Инсульт.pptx
- Количество слайдов: 11
Инсульт
Инсульт екі топқа бөлінеді Ишемиялық инсульт Геморрагиялық инсульт
Ишемиялық инсульт Ишемиялық инсульт-белгілі бір ми қан тамырларының басейнінде қанның азаюына байланысты жедел дамитын қан айналысының бұзылуы. Мұндай жағдайда аталмыш бассейн арқылы қанмен қамтылатын аймақтарда инфаркт тектес диструктивті ошақ қалыптасады.
Патологиялық анатомиясы Ми асты қан тамырлары қатайған, олардың қабырғалары нығыздалып қалыңдаған, іші ойықталып үңірейген. Базиллярлық (негізгі), ортаңғы және алдыңғы ми артерияларында атеромотоздық түйін, тамыр тарылған. Кейде тамыр ішінен тромб байқалады.
Патогенезі Ми дыңишемиялық езілуі, 60% жағдайда тамыр тромбамен бітелмесе де, кездесе береді. Ишемиялық инсультің патогенезінде мидағы қан жүрісінің кемуі басты роль атқарады. Сол себебі жалпы және регионалдық қан ағысы нерв жүйесі қызметінің қалыптан тыс артуы кезінде күшейген зат алмасу үрдістеріне жәрдемін тигізе алмайды. Тканьдер оттегінің қажеттілігі мен оны тасымалдауда алшақтық пайда болғандықтан, атеросклероздан өзгерген тамырлар аймағындағы нерв тканьі ишемияланады.
Клиникасы Ауру түнде немесе демалған сәттерде шұғыл басталады. Аурудың басталу қарсаңында әдетте бас ауырып, айналады, аз уақыт еске сақтау қабілеті бұзылады, аяқ-қолда парестезия, ауырлау және әлсіздік байқалады, кейде құлақ шуылдап, көз қарауытады, эпилептикалық ұстамалар болып, науқас талып та қалады.
Геморрагиялық инсульт ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады.
Қан құйылу ошақтары екі топқа бөлінеді: 1)ішкі капсуланың сыртынан семиовалдық орталыққа таралатын латералдық қан құйылу; 2)ми қарыншаларына өтетін ішкі капсуланың ішкі жағынан құйылу.
Патологиялық анатомиясы Қан құйылған ми жарты шары біршама үлкейген. Аурудың шұғыл кезеңінде ми кесіндісі мен ми қыртысы астындағы түйіндерден ұйыған қан көрінеді. Ми ісінген, ондағы сұр жңне ақ зат арасы әрең ажыратылады, кейде тіпті байқалмайды. Бүйірлік қарыншалар кеңейген, ал үшінші қарынша бір жағына ауытқыған. Ми тамырларында атеромотоздық түйіндер байқалады.
Патогенезі Геморрагиялық инсульттің даму механизмі екі жағдайға байланысты. Олардың біріншісі – тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм, ал екіншісі-ми тамырларының иннервациясы бұзылуы мен қан қысымының кенеттен көтерілуіне байланысты оттегіні тасымалдау жеткіліксіз болғандықтан оларда дистрофиялық өзгерістердің пайда болуы.
Клиникасы Көбіне күндіз көңіл-күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде кенет есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады, онымен байланыс жасау мүмкін емес. Дене қызуы көтеріліу байқалады.
Инсульт.pptx