Презентация Израиль Палестина.pptx
- Количество слайдов: 13
ИЗРАИЛЬ-ПАЛЕСТИНА ҚАҚТЫҒЫСЫ Орындағандар Кенчимбаев М, Байғали А, Тыныбеков Д
Тарихи жан-жалдың туындауы 1947 ж. 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина террнда араб және еврей мемл-терін құру жөнінде шешім қабылдаған күні арабтар мен еврейлер арасында алғашқы қақтығыс өтті. Ол кезде (1947) Палестинада 1, 2 млн. араб, 650 мың еврей болды. Палестинадан ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін Израиль мемл-нің құрылғандығы жария етілді (14. 5. 1948). Оның шекарасы әлі анықталмай тұрып, ертесінде-ақ еврейлер мен арабтар арасында бірінші соғысқа жол ашқан қарулы шайқастар басталып кетті. Израильдің астыртын қарулы күштері арабтар тұратын мекендерге шабуыл жасап, аса қатыгездікпен жүздеген адамдарды қырып салды. Мысыр, Трансиордания, Ирак, Сирия және Ливан әскерлері еврейлерге тиесілі емес оңт. және шығыс Палестинадағы жерлерді басып алды. Израильдықтар Иерусалимге апаратын басты жолға және Мысыр — Палестина шекарасы бойына бақылау орнатты (1949).
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі миссиясының соғысты тоқтату жөніндегі әрекеттері нәтиже бермеді, еврей террористері БҰҰ-ның уәкілі граф Фольк Бернадотты қастандықпен өлтірді. 1949 жылдың ақпан — шілде айларында араб елдері мен Израиль бірнеше бітім келісімдеріне қол қойды. Ол құжаттар бойынша Израильдің уақытша шекарасы анықталып, Газа Мысырдың бақылауында қалды, Трансиордания Иордан өз-нің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін қосып алып, Иордания аталды. Иерусалим қ-н араб және еврей аймақтарына бөлу жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі (29. 11. 1947) құпталды. Соғыс нәтижесінде Палестина арабтары Израиль басып алған жерлердегі ата қоныстарын тастап кете бастады. 50 -жылдардың орта кезінде Мысырпен батыс елдері арасындағы қатынас шиеленісіне түсті. АҚШ Мысырға қысым көрсетпек болып, Асуан бөгетін салуға қаржылай көмек беруден бас тартты. Оған жауап ретінде Мысыр президенті Абдель Насер Суэц каналын мемл. меншігі деп жариялады. Осыдан кейін Лондонда жиналған 22 мемл-тің бас қосуында Суэц каналының бұрынғы халықаралық статусын қалпына келтіру және каналды бірлесіп басқару жөнінде шешім қабылданды. Насер бұл ұсынысты орындаудан бас тартқаннан кейін Израиль, Ұлыбритания мен Франция оны өкімет билігінен күшпен тайдыруға әрекеттенді.
29 қазанда Израиль әскерлері Мысырдың Синай түбегіндегі бекіністеріне шабуыл жасады. Соғысқа Израиль жағында Ұлыбритания мен Франция араласты. 31 қазанда ағылшын-француз қарулы күштері Мысыр жерін бомбалады. 5 қарашада ағылшын-француз әскерлері Порт -Саид маңына шоғырландырылды. Бірақ Суэц каналы мәселесін әскери жолмен шешудің мүмкін еместігі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында айқын көрінді (1956). Франция мен Ұлыбритания өз әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды. Желтоқсанда Израиль әскерлері басып алған жерлерден әкетілді. Арабтар мен Израиль арасындағы қақтығыстар 1967 ж. жаңа соғыс өртіне ұласты. Ол тарихқа “алты күндік соғыс” деген атпен енді. 1967 жылдың 5— 11 маусымында Израиль көптеген араб қыстақтарын қырғынға ұшыратып, Мысыр, Сирия және Иорданияның 1, 5 млн. тұрғыны бар 66642 км² жерін, Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алды. Араб елдері АҚШ пен Ұлыбританияға мұнай шығаруды тоқтатып, Суэц каналын жапты. КСРО Израильмен дипломат. қатынастарын үзді. Араб елдері басшыларының Хартумдағы (1967 ж. , тамыз-қыркүйек) кездесуі, БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы (1967 ж. шілде) Израильдің қарулы күштерінің уақытша бітім шебінен сөзсіз әкетілуін талап етті.
