fil.pptx
- Количество слайдов: 13
Иммануил Кант «Практикалық ақылға сын»
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім I. Иммануил Кант II. И. Канттың шығармашылығы III. Практикалық зердеге сын кітабы Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе XIX ғасырдағы неміс философиясы - елемдік философиядағы бірегей құбылыс. Неміс философиясының бірегейлігі оның 100 жылдан астам уақыт ішінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуінде: Адамзатты ғасырлар бойы толғандырған меселелерді терең зерттеп, философияның алдағы дамуын анықгап берді; материализм жене иррационализмді - біріктіруінде; офияның Әлемдік классикалық философиясы ХVІІІғ. соңы мен ХІХғ. бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті неміс философтарының творчествосы қүрады: Иммануил Кант (1724 -1804); Иоганн Фихте (1762 -1814); Фридрих Шеллинг (1775 -1854); Георг Гегель (1770 -1831); Людвиг Фейербах (1804 -1872). Неміс классикалық философиясында 3 басты философиялық бағыт бар: 1. обьективті идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель); 2. субъективті идеализм (Фихте); 3. материализм (Фейербах).
Иммануил Кант — 18 -ші ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс философы . Ол қазіргі заман Еурапасының және Ағарту дәірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол философиядағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.
1724 жылы Кенигсберг қаласында бір отбасында он бір баланың төртіншісі болып дүниеге келді (олардың алтауы балалық шағында көз жұмды). Оған шіркеудегі рәсімде «Емануел» деген ат берілген болатын, бірақ Канттың өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан кейін оны «Иммануил» деп өзгертіп алды. Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссия ныңелордасында және оның айналысында өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа ұзап көрмеген. Оның әкесі Йоһанн Георг Кант Пруссияның солтүстік-шығысындағы Мемель қаласында туған, кәсібі қолөнерші, ұлты неміс. Анасы Анна Регина Портер Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан көшіп келген ер-тұрман жасаушының қызы. Жас шағында Кант тиянақты, бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған студент болатын. Ол шынайы діни сенім, кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқарастарды ұстанатын отбасында туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң тәрбие алды, оның алған білімінде математика мен ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды. . Бар өмірі Кенигсбергте өткен, сонда университетін бітірді (1745), университеттің 1755 – 70 жылдары доценті, ал 1790 – 96 жылдары профессоры болды.
Шығармашылығы Кант шығармашылығы төрт кезеңге бөлінеді: 1) жаратылыстану саласындағы ғылым ізденістер кезеңі, ол “Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы” (1755) туындысымен аяқталады. Бұл кезеңнің негізгі өзегі – табиғаттың дамуы мәселелеріне арналды. Бұл идея метафиз. көзқарасқа берілген алғашқы соққы болды; 2) метафизикалық зерттеулер кезеңі, онда Кант вольфтік философиядан гносеологияға қадам басты және Сведенборг мистикасын тезіне алды (“Аруақшыл адамның қиялы”, “Сезім дүниесі мен парасат дүниесінің формасы мен негіздері туралы”), (1770); 3) сын кезеңі. Іс жүзінде мұнда гносеология жасалады және таным теориясына субъект пен оның қызметі енгізіледі. Бұл кезең “Таза зердеге сыннан” (1781) басталып, сонан соң “Практикалық ақылға сын” (1788), “Пікір қабілеттілігіне сын” (1790) сияқты, іргелі еңбектерде жалғасын тапты. Кейбір философия тарихшылары К-тың осы еңбектерінен кейін философияның бүкіл тарихын “сынға дейінгі” және “сыншылдық” кезеңге бөлді, мұның өзі оның жалпы философияға орасан зор дәрежеде ықпал еткендігін көрсетеді; 4) Кант шығармашылығының соңғы кезеңі логика, педагогика, физика, география және антропология туралы дәрістерінің жариялануымен сипатталады. Мұнда ол гносеология мен табиғат метафизикасының арасындағы байланыстырушы буынды табуға тырысты. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы“коперниктік төңкеріс” деп атады. Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, ол керісінше, философиялық талдау-ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Кант таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ол адамның таным қабілетін: сезім, пайым және зерде деп үшке бөледі. Таным процесін бұлай үшке бөлу философия тарихында Қайта өрлеу дәуіріндегі Николай Кузанскийдің шығармасында алғаш рет байқалған болатын. Бірақ Кант таным процесін басқа тарихи жағдайда басқаша қарастырды. Оның мақсаты – жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (латынша априорлы – тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әр түрлі салаларын алды. Кант, ең алдымен, математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика – сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика, яғни философия – зердеге қатысты екені анықталды.
