Лекция 1 Предмет и задачи информатики.ppt
- Количество слайдов: 17
Информатиканың пәні мен міндеттері. 1. Информатика ғылым ретінде. Информатиканың ғылымдар арасындағы орны. 2. Ақпарат және оны ұсыну түрлері. Ақпараттық үрдістер мен технологиялар
Информатика ғылым ретінде Үлкен совет энциклопедиялық сөздігі (ҮСЭС) информатиканың келесі анықтамасын береді: l Информатика – ақпараттың жалпы қасиеттерін және құрылымын, оны жинау, сақтау, іздеу, өңдеу, өзгертуге байланысты сұрақтарды, іс-әрекеттің түрлі салаларындағы таратылуы мен падалануын зерттейтін ғылым саласы.
Информатика ғылым ретінде 1994 жылы проф. Д. А. Поспелов редакциясымен шыққан «Информатика. Энциклопедический словарь для начинающих» кітабінен анықтама: l Информатика – ақпаратты алу, сақтау, тарату және пайдаланудың барлық ааспектілерін зертейтін ғылым.
ҮСЭС : Ақпарат ( латын сөзінен informatio түсіндіру, мазмұндауе) – адамдар ауызша, жазбаша және де басқа тәсілмен тарататын алдынғы ақпараттар (шартты сигналдар көмегімен, техникалық құралдар арқылы ж. т. б. ); 20 ғасыр ортасынан бастап адамдар арасында, адам мен автомат, автомат пен автомат арқылы ақпарат алу, жануарлар және өсімдіктер әлемдерінде сигналдармен алмасу, клеткадан клеткаға, ағзадан ағзаға белгілерді тасымалдауды (генетикалық ақпарат) қосқан жалпы ғылыми түсінік, кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Кибернетика – күрделі жүйелерде ақпаратты алу, сақтау, тарату, өңдеудің жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Күрделі жүйелер деп техникалық, биологиялық және әлеуметтік жүйелер есептеледі. Кибернетика жаза алатын, жинақтайтын және ақпаратты өңдейтін кез келген жүйені зерттеуге жарамды, оның арқасында ақпаратты басқару мақсаттарында пайдалануға болады.
Информатика – компьютерлер және басқа да техникалық құралдар көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату заңдарын, әдістерін, тәсілдерін зерттейтін ғылым. Кибернетика қазіргі заман мағынасында Есептеу техникасы Информатика Кибернетика бастапқы мағынасында
Ақпараттың үш ең кең таралған тұжырымдамалары бар, оның әр қайсысы өздігінше мәнән түсіндіреді Бірінші тұжырымдама (К. Шеннон тұжырымдамасы) сандық-ақпараттық көзқарасты білдіріп ақпаратты оқиғаның белгісіздік (энтропия) мөлшері ретінде анықтайды. Ақпараттың саны сол немесе басқа жағдайда оны алу мүмкіндігіне тәуелді: мәлімет қаншалықты мүмкін, соншалықты оның ішінде ақпарат аз. Бұл көзқарас ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де байланыс техникасында және есептеу техникасында пайдалы болды, ақпаратты өлшеу және мәліметтерді тиімді кодтау негізі болды. Сонымен қатар ол ақпараттың жаңалығы, күтпегендігі сияқты маңызды қасиетінің иллюстрациясына ыңғайлы болды. l Осындай түсінікте ақпарат – ол шешілген белгісіздік, немесе мүмкін болатын альтернативалар құрамынан таңдау нәтижесі. l
