Италияның «Тәтті» музейлері
*Италия – музейлер елі ретінде танымал! Мұнда шағын коллекциялы музейлерді қоспағанда нақты 4739 музей бар екені анықталған. Италияның территориясында әр түрлі музейлердің үлкен қоры бар. Солардың ішінде сурет галереялары, ұлттық музейлер, арнайы король сарайлары және де ерекше тақырыптағы музейлер де бар. Соның бірі Италиядағы «Татті тағамдарға арналған» шағын музейлер болып табылады.
*
* Тағам итальяндықтар үшін – жай ғана асқазанды толтыру емес, бұл өз жерлерінде өсетін азық-түліктің дәмдерімен рахаттану ретінде саналады. Италияның тағамдарына арналған музейлерінде тек қана тағам түрлерімен танысып қоймай, сонымен қатар, олардың шығу тарихымен және оны дайындаудағы құпиялармен таныстырады. * Паста ұлттық музейі – Римде орналасқан, итальялық ерекше маңызды аспаздық тарихының қалыптасуына және оның мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық өркендеуіне арналған ерекше музей болып табылады. Паста музейінің 11 залында әр уақыттағы макарон өнімдерін дайындауда қолданатын асүйлік құралдар, рецепт кітаптары, макарон өнімдеріне қатысты ескі документтер және де басқа экспонаттар көрсетілген.
*1889 жылы Римде Паста Ұлттық музейі өз жұмысын бастайды. Ол Треви аумағында орналасқан. Негізі макарон өнімдері Германияда шыққан, ал Итальяндықтар өз идеялары ретінде қабылдап, осы істі қолға алып, аяғына дейін жеткізеді.
*
*Итальялық зәйтүн музейі Лигураның солтүстігінде орналасқан. Бұл ауданда зәйтүн ағашы мамандандырылған түрде жетілген. Музейден зәйтүннің аумақты коллекциясын көруге болады. Музей 18 залдан тұрады. Бірінші зал зәйтүн ағашы мен адамның қарымқатынасына арналған, мұнда ежелгі графиндер мен ыдыстар, зәйтүн тарихымен таныстыратын құжаттар, ежелгі жабайы зәйтүндердің қалдықтары қойылған. Келесі зал зәйтүн өсіруде қолданылатын құралжабдықтар мен зәйтүннің көтеген сұрыптарын танытуда үлкен рөл атқарады.
*
*Пармдық шошқа еті музейі.
* Пармдық шошқа еті музейі. Музей 8 тақырыптық сектордан тұрады. Бірінші сектор Парм туралы мәлімет береді және де ежелгі дәуірден қазіргі кезге дейінгі жергілікті тұрмыстық дәстүрлерден хабар береді. Екінші секторда шошқалардың түрлері мен олардың сан еттерін қалай дайындау керек екендігі туралы және де негізгі тұқымықара пармдық шошқа туралы мәліметтер береді. Ал қалған секторларда қасапшылар туралы және ет өнімдерінің барлық түрлері, олар туралы ақпарат алуға болады.
*Қызанақ музейі
*Пармға жақын орналасқан бұл музей 2010 жылы ашылды. Музей алғаш Еуропадағы көкеністер туралы, оларды сақтаудың жолдары, алғаш қолданылған құралдар туралы барлық мәліметті береді.
*Ірімшік музейі
*Пармезан Музейі Соранья атты Итальядағы шағын қалада орналасқан. Бұл музей ғимараты екі этаждан тұрады. Музей экспозициясы ХІХ-ХХ ғасырларды қамтитын 120 экспонаттан және олардың ішінде көпшілігі ескі суреттер мен картиналардан тұрады. Экспонаттар ішінен қазіргі таңдағы сырды өңдейтін құрылғыны көруге болады. Музей келушілерге залдағы ең керемет сақталған сырды дәм татуға ұсынады.