инкар анатомия.pptx
- Количество слайдов: 19
ИЫҚ БЕЛДЕУІ ЖӘНЕ ҚОЛДЫҢ ЕРКІН ҚОЗҒАЛАТЫН БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ
Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынының айналасын қоршап, оны түрлі қимылға келтіреді. Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып кар сүйегіне жабысады.
1)Дельта тәрізді бұлшық ет( дельтовидная мышца, m. delteideus)Бұғана сүйегінің латераль бөлігінен, акрамионнан және жауырынның қырынан басталады. Барлық бумалары бірігіп қар сүйегінің дельта тәрізді бұдырына келіп бірігеді. Атқаратын қызметі: алдыңғы бөлігі иықты бүгеді, ортадағы бөлігі иықты горизонталь деңгейде ұстайды, артқысы иықты жазады. 2)Қыр үсті бұлшық еті(надостная мышца, m. supraspinatus)жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып, қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді. Атқаратын қызметі: иықты денеден алып қашады, орталық бөлігінің синергисті. 3)Қыр асты бұлшық еті(подостная мышца, m. infraspinatus)жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып, қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді. Атқаратын қызметі: иықты сыртқа айналдырады.
4)Кіші домалақ бұлшық ет(малая круглая мышца, m. teres minor)-жауырынның латераль шетінен басталады, қар сүйегінің үлкен томпағына жабысады. Иықты сыртқа айналдырады. 5)Үлкен домалақ бұлшық ет(большая круглая мышца, m. teres major)-жауырынның латераль шетінен басталып қар сүйегінің кіші томпағына бірігеді. Иықты ішке айналдырып, төменге және арқаға тартады. 6)Жауырын асты бұлшық ет(подлопатная мышца, m. subcapularis). Жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталады, қар сүйегінің кіші томпағына жабысады. Иықты ішке бұрады, оны денеге жақындатады, иық буынын соғылудан қорғап, кері тартып тұрады.
Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері: тоқпан жіліктің, білектің, қол басы сүйектерінің бұлшық еттері болып үшке бөлінеді.
Тоқпан жіліктің бұлшық еттері екі үлкен топқа бөлінеді: -алдыңғы топтағы бұлшық еттері қызметі жағынан қолды бүгушілер; -артқы топтағыларыжазушылар.
Алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне: Екі басты бұлшық ет( двуглавая мышца, m. biceps brachii). Оның ұзын басы жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталады. Екі басы бірігіп, қар сүйегінің бұдырына жабысады. Бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынында бүгеді, білекті сыртқы қарай айналдырады.
Құстұмсық-иық бұлшық еті( клювоплечевая мышца m. coracobrachialis) жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып, білек сүйегінің ортасына жабысады. Бұлшық ет жиырылғанда иық көтеріледі, ішке қарай айналады, иық денеге жақындайды. Иық бұлшық еті( плечевая машца, m. brachialis)қар сүйегінің төменгі 1/3 -нен басталып, білектің шыбығының адырлы томпағына жабысады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
инкар анатомия.pptx