Ахаев Ж.pptx
- Количество слайдов: 15
Іштің ашық жарақаты Орындаған: Ахаев Ж. Т Оқытуш: Медетбеков Т. А Топ: 43 -2 Факультет: Жалпы медицина Алматы 2015 ж.
Жоспары: v Кіріспе v Негізгі бөлім 1. Классификациясы 2. Диагностика критерилері 3. Негізгі диагностикалық шаралар 4. Емі v Қолданылған әдебиеттер v Қорытынды
Іштің ішкі мүшелерінің зақымдануы – оқшаулатылған немесе кешенді түрдегі тері жабындысы бүтіндігінің зақымдануы.
Классификациясы Тері жабындысының қатысына байланысты: • Іштің жабық жарақаты. • Іштің ашық жарақаты. Жарақат санына қарай • Біреулік • Көптеген. Жара өзегінің сипатына қарай: • Жанаспалы • Енген • Тұйықталған
Сонымен қатар: • • Кесілген жарақат Сұғылған жарақат Шабылған жарақат Жыртылған деп те жіктеледі
Диагностика критерилері • • • • Іштің зақымдануларының диагностикалық критерийлері: - Құрсақ қуысы зақымданған жарақаттанушы қимылдамай бір орында жатуға тырысады, көбінесе арқасымен немесе бүйіріне аяқтарын бүгіп жатады, қалыпын өзгертетін болса, бастапқы қалыпқа оралады (Ванька-встанька симптомы); - Беті шүңірейген үнемі сұйықтықты талап етеді; - Ес дәрежесі әр-түрлі болуы мүмкін; есінің анық болуынан, ступор, комаға дейін болуы; - Жарақаттың және қан кетудің ауырлығына байланысты, артериялды қан қысымының төмендеуі және де тахикардия көлемінің өзгеруі айқындала түседі; - Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі жарақаттың ауырлығымен параллель жүреді; - Тіл әдетте құрғақ, ақ немесе қоңыр жабындымен қапталған; - Алдыңғы құрсақ қабырғасы – тыныс алу актісіне қатыспайды немесе қимылы шектелген; - Пальпация кезінде іш бұлшық еттерінің әр түрлі дәрежедегі тартылуы байқалады. (бұлшықеттік дефанс); - Іш пердесінің тітіркенуін абайлап агрессиясыз байқауға болады (Блюмберг симптомы); - Перкуссия кезінде – ауырған аймақты, сол аймақта сұйықтың (гемоперитонеум, гидроперитонеум) немесе құрсақ қуысындағы бос газдардың болуын анықтайды (пневмоперитонеум); - Аускультация кезінде – ішек перистальтикасының төмендеуі немесе мүлдем болмауын анықтайды.
Негізгі диагностикалық шаралар 1. Жарақатты көріп тексеру. 2. Эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру. 3. Пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау. 4. Зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау. 5. АҚ өлшеу және ЖСЖ санау. 6. ТЖ санау. 7. Есі дұрыстығын анықтау.
Жедел жәрдем • 1. Асфиксияның көзін жою жəне алдын алу-ауыз қуысындағы бөгде заттардан жəне мұрын қуысындағы қан ұйындыларынан тазарту. • 2. Іш перде жарақаты бар кездегі ассептикалық танбалар. • 3. Іштің ашық жарақаты кезіндегі геморрагиялық шок белгілері, интроперитональды көп мөлшердегі қан кетуге күдіктену керек: омыртқаға қарай іш пердесінің алдыңғы қабырғасын екі алақанмен күштеп басу; көмекші бір алақанын содан екінші алақанын ауыстырып, алақан астына іштің алдыңғы бетіне сəкес келетін жұмыр затты салады (фанера, кітап) содан кейін қойылған затты ременмен денені айналдыра фиксациялау керек. • 4. Іш перд шарбы майы жəне ішектің ілмегі жарақаты арқылы енген эвентрациясы кезінде құрсақ қуысынан шыққан мүшелерді орнына қайтадан қоймайды, тек бірнеше қабатты ылғалды стерильді таңғыштармен қатты тартпай денесіне айналдыра фиксация жасайды.
Медикаментозды терапия 1. Прокаин 1% және 0, 25% ерітінді 2. 0, 85% натрий хлорид ерітіндісі 3. Декстран-60 4. Диазепам 5. Натрий окибутираты 6. Допамин 7. Наркотикалық аналгетиктер
5. Кең көлемді құрсақ қуысы мүшелерінің эвентрациясы кезінде (2 мл - 0, 005% фентанил ерітіндісінен кейін, 1 мл-0, 1% атропинді енгізу) құрсақ қабырғасының ақауынын шетін көмекші екі қолмен ұқыптап ашып, сыртқа шығып кеткен мүшелерді құрсақ қуысына салып қоюға тырысады да бинтпен қатты тарпай денесіне асептикалық айналдыра таңғыш салады. 6. Ішек ілмегінің бір бөлігі құрсақ қабырғасынан шығып кетуі немесе қысылуы болса ( 2 мл - 0, 005% фентанил ерітіндісінен кейін 1 мл 01% ерітіндісін еңгізу) қысылуды болдырмау үшін кішкене тілім жасау керек. 7. Қабырғадан шығып кеткен мүше болған жағдайда, аталған мүшені кішкене көтеріп құрсақ қуысына, мүшелердін ары қарай еніп кетпеуі үшін асептикалық таңғышпен таңу керек. 8. Жансыздандыру: 2 мл - 0, 005% фентанил ертіндісінен кейінгі 1 мл - 0, 1% атропин ерітіндісін енгізу. 9. АҚК-н толтыру үшін қан тамыр ішіне кристаллойдты және каллоидты ерітіндіні енгізу ( егер АҚҚ анықталмаса онда инфузия жылдамдығын 300 -500 мл/мин) ал шок кезінде І-ІІ дәрежесінде көк тамырға жайлап 800 -1000 мл-ден полиионды к/т еңгіземіз, қан айналымның айқын бұзылысында декстрандар мен гидроксиэтилкрахмалды 5 - 10 мл/кг АҚҚ қалыпқа келгенше жай ағыспен көк тамырға еңгізеді).