Практикалық зердеге сын Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан – практикалық зердеге қарай өтті. Кант адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде, негізінен алғанда, француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж. -Ж. Руссоның ықпалында болғандығы байқалады. Сондықтан Кант тірі жандардың ішінде ең саналысы – адам деп санады. Осы мәселелерді өзінің “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жан-жақты талдады.
«Практикалық зердеге сын» еңбегінде қарастырылатын басты сұрақтар 1. Мораль қандай болу керек? 2. Адамның моральдық (адамгершілік) тертібі деген не? Осы сұрақтар бойынша Кант ұсынатын тұжырымдар: 1. таза адамгершілік бүкіл адамзат мойындайтын, ербір адам өзінікі ретінде қабылдайтын, ізгілік - қоғамдық сана; 2. таза адамгершілік пен шын өмір (ерекеттер, мүдделер, ниеттер, т. б. ) арасында терең қайшылықтар бар; 3. таза адамгершілікке жакын болу үшін адам тертібі сыртқы жағдайлардан теуелсіз болып, тек кана моральдық заңға бағынуы тиіс. Кант «категориялық императив» деп атап, ұсынатын моралдық заң ( «Поступай так, чтобы максима твоего поступка могла быть принципом всеобщего законодательства» ) (категориялық императив) казіргі кезде былай түсініледі: 1. адам өзінің ерекеттері басқаларга үлгі болатындай тертіп ұстануы тиіс; 2. адам басқа адамға құрал ретінде емес, максат ретінде (өзі сияқты ой-санасы, мақсат-ниеті бар бірегей түлға деп) қарауы кажет.
Атап айтқанда, философ еркіндіктегі себептілік идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының біразына сын айтты. Ол, әсіресе, Спинозаның жалпыға тән себептілікті қамтамасыз ету ілімін барынша сынады. Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен -өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Бірақ бір мәселенің шешілмей тұрған жайы бар. “Мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін? ”. Бұған жауап ретінде Кант барлық адам баласына ортақ болып есептелетін тұжырымды императив ұсынады. Бұл адамгершіліктің заңы. Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет.
Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама. Сондықтан, Кант мақсат – оған жету жолындағы құралдарды ақтайды деген теріс принципке жан-тәнімен қарсы шықты. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды. Адамға, ең алдымен, құдайдың болмысын және мәңгі өшпейтін, өлмейтін идеяны беру керек. Бұл адамгершіліктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенімге қарай жол ашады. Оның айтуынша, Құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес, бірақ Құдайға сену адамгершілікке бастайды. Канттың осы идеясы, зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақынжазушыларға ерекше әсер етті. Канттың философиясына талдау жасай отырып, қысқаша мынадай қорытындыға келуге болады.
Ол өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол 17 – 18 ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болады. Бұл жағынан алғанда, Кант үлкен жетістіктерге жетті. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көрсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі – мазмұны, екіншісі – формасы болғандығында. “Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр. . . ”. Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің осындай ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты.
Әдебиеттер 1. http: //ru. wikipedia. org/wiki 2. http: //ikitap. kz/ru/content/praktikalyk-zerdege-syn-1
Орындағандар Ахмолдан Е. механика 2 курс
fil.pptx