кан кету Презентация1.pptx
- Количество слайдов: 8
Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек Асқазан – ішек қан кетулер белгілері: Аз немесе жасырын қан кетулер – «себепсіз» анемия. Айқын немесе массивті қан кетулер: Латентті кезеңде (бірнеше минуттан тәулікке дейін созылады) – жалпы белгілері қан кету: бас айналу, құлағында шу, әлсіздік, естен тану мүмкін; суық тер, бозару; тахикардия, АҚ төмендеуі; ентігу; аузының құрғауы, шөлдеу; Айқын кезеңінде: «кофе қойыртпағы» түріндегі (сирек қызғылт) қою қанды құсулар, кейде реакциясы қышқыл, қан ұйындыларымен тамақ қалдықтарымен құсу; асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кеткен кезде меленаның пайда болуы, төменгі бөліктерінен қан кеткен кезде қан және қан ұйындылары; Госпитализацияға дейінгі сатыдағы қан кетуді бағалау: Систолалық қысымның және ЖСЖ ұлғаюы бойынша – систолалық АҚ төмендеуі 90 мм. сын. бағ. және пульс жиілігінің минутына 20 және оданда жоғары соққысы шамамен қанның 25% жоғалуына сәйкес келеді. Шок индексін анықтау (Брюсов П. Г. , 1986): ШИ=ЖСЖ/Сист. АҚ. Қалыпты жағдайда қатынасы 0, 5 тең; ШИ жоғарлауы 1 дейін жоғарлауы ҚАК 30% жоғалуынан ҚАК 1, 5 -40% дейін сәйкес.
Ішкі қан кетудегі шұғыл көмек Госпитализацияға дейінгі сатыда: Аштық, суықтық және тыныштық. Ішіне мұз немесе суық су құйылған бөтелке қойылады, тасымалдау носилкамен жүзеге асады, коллапс кезінде аяғын жоғары көтеру арқылы; Бір мезгілде жедел хирургиялық бөлімге тасымалдайды; Оксигенотерапия; Хлорлы кальции (глюканат) 10%-10 мл ерт. к/т; Аминдық капрон қышқылы 5% — 100 мл ерт. к/т; Викасол 1%-2 -4 мл ерт. к/т. Госитализация сатысында (бір мезгілде диагностикалық және терапиялық шаралар жүргізіледі): тік ішекті саусақпен тексеру, асқазан және ішек жолдарының шұғыл рентгеноскопиясы, шұғыл эндоскопиялық тексеру, қан кету деңгейін бағалау; асқазаннан қан кету кезінде тамақ ішпеу және суықта ішімен жатады — әр 10 -15 мин, сайын Алмагель 1 ас қасықпен. Циметидин 200 мг к/т, сосын 200 -400 мг тәулігіне 4 рет ішке, немесе Кыамател 20 мгнан күніне 2 рет к/т, 5 -10 мл хлорлы натридің изотониялық ертіндісімен 2 мин. немесе 100 мл- 5% Глюкоза ертіндісімен 15 -30 мин), сосын 20 мг 2 рет тәулігіне ішке; инфузиондық трансфузиондық ем.
Қанның 25% көп мөлшерде жағалтқан жағдайларда: Полиглюкин 1, 5 л дейін инфузия жылдамдығы 100 -150 мл/мин, Нативті плазма 200 -400 мл, Альбумин 20% — 100 мл ерт, Желатиноль 450 мл к/т. препараттар ағыммен енгізіледі қажет жағдйларда 2 -3 рет. Қан айналым қалыптасқаннан кейін – қан жоғалтудың 30 -40% көлемінде эритроцитарлы массаны Реополиглюкин немесе 5% Альбуминмен қосып қатынасы 1: 1 енгіземіз. Қан құю қажет Аминокапрон қышқылының 5%-200 мл ерт. к/т, сосын 100 мл әр 3 -4 сағат сайын, Викасол 2 -3 мл б/е, Дицинон 2 -4 мл б/е тәулігіне 3 рет. Фибриноген 12 г хлолы натридің 250 -500 мл ертіндісімен, хлорлы кальцидің (глюканат) 10% -10 мл ерт. к/т, Трасилол 25 -50 000 Бірлік к/т (Контрикал 30 -40 000 Бірлік) тәулігіне екі
Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдісі: Қан кету аймақтарын суық сұйықтармен шаю(5% Аминокапрон қышқылымен, 10% Хлорлы кальцидің ертіндісімен, Адреналинмен Новокаин ертіндісімен); жергілікті Тромбин (асқазанға алдын ала 5 -10 минут бұрын 1 -2 г натрии гидрокарбонатын енгіземіз); пленка түзетін препараттардың көмегімен жапсыру; электрокоагуляция, лазерлі фотокоагуляция; өңештің варикозды кеңеюлері кезінде қосымша Питуитрин 20 Бірлік 200 мл – 5% Глюкоза ертіндісі енгізіледі, қажет болса 4 сағаттан кейін қайталау. Арнайы зондтпен веналардың компрессиясы(Блекмор) декомпрессиясыәр бір 5 -6 сағат сайын. Склеротерапия Полидоканолмен (Этоксисклерол)0, 5% ерт. порциямен 1 мл парвазалды өңештің терминалды бөлігіне жалпы дозасы 40 мл. Процедураны қажет болған жағдайларда әр 5 -7 күнде (1 -4 рет) қайталайды. Лазерлі коагуляция; профузды қан кетулер кезінде және консервативті емнің нәтижелігі болмаған кезде 24 -48 сағат ішінде оперативті ем
