15cb8e34df1beb13753024ee1318ef86.ppt
- Количество слайдов: 16
Интернет деген не? World Wide Web қызметі Web-құжаттар URL адрес
Интернет деген не? Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
World Wide Web Интернеттің қызметтерінің бірі World Wide Web (қысқаша WWW) басқаша Бүкіләлемдік өрмек деп аталады. WWW-тегі ақпарат гиперсілтемелер түрінде ұсынылады. Басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтін гиперсілтеме деп аталады. Гиперсілтемелер бірімен байланысқан құжаттарды тез қарап шығуға мүмкіндік береді. Гиперсілтемелермен байланысқан құжаттар жер шарының кез келген жерінде орналасуы мүмкін Мысал: Жолбарыс (гиперсілтемесі жоқ мәтін) Жолбарыс (гиперсілтемесі бар мәтін)
URL адрес Әрбір веб-құжаттың өзінің бірегей мекен – жайы URL (ағыл. Uniform Resourse Locator) бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады. Веб-құжатқа арналған URL-дің мысалы: http: //www. tnt. ru HTTP Гипермәтінді тасымалдау протоколы атауы Үйшік (домен) Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz – Қазақстан, . ru – Ресей, . ua Украина, . uk –Ұлыбритания, . fr Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com – коммерциялық ұйымдар, . org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu - білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с) білдіреді.
Web - құжаттар Интернеттегі ақпарат веб- құжаттар түрінде ұсынылады. Веб - бет –мәтіннен басқа форматтаудың арнайы командалары, суреттер, аудио-, видеоклиптар бар электрондық құжат Веб- құжат ( сайт, интернет-қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL- мекен - жайымен біріктірілген өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттер жиынтығы.
1)Интернет идеялары қай жылы туындады? А) 1969 ж; Ә) 1973 ж; Б) 1957 ж; В) 1945 ж. еген не? –адрес д айыңыз; 2) URL екен-ж сіздің м тың интер. А) ұжат йы; Ә) веб-қ егей мекен-жа бір неттегі ама; бағдарл ы Б) арнай жайы. ің мекен ьютерд В) комп Тест сұрақтары: 5) Қандай қы змет саласында ARPA NET желісі ұйымдастыр ылған? ызылрестің қ н ад 2) URL– бөлігі азылған u мен ж om 2. r а: www. d жеткізу ат тты А) құжа лы; протоко атауы; б-беттің шігі; Ә) ве ттің үй ) веб-бе Б ызметі. ернет қ В) инт А) білім сала с ында; Ә) әскери қы зметте; Б) саудада; В) спорт сал асында. 3) World Wide Web қызметінің басқаша атауы? А) бүкіләлемдік өрмек; Ә) ғаламтор ; Б) хабарлама; В) дүниежүзілік Ақпарат көзі.
Бақылау сұрақтары: 1. Internet деген не? 2. World Wide Web туралы не білдің? 3. Гиперсілтеме деген не? 4. Веб-құжаттың анықтамасын айт. 5. URL-адрес деген не? Оның бөліктерін ата
НЕНІ БІЛДІҢ? НЕНІ ҮЙРЕНДІҢ? НЕНІ БІЛГІҢ КЕЛЕДІ?
НЕ СЕБЕПТЕН САБАҚ ҰНАМАДЫ?
15cb8e34df1beb13753024ee1318ef86.ppt