
Биология.pptx
- Количество слайдов: 7
Иммунитет аурулары
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы ауруларқоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағыорганизмдерге (адамдар, жануарлар, өсі мдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде ағзада аса күрделі биологиялық процестер жүріп, ағзаның қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зияндымикроорганизмдерді, олардың уларын, т. б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Қазір біз иммунитет ауруының 4 түрін алып отырмыз: Эбола, Лейкемия, Экзема және Аллергия
Қазақстанда Эбола дерті әзірге байқалмайды. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Аты жаман ауру батысты жайлағалы еліміздегі тексеру бекеттері бақылауды күшейтті. Шекаралардағы барлық өткізу аумақтарында санитарлық карантиндік тексеріс жүргізілуде. Ондағы санитарлық эпидемияға қарсы шаралар кешені бұл індеттің елімізге кіруіне жол бермейді, дейді мамандар. Жалпы, шекараның өткізу бекеттерінде 2 миллионнан астам адам тексерілген. Инфекциялық аурулар, оның ішінде Эбола вирусын жұқтырған адам болған жоқ. Әлиақпар Мәтішев, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Шекаралық бекеттен өтіп жатқанда біз оның паспортынан қарап, қай елден келгендігін тексереміз. Егер Батыс Африка елдерінен келгендер болса, аты жөнін жазып, бізде болған уақыттың бәрін анықтап, бақылауға аламыз. Сырттан келетіндерді өткізу бекеттерінде орналасқан арнайы аппараттар арқылы тексереді. Тексеру құралдары жолаушының дене қызуын бірден анықтайды. Мұндай жабдықтар еліміздің барлық шекара бекеттерінде бар. Еліміздің бас санитарлық дәрігері, ауруға қатысты қандай да бір қауіп төне қалса, біздің медициналық мекемелеріміз вирусты жұқтырған адамды дереу анықтап, оқшаулауға дайын, дейді. Жандарбек Бекшин, ҚР бас санитарлық дәрігер Эбола вирусы ауа жолымен таралмайды. Бірақ, ең қауіптісі – түшкіру, жөтелу. Неге десеңіз, тамшы сілекеймен вирус таралуы мүмкін. Ең бірінші, осыдан сақтану керек. Қауіпті безгек мұхит асып, Америкаға жетті. Еуропада да дүрбелең басталды. Елімізбен тікелей әуе кеңістігі арқылы қатынайтын бұл елдерден келетін жолаушыларға да талап күшеймек.
Бұрын қанның қатерлі ісігімен тек ересектер ауыратын. Қазір жас балаларға шейін төсек тартып қалып жатыр. Әрине, Құдай басқа салса, көнуге тура келеді. Бірақ сұрап алып, білместікпен шақырып алатын кездеріміз де болады. Мәселен, қараңыз, миелома деген ауру бар. Ол сүйек ауруы. Адамдар көбіне белі не омыртқасы ауырса не істейді? Жанындағы кез келген адамды шақырып алып, массаж жасатады, болмаса "арқамды басып берші" деп жатып алады. Ал миелома жағдайында сүйек сынып кетсе, болмаса сәл зақымданса, ол лейкемияға бастайды. Тіпті миеломаға шалдыққандарға безін ыстыққа жақындатуға болмайды. Бұл жағдайда ол тағы да асқынып, лейкемияға айналып кетеді. Ал мұндайлар өте көп. Бұл бір ма, екінші жағдай радиация. Енді мұны адамдардың білместігі десек, дұрыс болмас, бірақ айналамыздағы өнідіріс ошақтарынан, көліктерден шыққан улы газдар, тұтынып жатқан тамақтарымыздағы бояғыштар да қанның қатерлі ісігін тудыратын басты факторлардың бірі. Ауруды сұрап аламыз дейтініміз, біздің кейде өзіміз дәрігер болып кететініміз. Бас басымызға бір дәрігерміз. Тамақ ауырып, мұрыннан қан кетіп, болмаса бронхитке шалдықтық делік, дәрі алып ішеміз, болмаса танысымызға барамыз, тек содан кейін ғана дәрігердің есігінен сығалаймыз. Бұл дұрыс емес, дененің кез келген бөлігінен шошынған без байқаған жағдайда және жылына кемінде бір мәрте қанға биопсия анализін тапсырып отыру керек.
Экзема ауруының алдын алу үшін: • Әшекей бұйымдар, қол сағаттардың кез келгенін таға бермеу; • Аяқ киімдерге, қолғаптарға, белбеулерге арналған резеңке материалдардардан сақтану; • Парафенилендиамин (шаш бояғыштар)ды көп қолданбау; • Химиялық бояғыштардан бас тарту; • Тұрмыстық бұйымдарға, гигиенаға, тамақтарға қосылатын жасанды қоспаларды пайдаланбау; • Кейбір дәрі дәрмектерді тұтынбау; • Кез келген жерде жүрген кезде жәндіктерден қорғанып жүру.
Аллергия ауруының алдын алу шаралары: üКүн қатты ыстық болған уақытта, далаға көп шықпау; üЖәндіктерден сақтану; üАуыл шаруашылығында, тұрмыста, өндірісте қолданатын улы химикаттарды пайдаланбау; üСинтетикалық киім кешектер мен тар аяқ киімдер кимеу; üБалық өнімдері, цитрус жемістері, жаңғақтар аллергия ауруын қоздыратын басты тағамдар; üБөгде адамның киімін кимеу қажет; üГүлдену күнтізбесі бойын ша, өсімдігіңіздің гүлденетін ке зе ңінде қасына жоламау керек; üДалада таңғы сағат 6. 00 ден 10. 00 ге дейін жүрмеуге тыры сыңыз, себебі сол уақыт та өсім діктер тозаңды көп өледі; б üШаңсорғышпен жұмыс істегенде ылғал дәкеден жасалған маска тағыңыз. Жұмысыңызды бітіргесін сол бөлмеден тозаң арылғанша шыға тұрыңыз; üҚұрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз; üТозаң киім мен шашта жиналатындықтан, киімді ауыстырып отырған дұрыс; üБөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек және жиі желдетіп тұрыңыз.
Биология.pptx