Израильдің басып алған жерлерді босатпауы, мұнайдың үлкен саясат құралына айналуы арабтар мен еврейлер арасындағы қарым-қатынасты күрделілендіре түсті. Мұнай өндіруші жеті араб елі Израильге жақтасқаны үшін АҚШ пен Голландияға мұнай шығаруға эмбарго жариялап, 1 баррель (159 л. ) мұнай бағасын бұрынғыдан 70(-ке көтерді. Мысырмен Сирия өз әскерлерін КСРО көмегімен қайта жарақтандырды, Израиль АҚШ-тан қару-жарақ алды. 1973 ж. 6 -25 қазанда болған үшінші соғыста Мысырәскерлері Суэц каналынан өтіп, сириялықтар Голан биігінде жеңіске жетті. Алайда, қарсы шабуыл барысында Израиль әскерлері Мысыр майдан шебін бұзып өтіп, сириялықтарды Дамаскіден 30 км кейін шегіндірді. 25 қазанда КСРО мен АҚШ-тың араласуы нәтижесінде Мысыр, Сирия, Израиль арасында бітімге қол қойылды, оның орындалуына бақылау жасау БҰҰ күштеріне тапсырылды. Мысыр1967 жылғы соғыста айырылып қалған Синай түбегін Мысыртің жаңа президенті Ануар Саадаттың Израильмен жасаған Кэмп-Дэвид келісім шарты нәтижесінде ғана қайтарып алды (1982). Израиль әскерлері Синай түбегінен әкетілген соң еврейлер мен палестиналық арабтар арасындағы жанжал-қақтығыстар қайта өрбіді. 1982 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрутты және Палестина азаттық ұйымының базалары орналасқан оңт. Ливанды бомбалады. 14 маусымда Израильдің мұздай қаруланған жаяу әскерлері Ливан жеріне басып кіріп, Бейрутті қоршауға алды. Бұл соғыста да Израиль әскерлері Ливаннан халықар. күштердің талап етуімен шығарылды (1985 ж. , маусым). Мұнан кейін де (1987 ж. 9 желтоқсанда, т. б. ) Израиль басып алған жерлерде бірнеше қанды оқиғалар болып өтті. Израиль езгісіне қарсы халықтың жаппай бой көтеруі (“интифада”) өрістеді.
Израильдің Палестина халқына жасаған геноциді Израиль армиясының Палестина халқына жасап отырған зорлықты күші күн өткен сайын қанды қырғынға ұласуда. Палестинаның Газа секторына (облысына) әскери операция бастағанына 1 айдан асты. Еврей мемлекетінің әскері соңғы үлгідегі соғыс техникаларын қолдана отырып, Палестина территориясындағы қала, елді мекендерді аяусыз атқылауда. Соның салдарынан бүгінгі күнге дейін қаза болған бейбіт палестиналық тұрғындардың саны 1900 адамнан асты, ал жараланғандар мыңдап саналады. Басқыншы армия палестиналықтарды жас-кәрі демей бомбалап, ракетамен атуда. Танк және БТР-дің қолдауымен еврей солдаттары Газа қаласы мен жанынадғы ауылдарға кіріп, бейбіт халықты қырып, үйжайларын, мешіттер мен мектептерді қиратты. Жерорта теңіз жағалауындағы соғыс кемелері де ракета, артиллериямен атқылап, елді мекендерді талқандады. Бір ғана мысал, өткен дүйсенбі күні Израиль әскерлерінің атқан ракетасы Газаның оңтүстік секторындағы Рафах қаласына орналасқан БҰҰ қардысына салынған мектепті талқандады. Салдарынан 16 бейбіт тұрғын, балалар қайтыс болып, 50 -ы жараланған.
