II. Тура және кері реакцияның жүруіне катализатордың әсері Барлық каталитикалық процестер термодинамикалық қатынаста өздігінен жүретін процестер, яғни еркін энергияның азаюымен жүреді ∆G. Катализатор химиялық реакцияда тепе-теңдік жағдайда ауыспайды. Реакция тепе-теңдікке жақындауы A↔B катализатор тура бағыттағы жылдамдығы A→B және кері реакцияның B →A тең жағдайында жүреді.
Тепе-теңдік константасы (К) ∆G өзгеруімен анықталады: ∆G = RTln. K Сәйкесінше тепе-теңдік реакциясына әсер ететін масса константасы (К) тура және кері реакцияның жылдамдығының констант қатынасына тең. K = KA / KB
Практикада тура және кері реакцияға әр түрлі катализаторлар қолданады. Циклогексанның каталитикалық дегидрленуі және оған қарама -қарсы бензолдың гидрленуі: C 6 H 12 ↔ C 6 H 6 + 3 H 2 Бензолдың гидрленуі төменгі температурада (100 -200 С) Ni катализаторының қатысында жүрсе, ал дегидрлеу жоғары температурада (350 -400 С) Cr 2 O 3 катализаторы қатысында жүреді.
Реакция жылдамдығын өзгертіп, бірақ өздері реакция нәтижесінде өзгермей қалатын заттарды катализаторлар дейміз. Катализаторларға төменгі қасиеттер тән: 1. Реакцияға түсетін заттардың көп мөлшерін реакциядан түзілетін заттарға айналдыру үшін катализатордың азғантай ғана мөлшері керек. 2. Катализаторлар белгілі бір реакцияның немесе белгілі бір реакция топтарының ғана жылдамдықтарын өзгерте алады. 3. Катализаторлар жаңа реакция тудыра алмайды, олар катализаторлардың қатынасынсыз өз бетімен жүре алатын реакциялардың жылдамдығын ғана өзгертеді. Қайтымды реакцияларда катализатор тура және кері жүретін реакциялардың жылдамдықтарын бірдей өзгертіп, тепе-теңдк жағдайға тезірек жетуге көмектеседі
Мұнай өңдеудегі қазіргі каталитикалық процестер