
Tema_8.ppt
- Количество слайдов: 27
Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы
Жоспары: Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың эндокриндік жүйесі туралы мағлұматтар Гипофиз Эпифиз Қалқанша безі Айырша безі Бүйрекүсті бездері Милы қабатының гормондары Қыртысты қабаттың гормондары Ұйқы безі Жыныс бездері
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлінеді: Ш 1) Бірыңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік, гипофиз, эпифиз, бүйрекүсті, айырша бездері жатады. Ш 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Оларға ұйқы безі және жыныс безі жатады.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың эндокриндік жүйесі туралы мағлұматтар Без түрлері Гормондар Гипоталамустық факторлар (либерин мен статиндер), нейрогормондар (вазопрессин, окситоцин) Гипофиз: аденогипофиз Соматотроптық гормон, тиреотроптық гормон, лютеиндік гормон, фолликуло-стимулдаушы гормон, аденокортикотроптық гормон, лактогендік гормон Нейрогипофиз Вазопрессин, окситоцин (гипоталамуста синтезделеді) Аралық бөлім Меланоцитті стимулдаушы гормон Қалқанша без Тироксин, трииодтиронин Қалқансерік бездері Паратгормон Ұйқы безінің Лангерганс аралшалары Инсулин, глюкагон, соматостатин, панкреагастрин, секретин, панкреозимин Бүйрекүсті бездері қыртысты бөлімі Кортикостероидты гормондар (минерало-кортикоидтар, глюкокортикоидтар, андрогендер мен эстрогендер)
Гипофиз Гипофизді ішкі секреция бездерінің «орталық безі» деп атайды. Гипофиз мидың астыңғы жағында, турік ершігінің ойысында орналасқан. Оның мөлшері бұршақтың үлкендігіндей, салмағы ересек адамдарда 0, 5 - 0, 6 гр.
Гипофиз Аденогипофиз (алдыңғы гипофиз) Нейрогипофиз (артқы гипофиз) Аралық
Аденогипофиздің микроқұрылымы
Эпифиз Сүтқоректі жануарларда эпифиз ортаңғы мидың сыртқы бөлімінде төрт төмпешіктің жоғарғы аралығындағы тереңдікте орналасқан. Бездің салмағы 100 – 180 мг. Эпифиздің сыртқы пішіні қарағай бүріне ұқсағандықтан оны кейбір әдебиеттерде қарағай бүрі тәрізді без деп атап жүр. Эпифиз ұлпаларын құрайтын паренхиматоздық клеткаларды пинеалоциттер деп атайды. Ірі клеткалар мөлдір, ұсақ клеткалар қоңырқай түске боялады. Пинеалоциттердің цитоплазмасында эндоплазмалық тор сирек кездеседі. Гольджи аппараты мен митохондриялар жақсы дамыған. Секреторлық гранулалар жиі кездеседі. Гранулалар Гольджи аппаратында түзіліп, қан тамырларына таяу жерде клеткалардан босанып шығады деген болжам бар.
Гормондары Эпифизде түзілетін мелатонин мен серотониннің мөлшері жарыққа байланысты болғандықтан жануарлар мен құстардың жыныстық белсенділіктері маусым бойына өзгеріп отырады, жазда және көктемде жедел күшейеді. Мелатонин терідегі меланофор пигментінің көлемін кішірейтіп, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды түссіздендіреді. Эпифиз ішкі секреция без ретінде денедегі электролиттер мен су алмасуын реттеуге қатысады. Денедегі жылуды реттеуге қатысады. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатының функциясын реттеуге қатысады.
Патологиясы Макрогенитосомия. Ауру жас организмнің денесі мен жыныс мүшелерінің мерзімінен бұрын пісіпжетілуімен сипатталады. Ер балаларда 10 -11, қыз балаларда 9 жасқа дейін кездеседі. Ауруға шалдыққан балалардың ақыл-есі дұрыс қалыптаспайды. Ауру көбіне ер балалар арсында кездеседі. Мұны 1910 жылы Пелличи сипаттап жазған.
