10 ДАР.pptx
- Количество слайдов: 8
In situ кенін бактериалды сілтілендіру. Орындаған: Тұран Айдос
In situ сілтілендіруі минералдар жер қойнауынан алынбай, шахталарда сілтілендіру жағдайына ұшырауы. Бұл əдіс шахта көмегімен кенді алу тиімді емес ескі жер асты қойнауларда жəне кедей кенорындарда, бірақ бактериалды сілтілендіруді қаржыландыру арқылы металды шығару үшін металы көп жерлерде қолданылады. Кендерге апаратын шахталар немесе ұңғымалар кенге еңгізілейтін, сілтілейтін ерітінділерге арналған арна мен жинақтағыш болып табылады.
Сонымен қатар үрдіс ауа райына байланысты емес. In situ сілтілуі қарапайым сілтілендіруге қарағанда басқаруға күрделірек. Сілтілейтін ерітінділер бағытын күтпегендей өзгертіп, табиғи топырақ суларына қосылуы немесе басқа жаққа ағып кетуі мүмкін. Бұл əдіс мыстың, сонымен қатар уранның кенорында металл қалдықтарын алу үшін қолданылады. Əлемнің көптеген кеніштерінде in situ сілтілуін қолданысқа кіргізбек болды, бірақ ол талпыныстары еш нəтиже бермеді. Сульфидті кені бар кенішті пайдалану біраз уақыттан кейін онда темір мен күкіртті тотықтыратын микроорганизмдердің пайда болуына əкеледі. Егер де сілтілендіру үшін жағдай жасалған, яғни кеніште өте ылғалды болса, онда бактериалды сілтілендіру кедергі болып, шығынға ұшыратуы мүмкін.
Минералды концентраттарды сілтілендіру. Əдетте көптеген метал түрлерін шығаратын өндіріс орындары бастапқы саты ретінде шоғырлауды (концентрациялауды) немесе құрамында метал бар минералды кендерден экстракциялауды қосады. Осы минералды концентраттарда алғашқы кенмен салыстырғанда метал құрамы он есе көп болған жағдай жиі кездеседі. Бұл минералды концентраттар пирометаллургиялық немесе гидрометаллургиялық өңдеуден өткізіп таза металға айналдыру үшін алыс жерлерге əкетіледі.
сульфидтіминералдарды еріту немесе сілтілеуі кейбір металлдар алудағы жол болып табылады. Уран табиғи жағдайда сульфидте кездеспесе де, оның негізгі қалыбы UO 2 пиритпен жиі байланысады. UO 2 SO 4 ерітілген тұзын берітін темірдің (III) сульфатының қатысуымен сілтілену тікелей емес жүруі мүмкін, сонымен қатар уранды қышқылдайтын 2 UO 2+2 H 2 SO 4 ─>2 UO 2 SO 4+2 H 2 O (10) теңдеуімен Т. ferroxidans қатысуымен жүруі мүмкін.
Уран алу сұлбасы.
Күрделірек сілтілену əр түрлі жағдайларда қолданылады дегенімен, аппараттардың кең қолданысқа ие болмады. Минералдардың бактериалды сілтіленудің негізгі механизмін тереңірек түсіну керек, өйткені əр түрлі минералдардың сілтіленуіне жататын жұмыстардың қышқылданатын материалының жылдамдығы мен саны өте қатты ерекшеленеді. Бұл бактериялардың эффективті түрлерін анықтау үшін қосымша ақпарат керектігін, культивирлеу жолдарын керектігін, сонымен қатар олардың сілтіленуші минералдарға еңгізілуін жəне қолданылуын көрсетеді. Бактериалды сілтілену мақсаты жəне реакторлар проект əр жағдайда өндірілуші кенге байланысты еңгізіледі
Назар аударғандарыңызғ а рақмет
10 ДАР.pptx