Израильдің Палестина халқына жасаған геноциді Тарихқа көз жіберсек, 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының № 181 Қарарында Палестина жерін екіге бөліп, араб және еврей мемлекеттерін құру туралы жазылған. Алайда, 1948 жылы 14 мамыр күні БҰҰ құрған комиссияның шешімін бұзып, бір жақты еврей мемлекетін жариялап жіберді. Сөйтіп, Израиль Палестинаның араб мемлекетін құруына мүмкіндік бермей соғыс ашты. Сол арқылы 1949 жылы Палестина жерінің 20 пайызын басып алып, өз территориясына қосты. Өйткені, олардың негізгі мақсаты – Палестина араб жерін тұтасымен Израильдің құрамына қаратып алу. Соның салдарынан Израиль 7 миллион палестиналықтың 3, 5 миллионнан астамын өз жерінен көрші араб елдеріне: Египет, Сирия, Ливан, Иордания және басқа мемлекеттерге қуып шықты. Бұндай қатыгездікті Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Израиль үкіметі ғана жасап отыр. Палестиндіктер Араб және мұсылман елдері, бұрынғы Кеңес Одағы, Еуропадағы демократиялық ұйымдардың қолдауымен Ясер Арафаттың басқаруында күресін жалғастырды.
Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары. Қазіргі таңда Сирия Израиьлмен бейбітшілік орнатудың шарты ретінде шек- араның шегін 1967 жылғы 4 маусымдағы «Шекараға келу» ұстанымында қат- ал тұр. Ослодағы қол жеткізілген келісімдерді мойындамаған Сирия, Ливия си- яқты мемлекеттердің өзі Палестина Ұлттық Билігі құрылуын мойындайды. Еги- пет, Иордания, Палестина және басқа араб елдері де Израильді жаңа мемлекет- тік субъект ретінде тануға мәжбүр болды. 2000 жылғы 24 -мамырда соңғы Израиль әскерінің оңтүстік Ливаннан кетуі- мен ливан-израиль бағытындағы реттеу ісінде жаңа кезең басталды. Израил әс- керлерінің эвакуациясы белгіленген уақыттан алты апта бұрын басталып, өте қысқа мерзім ішінде іске асырылды. [13] 1993 жылы Израиль Палестинамен Норвегия келісіміне қол қойғанымен іс-жүзінде оны орындамай келеді. Одан бері он жылдан астам уақыт өтсе де Израиль Палестинаға 1967 жылы басып алған жерлерінің 40 %-ын ғана қайтарып берді және Иерусалимнің шығыс бөлігін аннексиялау іс-әрекеттерін белсенді жалғастыруда. Таяу Шығыстағы бейбітшілік Египеттің мүддесі мен қауіпсіздігін тек географиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік жүйесінде де қанағаттандырмай отыр. Таяу Шығыста толық және әділ бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында Египет басшылығы өзінің саясатын белсенді жүргізіп келеді. Египет президенті Х. Мүбәрәк жанжалды бейбіт реттеу процесіндегі көптеген шаралардың бастаушысы және демеушісі болуда. Египеттің Таяу Шығыс саясаты жоғарыда аталған БҰҰ қарарларын орындау негізінде Таяу Шығыста толық және әділ бейбітшілік орнатуға бағытталған. [7] Бірақ соңғы жылдары Кайр Палестинаға жәрдем беруді азайтты. Египеттің Палестинаны азат ету мәселесінде Израильге деген анағұрлым жұмсақ позиция- сы байқалады. Айта берсеңіз, Израиль танкілері 2003 жылы Палестина басшы- сы Я. Арафатты Рамалла қаласында қоршауға алғанда да Президент Х. Мүбәрәк Израильмен дипломатиялық қатынасын үзбеді. Ал басқа араб елдері Тель - Авивтен өз өкілдерін шығарып алды. Бұған негізгі себепші болып отырған Еги- пет АҚШ-тан үлкен қаржылық жәрдем және әскери құрал-жабдықтар алып отыр.
Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары. Таяу Шығыстағы қақтығысқа тікелей қатысушылардың бірі Иордания Хашимиттік Корольдігі 1994 жылғы 25 - шілде айында Вашингтонда Израиль- мен бейбіт келісім жасау туралы деклорацияға қол қойып, қырық жылдан астам уақытқа созылған Иордания мен Израиль арасындағы теке -тіреске нүкте қойылды Бұл деклорация БҰҰ ҚК-нің № 242 мен № 338 қарарларына сүйенеді. Екі ел бір-бірінің жер тұтастығын, саяси тәуелсіздігін танып, құрметтеп, тұрақ- ты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және көршілестік қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылатындықтары туралы мәлімдеді. Иорданияның жас королі Абдалла әкесі Хусейннің саясатын жалғастырды. Ол Ясир Арафатпен жақсы қарым-қатынас орната отырып, Иорданияда тұрып жатқан 2 млн. -нан астам палестиналықтардан қауіптенеді. Иордания Норвегия келісімдерін қолдай келе Тель-Авив пен Вашингтоннан Палестина мемлекетін құруды талап етуде. [59] 2001 жылы Израиль үкіметі басшылығына экстре-мистік бағыт ұстанған А. Шарон келген кезде Амман еврей мемлекетімен сая- си, саудаэкономикалық байланыстарды қысқартты. Ал Израиль танктері Рамалладағы Я. Арафат резиденциясын қиратқан соң наразылық білдіру ретін- де Тель-Авивтегі елшісін Амманға қайтарып алды. Бірақ Иордания Израильмен толық дипломатиялық қатынасты үзбей, оның елшілігі қызметін жалғастырып жатыр. Палестина Ұлттық Билігіне келетін болсақ, оның құрамындағы басты екі саяси партияның арасында бір ауыздылық жоқ. Парламенттегі 132 орынның 74 -ін, және үкіметтің жартысынан астамын иеленіп отырған радикалды – діни «ХАМАС» ұйымы, сондай-ақ «Ислам джихады» топтары Израильдың мемлекет ретінде өмір сүруге деген құқығын және онымен бейбіт келіссөздер жүргізуді мүлде мойындамайды. Бұл ұйымдар «Тәуелсіз Палестина мемлекетін» құру жолында террорлық әдістерді қолдануда. Ал үкіметтің жартысын және парламенттің шағын бөлігін иеленген президент М. Аббас жетекшілік ететін зайырлы бағыттағы ФАТХ ұйымы Израильдің өмір сүруге деген құқығын мойындап, онымен «Жол картасына» сәйкес бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы тәуелсіз Палестина мемлекетін құру- ды қолдайды. Э. Ольмерт басқаратын Израил үкіметі ХАМАС, «Ислам джиһады» секіл- ді радикалды –діни ұйымдардан Израилдың өмір сүруге деген құқығын мойын- дауды, террорлық әдістерді доғаруды талап етуде. Тек сонан соң ғана «Жол картасына» сәйкес бейбіт келіссөздер арқылы тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды. Сондай-ақ қазіргі таңда Израиль Сириямен де бейбіт келісім жасауға ұмтылуда.
Қорытынды Қазіргі таңдағы планетаның ең ыстық саяси нүктесіне айналып отырған Таяу Шығыс аймағындағы арабизраиль қақтығысының тарихына терең де кешенді ғылыми анализ жасай отырып, автор төмендегідей нақты тұжырымдар ұсынады: 1. Таяу Шығыс дағдарысы жарты ғасыр бойы әділетті шешілмей, Араб ел- дерінің үнемі жеңіліс тауып, Израиль агрессиясына ұшырауының басты себеп- тері Араб басшыларын жеке саяси мүдде көздеп, бірауыздылығының болмауы, олардың әскери жағынан Израиль армиясынан әлсіздігі, ірі державалардың аймақтағы құйтырқы саясаты, АҚШ-тың Израиль мемлекетін бірбетті де ашық қолдауы, соған сүйенген Израильдың БҰҰ-ның қарарларын, Араб- Израиль бейбіт келісімдерін орындамауы болып табылады. 