Қалқанша безі Адамның қалқанша безінің алдынан (I) және артынан (II) көрінісі. 1 — мойнақ; 2 — оң және сол бүйір бөліктері; 3 — қалқансерік бездері.
Қалқанша безі Қалқанша без мойын аймағында, кеңірдектің алдында орналасқан. Сыртқы түрі таға тәріздес және екі бүйір бөліктерінен тұрады. Ересек адамдарда оның салмағы 20 -30 гр. Балаларда – 1, 5 -2 гр. Бездің сырты серозды қабықпен қоршалған, одан бездің ішкі ұлпаларында перделер тарап, безді жеке-жеке фолликулалардан тұратын бөліктерге бөледі. Перделер бойымен қан, лимфа тамырлары мен нерв талшықтары өтеді. Фолликулалардың қабырғасы бір қабатты эпителиальді клетка – тиреоциттерден тұрады. Тиреоцит клеткалары сырт жағынан қан капиллярларына бай дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалған. Фолликулалар арасы ұсақ клеткалар шоғырынан тұратын фолликула аралық көпіршелермен толтырылған. Осы көпіршелерден жаңа фолликулалар пайда болуы мүмкін деген болжам бар. Фолликулалар қалқанша бездің морфологиялық және функциональдық негізін құрайды. Тиреоциттер цитоплазмасында әртүрлі көлемдегі түйіршіктер, митохондриялар мен рибосомалар кездеседі. Фолликулалардың іші тиреоглобулиннен тұратын біртекті коллойдты затпен толған. Тиреоциттердің түкпен қоршалған сүйір беті фолликуланың ішкі бетіне бағытталған.
Қалқанша без гормондары және патологиясы Қалқанша без трииодтиронин және тетраиодтиронин немесе тироксин деп аталатын 2 гормон түзеді. Тироксин – қалқанша бездің негізгі гормоны. Ол 1914 жылы алынған, ал химиялық құрылысы 1926 жылы анықталды. Қалқанша без гормондары организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп – жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нерв қызметіне әсер етеді. Бұл гормондар клетка митохондрияларындағы тотығу процесінің қарқынын жоғарылатып, клеткадағы энергия алмасу мен белок алмасуын күшейтеді. Егер қалқанша без гормоны көп бөлінсе адам тиреотоксикоз немесе Базедов ауруына шалдығады. Егер гормон аз бөлінсе адам зоб (жемсау), кретинизм, микседема ауруына шалдығады.
Айырша безі Айырша без көкірек қуысында жүрекке жақын ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасқан. Бездің алдыңғы беті дөңестеу, артқа қараған жағы ойыс болып келеді. Сыртқы беті бұдырлы. Жас балаларда оның түсі қызыл-қоңыр, есейгенде сарғыш тартады (май клетчаткасының жиналуынан). Жас балада оның салмағы 10 -15 гр, 11 -15 жаста 30 -40 гр, ал жыныстық жетілуімен байланысты бездің салмағы азая береді, 70 -75 жаста оның массасы 6 гр аспайды. Айырша без сыртынан дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалған және екі бөліктен тұрады.
Айырша без гормоны және патологиясы Ұзақ уақыт бойы айырша безден гормон бөліп алу қиынға соқты. Тек, 1968 жылы бұзаудың айырша безінен тимозин гормоннын бөліп алуға мүмкіндік туды. 1974 жылы аталған гормон тышқан қанынан табылды. Адамдарда тимозин 20 -30 жасқа дейін тұрақты болады да, одан әрі азая бастайды. Гассаль клеткаларында тимозин, қанның тимустық факторы, тиморин, тимопоэтин, және Т-активин деп аталатын гормондар түзіледі. Олар Тлимфоциттерді дифференциялап, олардың пісіп-жетілуіне тікелей әсер етеді. Айырша без қызметімен байланысты кейбір патологиялық өзгерістер жас балаларда көбіне іштен туа пайда болады. Оның екі синдромы белгілі. Бірінші синдромы «Тұқым қуалайтын лимфоплазмцитарлық дисгенезия» деп аталады. Бұл синдром сирек кездеседі. Ауру хакексия және іш өту түрінде дамиды. Екінші синдром – «миастения гравис» деген атпен белгілі. Бұл синдром тимустың гиперфункциясымен байланысты. Миастения – бұлшықеттердің әлсізденуіне байланысты адамның жүре алмай қалуы.
