Салтанат интернет почта.pptx
- Количество слайдов: 12
Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде. Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді (International
– халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай алады. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету. Интернетке
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.
Ресурстардың екі түрі бар: 1. аппараттық, 2. Бағдарламалық
Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы жəне т. б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл дискінің көлемі. Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мəліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды. Компьютерлік желідегі аппараттық жəне бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Əдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол –жүйелік хаттама деп аталатын TSP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – Тасымалдауды басқару хаттамасы) атаулы жіберу тілі. Яғни TSP/IP-
Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мəліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру жəне қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жəне жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою. Желіге тұрақты қосулы жəне мəліметтердің жинақталған қоры сақталған компьютерлер Сервер делінеді. Əр сервердің өзіне сəйкес адресі болады. Мысалы, www. khabar. kz еліміздегі Хабар телеарнасының сервері. Internet желісінен қажетті мəліметті табу үшін сервер адресімен қоса ресурс типін де білу қажет. Көптеген Web-беттерді іздеп табу үшін олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL (Uniform resouree locatorресурстың стандартты адресі) адрестер деп атайды. Мысалы, http: //www. rambler. ru/timetable/0002. shtml мұнда - http: // - www ресурсының көрсеткіші, Web-ке ену.
Internet тек желі ғана емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі пішімта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web (WWW-дүниежүзілік өрмек). Көбінесе оны қысқаша Web деп атайды. Web-тің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру жəне оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні –мəліметтер Web-беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кəдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу пішімында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML (Hyper Text Markup Language-гипертекстік белгілеу) делінетін арнайы тіл пайдаланылады. Яғни Web-беттер серверде ерекше HTML пішімында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптарын, абзацтарды белгілеу, гипермəтінге белгілер орнату.
Электрондық пошта Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-mail) деген түрі кең қолданылуда. Мұнда əлемнің түкпір-түкпірімен электрондық хат арқылы байланысуға мүмкіндік бар. Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мəліметтер жіберу мен қабылдау бағдарламасы. Электрондық пошта адресінің жалпы түрі Username@hostname бойынша беріледі. Мұндағы, Username - пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес белгісі, hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық сервердің адресі. Мысалы, Outlook Express→OK. Кірістіру→Тіркеулік жазбалар→Пошта→Үстеу→Пошта→OK (Сервис→Учетные записи→Почта →Добавить→почта→OK)
thank you for your attention
Салтанат интернет почта.pptx