2. Таяу Шығыс теке-тіресінің пайда болуына және жарты ғасырға жуық әділетті саяси шешімін таппай келе жатқанына тікелей әсер ететін бірқатар объективті және субъективті факторлар бар. Атап айтқанда экономикалық, стратегиялық, геосаяси, идеологиялық, діни және т. б. факторлар. Түсінікті болу үшін бірер фактордың роліне ғана тоқталып өтелік. Таяу Шығыс аймағы бүкіл әлемді энергоресурстармен қамтамасыз ететін негізгі аймақ болып келеді. Дәл осы экономикалық факторлар аймақта ірі державалардың мүдделерін түйістіріп, саяси процесстердің дамуына тікелей әсер етеді. Таяу Шығыс Европа, Азия, Африканы түйістіріп тұрған ерекше стратегия- лық маңызы бар аймақ. Еврейлік банкир Ротшильд атап көрсеткендей: «Батыс үшін Палестина әр қашан шығысқа кіретін қақпа болған» . [45] Сондықтан да қақтығыстың өрбуінде ірі державалардың геосаяси мүддесі үшін үлкен маңызы бар әскери-стратегиялық факторлардың ролін жоққа шығара алмаймыз. 3. Таяу Шығыс теке-тіресінің бейбіт реттелуінің аймақтық және халықаралық аспектілері бар. Алдымен халықаралық аспектісіне тоқталалық. Таяу Шығыс аймағы әрқайсысы өзінің жеке геосаяси мүддесін көздеп, соған сәйкес қақтығысқа қатысты бір-біріне сәйкес келмейтін сыртқы саяси доктриналар ұстанып отырған ірі державалардың үлкен мүдделері түйіскен аймақ. Сондық- танда Палестина-Израиль бейбіт реттеу процесінде
4. Сионизм-тек Таяу Шығыс елдері үшін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы үшін аса қауіпті саяси ағым. 5. Палестинаның әу баста тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына басты кедергі жасаған араб елдерінің басшылары болды. Олар БҰҰ-ның Палестинада араб және еврей мемлекетін құру туралы № 181 резолюциясын мойындамай, Палес- тинаның бүкіл аймағына иелік жасау мақсатымен 1948 ж. Израиль мемлекеті құрыла салысымен оған 7 араб мемлекетінің әскерлері тап берді. Нәтижесінде сол күйі Палестина мемлекеті құрылмай, оның территориясын Израиль мен араб елдері өзара бөліске салды. 6. Қақтығыстың жуық арада түбегейлі, әділетті де бейбіт саяси шешімін табуы әбден мүмкін. Өйткені қазіргі таңда Сирия мен Палестинадан басқа араб- изра- иль жанжалына тікелей қатысушы араб мемлекеттері Израильмен бейбіт келі- сімдерге қол қойып, Тель. Авивпен достық қарым- қатынастарын дамытуда. Зерттеу барысы көрсеткендей қазіргі таңда Израиль-Сирия, Израиль- Палес- тина бейбіт келіссөздерінде де үлкен ілгерілеушіліктер орын алуда. Сондай-ақ қазіргі таңда процесстің негізгі демеушілері «Төрттіктің» мүшелері де қақтығ - ысты бейбіт саяси жолмен шешуге бар-күш жігерін салуда. Осы фактілерді ескере келгенде теке-тірестің жуық арада түбегейлі бейбіт саяси шешімін та- бады деген тұжырым жасауға толық негіз бар.
Қақтығыс тарихын және оған қатысушы тараптар ұстанымын мұқият таразылай отырып автор өз тарапынан оны бейбіт реттеудің мынадай ғылыми негізделген жолын ұсынады. : 1. Таяу Шығыс жөнінде тұрақты жұмыс істейтін халықаралық бейбіт конференция механизімі құрылуы тиіс. Конференция аясында Тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қадағалайтын халықаралық комиссия құрылуы қажет. Келіссөздерде қол жеткізілген шешімдерді екі тараптарға да орындату үшін аймақта халықаралық бітімгершілік күштерді пайдалану керек. 2. Бейбіт келіссөздер негізінде міндетті түрде Осло келісімі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 181; № 338; № 242 қарарлары және «Жол картасы» жоспары мен «Жерді бейбітшілікке айырбастау» принципі жатуы тиіс. 3. Бейбіт процесстің негізгі демеушілері «Төрттіктің» яғни БҰҰ, АҚШ, Ресей, Еуроодақ ролін сақтау және күшейту. 4. Израиль Палестина жерін аннексиялауды тоқтату, жаңа еврей қоныстарын салу және ескілерін кеңейтуді тоқтату секілді ертеректе қол жеткізілген келісімдерді бұзатын әрекеттерін тоқтатуы тиіс. 5. Келіссөздер барысында Палестина Ұлттық билігіндегі басым саяси күшке ие болып отырған ХАМАС, «Ислам Джихады» ұйымдарына Израильдың өмір сүруге деген құқығын мойындап, террорлық әрекеттерден бас тарту талабы қойылуы тиіс. Керісінше болған жағдайда бұл ұйымдар әскери күшпен толық жойылуы тиіс.
Презентация Израиль Палестина.pptx