Анатомия Батен Г 215 топ.ppt
- Количество слайдов: 19
“Іштің тік бұлшықетінің қынабын моделдеу. ” Орындаған: Батен Г 215 топ студенті Тексерген: Құсайынова Б. С Қарағанды 2009 ж
Жоспар : 1. Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеті. 2. Іштің артқы қабырғасының бұлшықеті 3. Іштің тік бұлшық еті. 4. Прирамидалы бұлшық ет. 5. Іштің тік бұлшықетінің қынабын.
Кіріспе Іштің тік бұлшық еті, m. rectus abdominis ол шандыр қабықшаның бүйір қапталында, сыртқы пішіні жалпақтау келіп, төссүйегінің семсерлік өсіндісінен, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта бойлай орналасқан жұп бұлшықет. Бұл бұлшықет қабырғаның 5 7 шеміршектік бөлігінен және төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен басталып, төмен қарай бағыт алып жіңішкелеу келіп шат сүйегінің төмпешігі, tyberculum| pubicum мен қасағасының, sumphysis pubica аралығына барып бекиді. Белдің шаршы бұлшықеті, m. quadratus lumborum ол іштің артқы қапталында, 12 қабырға мен мықын сүйегі қырқасының аралығында орналасқан, сыртқы пішіні шаршы тәрізді жалпақ бұлшықеттің талшықтары алдыңғы және артқы топ болып екі бөлікке бөлінеді: а) алдыңғы бөлігі — мықын сүйегі қырқасының ішкі ернінен, labium internum және бел мықын байламынан, lig. iliolumbale басталып, 12 қабырға мен кеуде омыртқасына барып бекиді. ә) артқы бөлігі — ол да мықын сүйегінің қырқасынан және бел мықын байламынан бас талып, өрлеме бағытта өтіп, 1 4 бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: бір жақты жиырылған кезде, мықын сүйегін жоғары көтерумен қатар, 12 қабыр ғаны төмен тартып, омыртқа бағанасының бел бөлігін бүксе, екі жақ бөлігі бірдей жиырылғанда омыртқа бағанасының бел бөлігін шалқайтады. Нервтендірілуі: қабырғааралық нервтер, n. intercostales мен белнервтері, nn. lumbalesa арқылы нервтендіріледі. Қанмен қамтамасыз етілуі: қабырға асты лық, бел және бел мықын артериялары арқы лы, aa. subcostalis, lumbalis, iliolumbalis, қанмен қамтамасыз етіледі.
Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеті. Іштің тік бұлшық еті, m. rectus abdominis ол шандыр қабықшаның бүйір қапталында, сыртқы пішіні жалпақтау келіп, төссүйегінің семсерлік өсіндісінен, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта бойлай орналасқан жұп бұлшықет. Бұл бұлшықет қабырғаның 5 7 шеміршектік бөлігінен және төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен басталып, төмен қарай бағыт алып жіңішкелеу келіп шат сүйегінің төмпешігі, tyberculum| pubicum мен қасағасының, sumphysis pubica аралығына барып бекиді. Тік бұлшықетінің ерекшелігіне тоқтайтын болсақ, көлденең бағытта кіндіктік сақинадан, annulus umbilicalis жоғары орналасқан екі, төменірек , бір кейбір кезде байқалмайтын аралық сіңіршелер, intersectiones tendineae арқылы бірнеше сегметтерге бөлінеді.
Іштің артқы топ бұлшықеттері Белдің шаршы бұлшықеті, m. quadratus lumborum ол іштің артқы қапталында, 12 қабырға мен мықын сүйегі қырқасының аралығында орналасқан, сыртқы пішіні шаршы тәрізді жалпақ бұлшықеттің талшықтары алдыңғы және артқы топ болып екі бөлікке бөлінеді: а) алдыңғы бөлігі — мықын сүйегі қырқасының ішкі ернінен, labium internum және бел мықын байламынан, lig. iliolumbale басталып, 12 қабырға мен кеуде омыртқасына барып бекиді. ә) артқы бөлігі — ол да мықын сүйегінің қырқасынан және бел мықын байламынан бас талып, өрлеме бағытта өтіп, 1 4 бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: бір жақты жиырылған кезде, мықын сүйегін жоғары көтерумен қатар, 12 қабыр ғаны төмен тартып, омыртқа бағанасының бел бөлігін бүксе, екі жақ бөлігі бірдей жиырылғанда омыртқа бағанасының бел бөлігін шалқайтады. Нервтендірілуі: қабырғааралық нервтер, n. intercostales мен белнервтері, nn. lumbalesa арқылы нервтендіріледі. Қанмен қамтамасыз етілуі: қабырға асты лық, бел және бел мықын артериялары арқы лы, aa. subcostalis, lumbalis, iliolumbalis, қанмен қамтамасыз етіледі.
Іштің тік бұлшықеті Іштің тік бұлшық еті, m. rectus abdominis, жалпақ, іштің бұлшық етінің ішіндегі ең ұзынына жатады, брюшной қабырғаларының бүйір жағындағы алдыңғы бөлігінде іштің ақ сызығы болады, linea alba, іштің ортанғы сызығы бойында созылып жатады prosessus xiphoideus бойында қосылады. Іштің тік б. еті V VII қабырғалардан басталады және prosessus xiphoideus; төменге қарай жүреді, содан кейін ол тарыладыда және шат аралық сүйекке symphysis және tuberculum pubicum барып бекиді.