Өкпеден қан кету, қан түкіру Белгілері Жөтел ; жөтелмен бірге қанды қақырықтың бөлінуі(қан түкіру кезінде) немесе қышқылды реакциямен көпіршікті қызғылт қан(өкпеден қан кеткен кезде); қан кетудің жалпы белгілері( әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек қағу, бозару, шөлдеу, құлақта шу, көрудің нашарлауы, суық тер, АҚ төмендеуі, әлсіз жиі пульс). Өкпеден қан кеткенде шұғыл көмек: тыныштық, ортопноэ жағдайы, қатты сөйлемеу, ыстық тамақ және сұйықтық ішпеу, банкалар және горчичниктер көрсетілмейді; күшті жөтелу кезінде – Кодеин(0, 02) немесе Дионин(0, 01). Жеңіл жөтел қауіпті емес, себебі ол тыныс жолдарын қаннан тазартып, аспирациялық пневмонияның дамуын алдын алады; инфузиондық-трансфузиондық және гемостатикалық ем; Питуитрин 10 Бірлік к/т тамшылатып 200 мл изотониялық ертіндімен; Гемофилия кезінде – 250 -500 мл антигемофилді Плазмамен трансфузия әрбір 6 -8 сағат сайын; Верльгоф ауруы кезінде қалыпты гемостатикалық емге қосымша — 100 -150 мл изотоникалық ертіндіге 10 мг серотонинк/т тамшылатып енгіземіз; Геморрагиялық диатездермен Гудпасчер синдромы кезінде — 60 -90 мг Преднизолон немесе 100 -200 мг Гидрокортизон; Қан түкірудің себебі жүрек жетіспеушілігі кезінде;
Жедел көмек Инфузионды заттарға кристаллоидты және коллоидты ертінділер қолданамыз. Басында 0, 9 % натрий хлорид ертіндісін қолданамыз, кейін – лактасоль, энергетикалық полиионды ертінділер 1500 мл көлеміне дейін инсулинмен бірге. Оларды коллоидты ертінділермен алмастырып отырамыз. Инфузионды ертінділер үздіксіз тамшылатып енгізгенде жалпы көлемі 4000 -6000 мл дейін, коллоидты ертінділер1200 -1500 мл-ден аспау керек, соның ішінде синтетикалық ертінділер 800 -1000 мл. Енгізген инфузионды ертінділердің жылдамдығын және көлемін төмендеу белгісі болып орталық венозды қысымның жоғарлауы және ануриялық сақталуы. метаболикалық ацидозды төмендету мақсатында 300 -400 мл 5 % натрий гидрокарбонатты енгізу керек. емнің басында 90 -120 мг преднизолонды бір рет енгіземіз. Шоктың ІІІ – IV дәрежесінде, көк тамыр ішіне енгізген инфузионды емнің оң гемодинамикасы болмағандықтан қайтадан әрбір 15 -20 мин. сайын 60 -90 мг преднизолон енгізеді. гемодинамикасын тұрақтану мақсатында, сонын ішінде бүйректің қайналымының қалпына келтіру үшін ақырындап допаминді енгіземіз (50 мг допаминді 5% 250 мг глюкоза ерітіндісінде 18 -20 рет мин. жылдам тамшылатып). микроциркуляцияның коррекциясын, организмнің спецификалық емес резистентілігін көтеру үшін, қанның реологиялық қасиетін және гемостазды қалпына келтіру үшін тренталды енгіземіз
Массивті инфузионды терапияны жүрек гликозидтерімен, комплексті витаминдермен, әсіресе аскорбин қышқылымен электролидті балансты коррекциясымен бірге қосып береміз. науқасты ИТШ –дан шығару үшін фармакологиялық заттар ішінде басты орында гепарин тұр, интенсивті терапияны содан бастауы керек, әсіресе шоктың бастапқы дәрежесінде. Қанның шашыранды ұюы басым болғанда оны көк тамыр ішіне, басында 1 рет, кейін тамшылатып -5 бірліктен, қан ұюы уақыты бақылауында (18 лит. жоғары емес) ИТШ–ң ІІІ – IV дәрежесінде фибринолизин ингибиторларлы – протеинозаларды (контрикал 20000 бірлік немесе т. б. ) гепаринмен бірге енгізген жөн. жоғары аталған терапевтикалық шараларды мұрын, жұтқыншақ катетер арқылы тұрақты ингаляцияны жүргіземіз, жақсы ылғандандырған оттегі 5 л/мин жылдамдықпен беріледі. науқастың функциональды жағдайы аяқтары 15 ˚ дейін көтерілуі керек. диурезді бақылау үшін қуықты үнемі катетеризациясын жүргізу тиіс. 1 минутта 0, 5 -1, 0 мл дейін зәр шықса бұл паренхиматозды ағзалардың адекватты перфузиясын және терапевтикалық шаралардың әсерінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
. Ақпарат көзі http: //kazmedic. kz/archives/1040
кан кету Презентация1.pptx