реңк мәнін үстеуші етістіктер.
Бар- айтушыдан қашықтау ұғымын тудырады. Ұлық Іркін аз қына ерін тезіп барды. Йоры- Іс-қимыл үстіндегі созылмалы әрекетті білдіреді. Тірү өлү йорыйыр ертіг. Ыд «жіберу» Іс-әрекеттің аяқталғанын білдіреді. Қағанладық қағанын йүтүрү ыдмыс. Олур- Іс-әрекеттің созылмалылығы мен тұрақтылығын білдіреді. Оғыз бодунығ ігіду олурыр. Бер- Біреудің тарапына жасалған ісәрекеттің мәнін білдіреді. Алп ерін өлүрүп балбал қыла бердім. Көр- Іс қылуға әрекеттенуді білдіреді. Буңадып қаған: йелү көр тіміс. У- Мүмкіндікті білдіреді (болымды және болымсыз мағынада). Удачы ерті түрк бодун.
Одан ары бөлуге келмейтін ал- Етістік негізді баяндауыштард ың барлығын үш топқа бөліп қараймыз: Етістік негізділер (етістер) Туынды қышла -
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелер оларды толықтырып тұрады. Нақты айтқанда, пысықтауыш пен толықтауыш баяндауыштың мағынасын түсіндірсе, анықтауыш бастауыштың мағынасын саралаушы есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады. Көне түркі руника жазбалары тілінде сөйлем мүшелерінің түгел барлығы кездеседі.
Толықтауыш (тура толықтауыш) Көне түркі тіліндегі толықтауыш та синтаксистік қызметіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі сияқты тура және жанама болып бөлінеді. Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Руника жазбалары тілінде табыс септіктегі сөз амалмен, іспен тікелей байланысты болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады: -ны, ні, -ын, -ығ, -іг.
Жанама толықтауыштар Табыс септігінен басқа септікте тұрған (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) сөздер жанама толықтауыш болады. Жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары – зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер. Қағаныма өтүнтім – Қағаныма өтіндім. Есіз еліме, кунчуйыма, оғланыма, бодұныма, есізіме алтмыш йашымда адырылтым – Қайран елімнен, ханшамнан, ұлымнан, қайран, алпыс жасымда айырылдым.
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Он тутық йарчын йарақлығ елігін тутды – Он тұтықтың жарақты қолбасшыларын ұстады. Білігсіз қаған олурмыс ерінч – Біліксіз қаған отырған екен.
Пысықтауыш Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі болып табылатын пысықтауыштардың табиғаты өте күрделі болып келеді. Тіл білімінде бұл сөйлем мүшесінің жасалуы жөнінде айтылған бірізді пікір жоқ. Көне түркі тіліндегі пысықтауыштарды мезгіл, мекен, амал, себеп, мақсат және мөлшер деп қарастыруға болады. Қаның субча йүгүрті, сүңүкүң тағча йатты – Қаның суша жүгірді, сүйегің тауша жатты. Өртче қузып келті – Өртше қозып келді.
Пайдаланылған әдебиет: Сапашев О. С. Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері. Қазақ филологиясы факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған оқу құралы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2003. – 116 б.
Назарларыңызға рақмет!!! Забидуллаева Жұлдыз KZL-3
Zabidullaeva_Zh_1201_ldyz__1240_debi_til_.pptx