Қабырғалар сынуы 1. Асфиксияның алдын алу немесе тыю – ауыз және мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту. . 2. Сынған аймаққа 1% прокаин ерітіндісімен жергілікті және паравертебральдық блокада жасау. 3. Қабыртқалардың көптеген сынуы болғанда Вишневский тәсілімен вагосимпатикалық блокада жасау. . 4. Сыртқы қақпақшалы және ішкі қақпақшалы пневмоторакс болса міндетті түрде плевра қуысын бұғананың ортаңғы сызығы бойынша 2 -ші, 3 -ші қабыртқааралықта Дюфо тәсілі бойынша 3 -4 ине немесе троакар енгізу; иненің бос жағына немесе түтікке резеңке қақпақша бекітіледі. . 5. Ауыру сезімін басу: 2 мл 0, 005% фентанил ерітіндісін 1 мл 0, 1% атропин ерітіндісімен қоса құю. 6. Қанайналым көлемін толтыру мақсатында көктамырға коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді құю: егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы минутына 300 -500 мл; 1 -ші, 2 -ші дәрежелі шок болса көктамырға 8001000 мл-ге дейін полиионды ерітінділер құю; қанайналымның айқын бұзылуы болса көктамырға декстрандарды немесе гидроксиэтилкрахмалды 5 -10 мл/кг мөлшерінде, АҚ 90 -100 мм. с. б тұрақтанғанша құю. 7. Гемодинамика төменгі көрсеткіш деңгейде болса, регидратацияға қарамай (уақытты ұту үшін және жүрек функциясы тоқтауын болдырмау мақсатында) ауруханаға дейін вазопрессорлар және глюкокортикоидтар құю керек: допамин 200 мг 400 мл, плазмааламастырғыш ерітінділерді венаға жылдам тамшылатып, преднизолон 300 мг-ға дейін венаға құю керек. 8. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекті маска арқылы беру. 9. Транспорттық иммобилизация (көрсетімдер бойынша). 10. Зардап шегушіні көлденең жатқызып, басын 30 градусқа жоғары көтеріп тасымалдау.
10. Науқасты стационарға алып бара жатқанда гемодинамиканы төмен көрсеткіштерінде, регидротацияға қарамастан – вазопрессорлы және глюкокортикоидты препараттарды жүректің жұмысы тоқтап қалмауы үшін уақыт ұтып, допамин 200 мг/ 400 мл плазма алмастырушы ерітінді түрінде к/т жылдам тамшылатып, преднизалон 300 мг дейін к/т енгізу керек. 11. Психоматорлы қозу кезінде седативті препараттар енгізу. 12. Жедел тыныс жетіспеушілігі дамыған кезде, оттегі маскасы арқылы тыныс алу. 13. ЖӨЖ-гі апноэ, тыныс алу ритмінің бұзылысында, жедел тыныс жетіспеушілігінің декомпенсация сатысында (ТҚЖ 12 ден аз 30 дан көп) жарақаттық шоктың 3 сатысында кеңірдек интубациясын жасайды. 14. Әсерлі қан айналымның тоқтауы болғанда – ресусситационды шаралар қолданылады. 15. Көліктік иммобилизация (көрсеткіштер бойынша). 16. Жарақаттанушының горизантальды қалыпта мамандандырылған ауруханаға тасымалданады.
Қорытынды Қазіргі таңда құрсақ жарақаттары жалпы жарақаттар қатарында ерекше орынға ие десекте болады. Әрине құрсақ қуысында өмірге маңызды ағзалар бар екенін ескерсек, бұл жарақаттардың ауыр қасіреттерге алып келері сөзсіз. Дер кезінде көмек көрсеткен жағдайда жарақаттың көзін оқшаулап, науқастың өмірге қабілеттігін мейлінше арттыруға болатынына көз жеткіземіз.
Қолданылған әдебиеттер • 1. Хирургия катастроф. Х. А. Мусалатов. Москва, «Медицина» , 1998 год • 2. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С. Ф. , Верткин А. Л, Мирошниченко А. Г. , Хабутия М. Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г. • 3. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И. Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ» , 2003 г. • https: //diseases. medelement. com/disease/view/MTM 0 NTM%253 D/f. DB 8
Ахаев Ж.pptx