
4такырып Инновац. бизн..pptx
- Количество слайдов: 16
Инновациялық бизнес Инновациялық стратегия
Лекцияның мақсаты: Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен оны жасап шығаруды, инновациялық стратегияны жасап шығару әдістерін қарастыру. • Лекцияның сұрақтары: • Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен оны жасап шығару • Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен оны жасап шығару • Кәсіпорынның даму стратегиясы бәсекелестерге қатысты кәсіпорынның өміршеңдігі мен қуатын күшейтуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенін сипаттайды. Ол қойылған мақсаттарға жетудің бөлшекті кешенді жоспарын сипаттайды. • Өндірістің даму стратегиясын таңдаумен ҒЗТКЖ жоспары мен инновациялық қызметтің басқа да нысандарын жасап шығару байланысты.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен оны жасап шығару • Сыртқы ортаға бейімделу немесе сыртқы факторлардың өзгерістеріне (экономика, саясат, демография) тиімді бейімделу стратегиясы қажет болған жағдайда оны өзгертуге немесе толықтыруға болатындай етіп жасалады.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен оны жасап шығару • Инновациялық стратегия негізінде көптеген зерттеулер, берілгендерді жинақтау мен талдау жатыр. Инновациялық стратегияны жасап шығару мына сатылардан тұрады: • Мақсаттарды анықтау мен нарықтағы іс әрекеттер бағдарламаларын жасап шығару. • Инновациялық жобалар портфелін жасап шығару • Инновациялық жобалардың жасап шығарылған портфелін жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін ұйымдастырылған реконструкция. • Шығарылатын өнімнің маркетингтік мүмкіндіктерін талдау • Кәсіпорынның даму жолдарын жасап шығару.
Инновациялық стратегияны жасап шығару • Стратегияны жасап шығару кәсіпорынның жалпы мақсаттарын қалыптастырудан басталады, ол нақты және айқын болуы қажет. Дұрыс қойылған мақсат өнімнің потенциалды тұтынушылары кімдер екенін, өндірістік ұжым қандай болу керектігін анықтайды. Қызмет ету жоспары бағдарламалық өтініш пен оның әрбір қызметкерге жеткізілуіне дейін жүргізіледі.
Инновациялық стратегияны жасап шығару • Жоспарлы бағдарламалар мақсаттарды кәсіпорын ресурстары мен мүмкіндіктерімен байланыстыруға және оларға қол жеткізу жолдарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. • Кім, қашан, қайда және қалайша жүзеге асыруы керектігін анықтайтын негізгі құжат болып табылатын маркетинг бағдарламасы ерекше мәнге ие болады. • Маркетинг бағдарламасының негізінде өткізудің жаңа мақсатты нарықтарын, жаңа аяларын тұрақты іздеу жүргізіледі.
Инновациялық стратегияны жасап шығару • Осы сатыда шағарылатын өнімнің жаңасын жасап шығаруға және өндірілетін өнімді жаңартуға қажетті қаржы шығындары анықталады, сонымен қатар кәсіпорынның баға белгілеу стратегиясы жасап шығарылады.
Инновациялық стратегияны жасап шығару • Екінші сатыда инновациялық жобаларды жасап шығару жүзеге асырылады: • 1 тарау, базистік инновацияларды қалыптастыру бойынша жобалардан тұрады, олардың негізінде нақты өнімдерді жасап шығару бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Базистік инновациялардың нарықтан ауытқуы 3 -5 жылды құрайды.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Зерттеу жұмыстары сонымен қатар келесідей үш сатыдан тұрады. • 2, 3, 4 тараулар мыналардан тұрады: • Нарықтан қысқа мерзімге қалып бара жатқан жобалар. • Өндіріске берілуге дайын, аяқталған жаңашылдықтар тізбегі. • Тұтынушылардың қалауларын ескере отырып, өткізу аясын кеңейту мақсатында шығарылатын өнімді жаңарту бойынша жобалар.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Үшінші сатыда инновациялық жобалардың жасап шығарылған портфелін жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық реконструкция жүргізіледі. Ұйымдастырушылық құрылым зерттеу жұмыстарынан бастап, инновациялық жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіндей құрылуы керек. • 4 сатының мәні шығарылатын өнімнің мүмкіндіктері туралы жан – жақты маркетингтік зерттеуді өткізуде.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Және қорытынды сатыда кәсіпорынның даму жолдары анықталады: • интенсивті; • диверсифицирленген; • интегрирленген. • Стратегияны жүзеге асыру механизмі мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады, ары қарай мүмкіндіктер мен қауіптерге сыртқы талдау жүргізіледі, содан кейін ішкі талдау жүргізіледі, оның көмегімен кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары анықталады, тек содан кейін ғана стратегия нақты түрде жүзеге асырылады.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Инновациялық стратегияның келесідей типтерін бөліп көрсетеді: • Басушы инновациялық стратегия – оған ірі жасап шығаруларға негізделген жаңа техниканы, технологияны енгізу тән. Инновациялық стратегияның мұндай типі ірі қаржы қаражаттарын талап етеді, олар үлкен мөлшерде пайда алу есебінен өтеледі. Басушы инновациялық стратегияны жүзеге асыратын кәсіпорын нарықта басымды орынға ие және өз өнімін өткізудің монополисттері болып табылады.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Пассивті инновациялық стратегия – оған онша үлкен емес рационализаторлық ұсыныстарды енгізу, бұрын шығарылып жүрген өнімді жетілдіру мен жаңарту тән. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін онша көп емес қаражат және өте үлкен емес, шағын пайда алу тән. • Стагнациялық инновациялық стратегия – енгізілген инновациялардың болмауымен сипатталады, алынып жатқан пайданың азаю тенденциясы байқалады. Шекті нәтижесі – кәсіпорынның банкроттығы.
Инновациялық стратегияны жасап шығару әдістері • Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын жасап шығару негізін өнімнің өмірлік цикл теориясы, кәсіпорынның нарықтық позициясы мен онымен өткізіліп жатқан ғылыми – техникалық саясат құрайды.
4такырып Инновац. бизн..pptx