Бүйрекүсті бездері бүйректің жоғарғы жағында орналасқан. Бездердің Бездер салмағы 5 -7 гр. фиброзды қабықпен қоршалған, одан ішке қарай жұқа перделер кетеді.
Бүйрекүсті безінің микроскопиялық құрылысы 1 — капсула, 2 - қыртысты қабат, 3 — милы қабат, 4 — вегетативтік ганглийлер, 5 – қан тамырлары, 6 — дәнекер ұлпаларының тәжісі, 7 — түйірлі зона, 8 — шоғырлы зона, 9 — торлы зона, 10 — хромофин клеткалары, 11 – капиллярлар.
Милы қабатының гормондары Бездің милы қабатында екі гормон – адреналин және норадреналин түзіледі. Олардың секрециясы қалыпты жағдайда қарқынды емес бір қалыпты жүреді, бірақ симпатикалық нерв жүйесінде қоздыру процесін тудыратын ситуациялық қауырт кезеңдерде, яғни стресс жағдайында олардың бөлінуі күрт артады. Сондықтан адреналинді «авариялық гормон» немесе «эммоциялық гормон» деп атайды. Экстремальды (қауырт) жағдайларда катехоламиндер бұлшықеттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын арттырады, вестибулярлық аппарат жүйесін стимулдайды.
Қыртысты қабаттың гормондары Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты қырықтан астам стеройдты қосылыстар түзеді. Олардың бәрі де холестерин туындылары. Аталған қосылыстардың бесеуі - дегидрокортикостерон, альдестерон, кортизон және гидрокортизон (кортизол) активті гормондар тобына жатады. Ал қалған үшеуі, атап айтқанда, альдостерон, гидрокортизон, кортизон шын мәнісіндегі нағыз гормондар тобын құрайды, өйткені олар түзілісімен бірден қанға өтіп, организмде тұрақты айналыста болады.
Глюкокортикоидтар секрециясының реттелу механизмі Үзіліссіз стрелкалар — стимулдаушы әсерлер, үзілісетері — тежеуші.
Ұйқы безі денедегі аса ірі бездер қатарына жатады және қарынның артын ала он екі елі ішек пен көкбауырдың арасына орналасқан. Ұйқы безінің сыртында қабығы болмайды, сондықтан оның ұсақ бөліктері бірден көзге түседі. Бездің ұзындығы 12 -15 см, салмағы 65 -100 гр.
Ұйқы безі ішкі және сыртқы секрециялық қызмет атқарады Сыртқы секрециялық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру қызметі жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады. Ішкі секреция қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары базофильді немесе β-клеткалар, ацидофильді немесе α - клеткалар, дельта немесе Д – клеткалар тобынан тұрады. β-клеткаларда инсулин, α – клеткаларда глюкагон ал, Д- клеткаларда соматостатин мен гастрин гармондары түзіледі. Жас организмде инсулин көп бөлінетінің, ал организмнің қартаюымен байланысты инсулин бөлінуі азайып, керісінше, глюкагон түзілуі артатынын көрсетеді. Без аралшықтары қанмен жақсы жабдықталып, симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленеді.
