иТАЛИЯ.pptx
- Количество слайдов: 11
Италия Орындаған: Бабикова Айым; Тексерген: Қасенова Бахытжамал Базыкенқызы; Пән: География;
Картадағы көрінісі.
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы. Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301, 2 мың км 2. Халқы – 57, 5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2, 8 млн. ). Бұған қоса Милан (1, 6 млн. ), Неаполь (1, 2 млн. ), Турин (1, 1 млн. ), т. б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5 -еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия Туы.
Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О. Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946). Италия Елтаңбасы.
Табиғаты Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 жылы) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т. б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2 -орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста – 15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан),
Экономикасы Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146, 2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6 -орында, оны жан басына шаққанда 3 -орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35, 6%, ауыл шаруашылығы – 3, 9%, қызмет көрсету – 60, 5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т. б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1 орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10 -орында).
Туризм Орталығы Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн- нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6 -орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т. б.
Тарихы 488 жылы Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, өз корольдіктерін (493 – 544) құрды. 554 жылы Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды. 754 – 56 жылы франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің орталық бөлігін бөліп алды және ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемлекетінің (Папа облысы) құрылуының бастамасы болды. 774 жылы елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 жылы Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон Корольдігінің басқыншылық жорықтары (951 және 961 – 62) нәтижесінде корольдік 962 жылы Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердіңшапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты. 10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте -бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т. б. ) Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды. 1154 – 76 жылы герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі қалыптаса бастады.
XX ғасыр 1911 – 12 жылы Түркиямен соғысып, одан Ливия мен Додеканес аралдарын тартып алды. 1926 жылы фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды. 1936 жылы майда Италия Эфиопияны басып алды, 1936 – 39 жылы Испаниядағы фашистік төңкеріске белсене араласты, 1937 жылы “Антикоминтерндік пактіге” қосылды, 1939 жылы Албанияны басып алды. 1940 жылы 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы 27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісімшартқа отырды. 1940 жылы қазанда Грекияға, 1941 жылы сәуірде Югославияға шабуыл жасады. 1941 жылы маусымда Германиямен бірігіп, КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес армиясы 1942 – 43 жылы қыста Орта Дон бойында Италия армиясын толық талқандады. 1941 – 43 жылы Италия әскерлері Солтүстік Африкада да толығымен талқандалды. 1943 жылы 25 шілдеде елде мемлекет төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылшын-американ әскерлері (Апеннин түбегіне) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді. 1945 жылы сәуірде жалпыхалықтық көтеріліс нәтижесінде ел толығымен азат етілді. 1946 жылы 2 маусымда елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады. 1948 жылы Маршалл жоспарына сәйкес, АҚШ-тан көмек алды. 1918 жылдағы италиялық жаяу әскерлерi. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 650. 000 -ға жуық италиян жауынгерлері қаза табылған
Аумақтық құрамы. Оның аумағы Апеннин түбегінен, солтүстіктегі материктік бөліктен және оңт- батысындағы аралдардан ( Сицилия, Сардиния және ұсақ аралдар) тұрады. Сан. Марино ергежейлі мемлекеті ел аумағына сұғына орналасқан. Италияның орналасуы (қара жасыл): — Еуропада (ақшыл жасыл және қара сұр) — Еуропалық одақта (ақшыл жасыл)
Қазақстанмен қарым-қатынасы Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О. Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7 -орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т. б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған“Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
иТАЛИЯ.pptx