14 тема инн предпр.pptx
- Количество слайдов: 12
Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекелділік Лектор: э. ғ. к. , доцент Шамишева Н. К.
Дәріс жоспары: Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекелдер сипаттамасы және олардың пайда болу себептері 2. Инновациялық қызмет тәуекелділіктерінің жіктелінуі 3. Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекелді басқару механизмі 1.
Кез келген компанияның қызметі көптеген сырты факторлардан тәуелді: Жаһандану деңгейінен; Технологияның дамуынан; Қайта құрудан; Қандай да бір қызмет сферасын реттейтін заңнаманың мүмкін өзгерісінен; Қомпаниялар қызметін бақылайтын мемлекеттік органдар қызметінен; Бәсекелестер мен серіктестер мінез-құлқынан және т. б.
Инновациялық қызмет жоғары тәуекелді деп мойындалады, себебі экономикалық коньюнктураның белгісіздігімен байланысты. Белгісіздік қандай да бір оқиғаның болу ықтималдылығын және оның ұйымға мүмкін әсер ету нәтижелерін дәл белгілеу мүмкін болмайтындығымен байланысты.
Шағын инновациялық кәсіпорындар қызметіндегі белгісіздік көздері ретінде келесідей факторлар топтары бола алады: Қоғамға тән факторлар; Табиғи құбылыстармен және процестермен, стихиялық апаттармен туындайтын факторлар; Объект, құбылас, процесс туралы ақпараттың, мәлімттің толықсыздығымен, жеткіліксіздігімен байланысты факторлар; ҒТП-ның әсерімен байланысты факторлар;
Өз қажеттіліктерін, мүдделерін, мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында субъектілердің экономикалық өмірге ықпал етуімен, олардың өзара әрекеттестігімен болатын факторлар; Шешімдерді қабылдауда және жүзеге асыруда материалдық, қаржылық, еңбек және басқа ресурстардың шектеулігімен, жеткіліксіздігімен байланысты факторлар; Адамның қоршаған нақтылықт тану процесінің салыстырмалылығымен байланысты факторлар; Субъектілер мінез-құлқындағы әлеуметтікпсихологиялық , пиғылдарындағы, бағалауларындағы стереотиптеріндегі айырмашылықтармен байланысты факторлар.
Жалпы, инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекелді кәсіпорынмен инновациялық қызметті жүзеге асыруда, яғни олармен жаңа тауарлар мен қызметтерді әзірлеу немесе өндіруге, жаңа техника мен технологияны әзірлеуге, басқарушылық инновацияны әзірлеуге қаржы салуда туындайтын шығындар ықтималдылығы ретінде анықтауға болады.
Инновациялық кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда соқтығысатын негізгі тәуекел топтары: Инновациялық жобаны қате таңдау тәуекелі; Инновациляық қызметті қаржыландырумен байланысты тәуекелдер; Инновациляық қызметті оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстармен жабдықтаумен байланысты тәуекелдер; Маркетингтік тәуекелдер; Шаруашылық келісім-шарттарды орындамау тәуекелдері; Қарастылмаған шығындардың пайда болу және табыстардың төмендеу тәуекелдері;
Инновация сферасында бәсекелестіктің күшею тәуекелі; Инновациляық қызметті кадрлық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейімен байланысты тәуекелдер; Инновациляық қызмет өніміне меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдер.
Тәуекелді басқару (тәуекел менеджменті) бұл директорлар кеңесімен, менеджерлермен және компанияның басқа қызметкерлерімен стратегияны әзірлеуде басталатын және компания қызметі процесіне әсер ететін оқиғаларды анықтауға және осы оқиғалармен байланысты тәуекелді басқаруға бағытталған компания қызметінің барлық сферасын қозғайтын процесс.
Тәуекелді басқару процесі: Тәуекелдің пайда болу факторлары мен себептерін талдау; Тәуекелді идентификациялау, сипаттау; Тәуекелді бағалау (сандық/сапалық); Тәуекелге қатысты стратегияны таңдау; Таңдалған стратегияны қолдану; Мониторинг.
Назарларыңызға рахмет!
14 тема инн предпр.pptx