Гормондары және патологиясы Инсулин – амин қышқылдарының екі тізбегінен тұратын қарапайым белок. Ол көмірсу алмасуына әсер етіп, олардың тотығуын күшейтеді, бауыр мен ет ұлпаларында гликоген жасалуын тездетеді. Бауыр мен май ұлпаларының бос күйіндегі май қышқылдарының глицерин түрінде жинақталуын қамтамасыз етеді. Инсулин диабетпен ауырған адамның зат алмасуын жөнге келтіреді. Глюкагон – полипептидке жатады. Ол гликогеннің глюкозаға айналу процесін тездететін фосфорилаза ферментінің қарқындылығын арттырып, қандағы қанттың концентрациясын көбейтеді. Бауырда гликоген ыдырауын күщейтеді. Глюкагон ұлпасындағы май алмасуына да әсерін тигізеді. Егер қандағы глюкоза концентрациясы төмендесе терлегіштік, тахикардия, ашқарақтық, қозғыштық пайда болады. Глюкоза көлемінің қалыптан тыс көбеюін гипергликемия деп атайды. Ол инсулиннің жетіспеуінен болады. Ондай ауруды қант диабеті деп атайды. Диабет ауруында алдымен көмірсу алмасуы бұзылады. Организм клеткалары көмірсуды пайдаланбай, бауыр мен еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдырауы күшейеді.
Жыныс бездері Еркек жыныс бездері Тұқым бездері сыртынан серозды қабықпен қоршалған. Серозды қабықтың астында дәнекер ұлпаларынан тұратын белокты қабық жатады. Белокты қабықтан ішке қарай дәнекер ұлпалы қатпырлы перделер тарайды. Олар без паренхимасын 100 -ден 250 -ге дейін жекелеген бөліктерге бөледі. Еркек жыныс бездерінің құрылымдық және функциональдық бірлігі – тұқым қаналшалары. Каналшалардың қабырғалары Сертоли клеткаларымен көмкерілген. Сертоли клеткаларының арасына сперматозойдтар түзетін сперматогенді клеткалары орналасқан. Сертоли клеткалары бір- біріне жақын жатады және өздерінің сүйір ұштарымен каналшалар ішіне, ал доғал жағымен мембрана сыртына бағытталған. Олар: трофикалық, жыныс гормондарын бөледі, белокты заттар синтездейді.
Аталық жыныс безі 1 — бездің бөліктері; 2 — бездің аралық торы; 3 — белокты қабық; 4 — шығарушы каналша; 5 - бездің қосалқы жолы; 6 — тұқымды шығарушы жол.
Ұрғашы жыныс бездері (аналық бездері) Олар дененің жамбас бөлігінде, жатырдың екі жағында да орналасқан. Бездің сырты бір қабатты эпителияльды клеткалардан тұратын қабықпен қоршалған. Без екі бөлімнен: қыртысты және милы қабаттан тұрады.
Гормондары және патологиясы Еркек жыныс бездерінің гормоны андроген деп аталады. Олар бірінші және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуы мен дамуын реттейді. Белок алмасуына әсер етіп, бұлшықеттерде белоктың түзілуін және жиналуын күшейтеді, азоттың оң балансын қалыптастырады. Репродуктивтік жүйенің барлық звеноларының қызметін активтендіреді. Аналық безінің гормоны эстроген деп аталады. Олар жатыр түтіктерінің, жатыр мен оның эндометриялық қабатының өсуін тездетіп, екінші жыныстық белгілер мен жыныстық рефлекстердің пайда болуына әсер етеді. Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтіп, олардың окситацинге сезімталдығын арттырады. Аталық жыныс безінің гиперфункцисы кезінде баланың аталық бездері үлкейіп кететіндіктен бала тез өсе бастайды. Нәтижесінде жас организм денесінде қосымша жыныс белгілері пайда болып, ересек адамға тән сымбат қалыптасады. Ал гипофункция жағдайында жыныстық белгілер жетілмейді немесе нашар дамиды. Денесін май қаптап, әйел тектес семіру байқалады, дене пропорциясы қалыптаспайды. Әйелдерде гаметалар дамуының бұзылуынан бедеулік пайда болады. Хромосомалар ауытқуының бір жағдайында аналық безде милы және қыртысты қабат дамымай қалса, екінші бір жағдайда аталық бездердің дұрыс өспеуінен ер адамның сыртқы келбеті әйелдерге ұқсап кетеді.
Tema_8.ppt