дана диалект слайд.pptx
- Количество слайдов: 5
КӘСІПТІК ПРАКТИКАЛАРДЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Есебі Мен, 26. 05. 2015 -01. 06. 2015 аралығында Қобда ауданы Әлия ауылында диалектологиялық практикадан өттім. Практикадағы негізгі мақсатым Хромтау ауданының тұрғындарының тіл ерекшелігін анықтау. Практиканың жалпы қамтыған аймағы-Қобда ауданы, Әлия ауылы. Осы ауыл тұрғындарының негізгі шаруашылық кәсібі бойынша, жалпы осы өңірде айтйлатын диалект сөздер бойынша сұхбат алдым. Ауылдың қарттарымен әңгімелесе отырып диалект сөздердің ерекшелігін айқындадым. Сонымен қатар ауыл мұрағатынан материялдарды қарап, ауыл тұрғындарының мақалаларынан диалектік ерекшеліктерді ажырата отырып, өзіме керек мәліметтерді жинадым. Диалектологиялық практиканың дербес тапсырмасы бойынша жумыс жасап , жинаған диалектілік сөздер бойынша талдаулар жасап , берілген тапсырмаларды орындадым.
Күнделік Күніуақыты Жұмыс барысы туралы жазбалар Практика жетекшісінің пікірі 26. 05. 15 ж Диалектологиялық практика барысында Хромтау ауд. Табантал ауылна барып, мәлімет жинадым 27. 05. 15 ж Ауыл мектебінің кітапханасына барып, керек деректерімді алдым Жинаған мәліметтерді папкаға салып, толықтырып, қорытындыладым 30 -31. 05. 15 ж
Диалект сөздер Әйдік - үлкен, зор. Әлменді - әлді, күшті, қуатты. Әлменділеу - күштілеу, әлділеу. Әредік - күзде немесе қыстың басында туған төл. Әрмен- Бермен - әрі-бері бұлталақ емес, тұрақты. Әрмені -Арысы, әрі дегенде. Әр- сәр -әрі-сәрі. Әуе Таяқ - балалар ойыны. Әшемөңке - белағаш, сілеген. Бағана - мана. Бақалақ - қол диірменнің ортасындағы айыр ағашы. Бақалақ - шананың шабағы. Бал - кішкене арық. Бас алма -ұршықтың басындағы қаңғалағын суырып алып толтыру. Баулық - тоқыған шарбақты белдеулеп байлайтын тал. Бауыр қалдық/ бауыртақ - жалғыз атты арбаға жеккенде аттың бауыр жағынан алынған қайыс. Баялдау -Кідіру, аялдау. Бәкөс - шалғымен шабылған шөп жалы. Бәс қою - салып қалу. Беденді - әдемі, ажарлы. Белуар - күрек. Белшер - қыспақ жер. Беркілеу - бекіту. Бермені - берісі, бері дегенде. Бершімек - беріш. Бесқадақ - сыйымдылығы бес литрлік ыдыс. Бибіт -бейбіт. Бодалақ - дөрекі, ажарсыз, ретсіз. Бозғанақ - ұсақ жапырақты аласа шөп. Боздақ - түйенің жүнін жүндеген жеріне қайта шығып келе жатқан майда жүн.
Шаруашылыққа қатысты диалектілер Малдақ-мал куте алмайтын, оны жек көретін адам Боздақ-түйенің жүнін жүндеген жеріне қайта шығып келе жатқанмайда жүн Тіркесу диалектілері Дұқат шапан-асыл матадан тігілген шапан Дүбіне жөнелу- дүрсе қоя беру, ұрсып ала жөнелу Есек жем- қырықаяқ Есім қосу- көңіл көтеру отырысында әркімге ат қойып шығатын ойын түрі Жабаса беру – уәде беру Жал тамыр- жал Қол салу- іске кірісу Қол-аяғы жеңілу-босану Қазақ үй- киіз үй Сәлем бердік-кішілердің үлкендермен амандасуы Суық қасшыл- қаскүнем Атымды жер- құнарлы, шығымды, қолайлы жер Ашуат шөп-сортаң, ащы жерге шығатын шөп Бозғанақ-ұсақ жапырақты аласа шөп Бұтанақ- шұқанақ, ойлы шұңқыр жер Дере- мал су ішетін науа Мандам- жылқы ауруы Малдаршылық- мал шаруашылығы
дана диалект слайд.pptx