Іштің алдыңғы және бүйір топ бұлшықеттерінің жалпы қызметі: 1. Кеуде торын төмен тартып, омыртқа бағанасын алға қарай иіп, тыныс алу қызметін атқарып қана қоймай, іштің қуысындағы қысымды реттеу қызметін атқарады. 2. Екіншіден, біржақты жиырылған кезде омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай бұрау. 3. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті жиырылған кезде омыртқа бағанасы қарама қарсы жағына қарай бұрылады. 4. Ішкі қиғаш бұлшықеті жиырылған кезде омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай бұрылады.
Іштің тік бұлшық етінің қынабы Іштің тік бұлшық еті, m. rectus abdominis дәнекер тканды қынабтың vagina m. rectus abdominis ішінде орналасқан. Тік бұлшықетінің қынабы іштің жалпақ үш бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады. Қабырғаларының құрылысы біркелкі орналаспаған. 1. Тік бұлшықет қынабының кіндіктен жоғары денгейінің құрылысы: а) Алдынғы қабырғасы: сыртқы қиғаш бұлшықетнің апоневроздық қабықшасы, aponeurosus m. obliquus interni алдынғы табақшасынан, lamina anterior тұрады. ә)Артқы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозының, aponeurosus m. obliqui interni артқы табақшасы, lamina posterior мен көлденең бұлшықеттің апоневрозынан, aponeurosus m. transversus abdominis оның фасциялық қабықшасынан, fascial transversalis және бұлшықетті құрсақ қуысы жағынан көмкерілген ішастар, peritoneum тұрады.
lntegumemum commune Sternum M. rectus abdominis „ . , M. obiiquus Cartilage externus costais abdominis M. intercostalis internus Fascia transversalis Peritoneum nanetale Lig. umbilicale medianum
Пирамидалы бұлшықет. Прирамидалы бұлшық ет, m. pyramidalis, үшбұрышты көлемді келеді, көлемді. Мықын сүйектен басталып, алдынғы жағынан іштің тік бұлшық етіне бекиді, олар кейін жоғары қарай көтеріліп және ақ сызықтың төменгі айналасындағы әр түрлі жерінде бекиді. Екі бұлшық ет, тік және пирамидалы, аяқталатын жері іштің тік бұлшық етінің қынабында, vagina m. recti abdominis, үлкен көлемді, іштің бұлшық етінің апоневрозын қалыптастырады. Нервтелуі: nn. intereostales, n. lumbalis (Th, ТЬц; L, ). Қанмен қамтамассыз етілуі: іштің тік бұлшық еті, аа. epigastricae superior et inferior, пирамидалы бұлшық еті, cremasterica, epigastrica inferior.
Іштің ақ сызығы. Іштің ақ сызықшасы, linea alba, ол төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен, processus xyphoideus басталып, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта созылып орналасқан апоневрозды ақ түсті жолақ. Іштің ақ сызықшасы, linea alba, орталық сызықшаның бойында өзара айқасып орналасқан іштің үш жалпақ бұлшықеттер апоневрозындарының өзара айқасуы нәтижесінде құралған. Ені жоғарыдан төмен қарай бағытталған сайын жіңішкелеу келген. Қалындығы кіндіктен жоғары бөлігі жұқалау болып келсе, төменгі бөлігі керісінше қалындау болып орналасқан. Сонымен қатар, ақ сызықшаның жоғарғы бөлігінде жұқалау болып келуімен қатар, өзара айқасып орналасқан апоневроз қабықшаның аралығында бірде шағындау, бірде едәуір кеңдеу болып келген саңылаулар жиі байқалады. Ақ сызықшаның бойында жарықтардың жиі кездесуі сол себептен. Ақ сызықша кіндіктік сақинаны құрауға қатысады, annulus umbilicalis кіндік сақина іркілдеген дәнекер ткандардан, кіндіктен тұрады және кіндіктің a. v. қан тамырларының тесіктері орналасқан. Сол себепті, кіндіктік сақинаның тұсында кіндіктік жарықтың жиі кездесуі соған байланысты.
Қорытынды Іштің тік бұлшық еті, m. rectus abdominis, жалпақ, іштің бұлшық етінің ішіндегі ең ұзынына жатады, брюшной қабырғаларының бүйір жағындағы алдыңғы бөлігінде іштің ақ сызығы болады, linea alba, іштің ортанғы сызығы бойында созылып 1. Кеуде торын төмен тартып, омыртқа бағанасын алға қарай иіп, тыныс алу қызметін атқарып қана қоймай, іштің қуысындағы қысымды реттеу қызметін атқарады. 2. Екіншіден, біржақты жиырылған кезде омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай бұрау. 3. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті жиырылған кезде омыртқа бағанасы қарама қарсы жағына қарай бұрылады. 4. Ішкі қиғаш бұлшықеті жиырылған кезде омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай бұрылады.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. «Адам анатомиясы» 1 том. Алшынбай Рақышев. Алматы 2004 ж. 2. Атлас «Адам анатомиясы» 2 том. Ә. Б. Әубакіров, Ү. Ж. Жұмабаев, Т. М. Досаев, Ф. М. Сүлейменова, Қ. Е. Сисабеков, М. З. Шайдаров 3. www. google. kz 4. Fire Aid все по медицине. Москва Оникс 2006 5. Атлас «Анатомия» М. Р. Сапин, Г. Л. Билич 1 том
Анатомия Батен Г 215 топ.ppt