ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР
7 шілде 2004 жылы ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» № 576 -11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры қаржыны орталықтандыру және дамудың белгілі бір бағыттарын немесе негізгі салаларды, сондай-ақ дамудың сала аралық бағдарламаларын қаржыландыру үшін құрылған болатын.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлiк инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайды, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттiк реттеу тәртiбiн белгiлейдi.
Инвестициялық қор – осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры. Инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы. Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы.
Жарғылық капиталы: жарғылық капиталын республикалық бюджет есебінен акцияға олардың нақтылы құны бойынша төлеу арқылы ҚР-ның Үкіметі қалыптастырады. Қаржысы қайда жұмсалады: қаражаттары негізгі капиталды ұдайы жаңғыртудың қол жеткен аумағын қолдау, әлеуметтік сфераны одан әрі дамыту үшін пайдаланылды. Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру республика Үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша рентабельді өнім шығаруға, оларды қайта құру үшін мүмкіндіктер жасауға, өнеркәсіпорындарын қайта пішіндеу үшін жүргізілді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ КАПИТАЛҒА ЖҰМСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) Қазақстанның инвестициялық қорының (бұдан әрi - Қор) инвестициялары - Қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiңакционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары; 2) инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтiн iс-шаралар кешенi; 3) ұйым - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлiк қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына Қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдiк заңды тұлғалар; 4) электрондық мониторинг - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретiн ұйымды басқару мониторингiнiң нысаны.
2 -БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫ 1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.
инвестициялық қоры Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып табылады. Қазақстанның
4 -БАП. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРI Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi : 1) акционерлiк инвестициялық қор; 2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
Акционерлік инвестициялық қор - заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам. Ашық инвестициялық пай қоры - оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.
Мақсаты: перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикiзаттық емес секторында жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Қызметі: тартылған құжаттарды бағалы қағаздарға инвестициялап, өзінің акцияларын шығару
МІНДЕТІ 1) шикiзат пен материалдарды тереңдеп өңдеудi жүргiзетiн, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын, сондай-ақ өз қызметiн өнеркәсiпте жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндiрiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылып жатқан, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру; 2) қордың инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыруы (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысуы арқылы экономиканың шикiзаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру; 3)отандық және шетелдiк ұйымдар арасындағы өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ететiн, толықтырушы, аралас өндiрiстердi дамытатын Қазақстан Республикасынан тыс жердегi инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру арқылы шетелдердегi қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Қордың жауапкершiлiгi Қор өз мiндеттемелерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жауаптылықта болады. Дауларды шешу тәртiбi Қордың, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi. Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстанның инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383 Қаулысымен құрылған инвестициялық қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006. 08. 17. N 776 қаулысымен күшін жойды. Қазақстан
Орындаған: Мусина Асемгуль Маулен Заманбек Мендыбаева Гульмира