Екінші тұжырымдама ақпаратты материяның қасиеті деп қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың дамуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез келген мәліметтерде ақпарат бар деген пікірге негізделген. Осы ақпараттың тұжырымдамасы ең айқын және бейнелі академик В. М. глушковпен білдірілген. «Ақпаратты тек кітап беттері немесе адам сөзі ғана емес, күн жарығы, тау жотасының қыртыстары, сарқырама шуы, шөптің сусылы да береді» . l Сонымен ақпарат, материя қасиеті ретінде оның түп негізі, құрылымы, реттілігі, көл түрлілігі туралы түсінік береді. Ол материядан тыс өмір сүре алмайды, сондықтан ол өмір сүрді, өмір сүретін болады, оны жинақтау, сақтау және өңдей аламыз. l
l Үшінші тұжырымдама қисындысемантикалық көзқарасқа негізделген, бұл жағдайда ақпарат білім деп түсіндіріледі, сонымен бірге кез келген білім емес, оның бағыт көрсетуге, белсенді әрекетке, басқаруға, өзін-өзі басқаруға пайдаланатын бөлігі ғана. l Басқа сөзбен айтқанда, ақпарат - ол білімнің әрекеттегі, пайдалы бөлігі. Бұл тұжырымдаманың өкілі - В. Г. Афанасьев
Осы көзқарастарды жалпылап, ақпараттың келесі анықтамасын беруге болады : l Ақпарат – ол қоршаған орта туралы белгісіздікті жоятын, сақтау, өңдеу, беру, қолдану объектісі болатын мәліметтер. Мәліметтер - ол сигналдар, мәліметтер, хабарлар, ескерту хаттарда, т. б. көрсетілген білімдер.
Ақпарат түсінігімен сигнал, хабар, мәлімет деген түсініктер байланысты Сигнал (латын тілінде signum – белгі) кез келген ақпарат әкелуші үрдісті білдіреді. l Хабар – тиісті түрде ұсынылып, таратуға арналған ақпарат. l Мәліметтер – қалапталған түрде ұсынылған және техникалық құралдар, мысалы ЭЕМ арқылы өңдеуге арналған ақпарат. l
Жиі ақпарат пен оның ұсынылуы арасында айырамшылық сезілмейді. Мысалы, сөйлемше String s=”Hello, World” Ақпаратта сыртқы қалыбы мен ішкі мағыналық мазмұны болады. Бейнелеудің сыртқы қалыбын түсінік деп атайды (хабардың нақты түрі). Түсінік ақпарат алу үшін түсіндіріледі. Түсініктен абстракциялық ақпаратқа көшу (жиі тек қана қиялдағы, ойдағы), яғни түсініктің мағынасына интерпретация деп айтылады.
Ақпараттық үрдістердің түрлері: l Ақпарат жинау l Ақпаратпен алмасу l Ақпартты сақтау l Ақпаратты өңдеу l Ақпаратты ұсыну
l Ақпараттық техника ақпараттық технологияның материалдық негізі болып есептеледі, ол арқылы ақпараттың жиналуы, сақталуы, алмасуы, өңделуі жүзеге асады.
l Технология ( грек тілінде techne — шеберлік + logos — білім) — өңделетін объектілер сапалы өзгеретін өндіріс үрдістерін жүзеге асыру тәсілдері мен құралдары туралы білім жиынтығы.
l Ақпарттық технология – ақпараттық ресурстарды пайдалану үрдістерінің көп еңбек сіңіруді керек қылушылығын төмендету, олардың сенімділігін, жылдамдылығын жоғарлату мақсатында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсетуін қамтамасыз ететін технологиялық тізбегіне жинақтаған әдістер, өндірістік үрдістер, бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық технологиялар келесі негізгі қасиеттермен сипатталады: l Өңдеу (үрдіс) пәні (объектісі) болып деректер есептеледі; l Үрдістің мақсаты – ақпарат алу; l Үрдісті жүзеге асыру құралдары болып бағдарламалық, аппараттық және бағдарламалық – аппараттық есептеу кешендер табылады; l Берілген пәндік аймаққа сәйкес деректерді өңдеу үрдістері операцияларға бөлінеді; l Үрдістерге басқарушылық әсер етулерді таңдау шешім қабылдайтын адамдар жүзеге асыру керек; l Үрдісті оңтайлы ету критериялары болып ақпаратты пайдаланушыға дер кезінде жеткізу, оның сенімділігі, шынайлығы, толықтығы табылады.


