Идеал газ. МКТ-ның негізгі теңдеуі. Менделев-Клапейрон теңдеуі. Изопроцесстер. Орындаған: Төкей Ұлбала Тобы: ЕП-14 -3 к Қабылдаған: Серікбаева Гүлнұр
Идеал газ – бөлшектерінің өзара әсері ескерілмейтін газдың теориялық моделі. Ол классикалық идеал газ және кванттық идеал газ болып ажыратылады. Классикалық идеал газдың қасиеттері классикалық физика заңдарымен –Клапейрон теңдеуімен, сондай-ақ оның дербес түрлері Бойль– Мариотт заңы және Гей-Люссак заңымен сипатталады. Классикалық идеал газ бөлшектерінің энергиясы Больцман үлестірілуіне сәйкес болып үлестіріледі. Жеткілікті дәрежеде сиретілген реал газдар классикалық идеал газдың моделімен жақсы түсіндіріледі.
МКТ-ның негізгі теңдеуі. Зат құрылысының МКТ негізі ретінде әрқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген үш қағида алынады: 1) зат ұсақ бөлшектерден тұрады; 2) бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі; 3) бөлшектер үнемі қозғалыста болады.
Менделев-Клапейрон теңдеуі. -Бұл идеал газ күйінің теңдеуі • Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев-Клаперйрон теңдеуі деп аталады • Универсал газ тұрақтысы дегеніміз заттың 1 молінің температурасы 1 К –ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екендігін көрсететін физикалық шама:
Изопроцестер-газ заңдары Термодинамикалық жүйеде бір мокроскопиялық параметрі тұрақты, ал қалған екеуі тұрақты болмаса, онда оны: изопроцестер деп атайды
Изотермиялық процесс Ағылшын физигі Р. Бойль 1862 ж ашқан • Температура тұрақты болғанда газ күйінің өзгеруін изотермиялық процесс дейміз T=const • Температура тұрақты болғанда көлемнің қысымға тәуелділігі Бойль. Мариоттзаңы деп аталады. PV=const
Изобаралық процесс Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады. Р= const: V/T= const: V 1/V 2=T 1/T 2 V=V(1+at) V=V 0 а. Т. Бұл заңды 1802 жылы француз ғаламы Гей Люссак тәжірибе жүзінде тағайындалған. Сондықтан ол Гей - Люссак заңы деп аталады.
Изохоралық процесс Егер газ көлемі өзгермесе массасы берілген газ үшін қысымының температураға қатынасы тұрақты болады. V= const: Р/Т = const: Р 1/Р 2=Т 1/Т 2; Р=Р 0(1+at) Р=Р 0 a. Т. Бұл газ заңын 1787 жылы француз физигі Шарль ашқан. Сондықтан ол Шарль заңы деп аталады.
Дольтон заңы • Үлестік (парциал) қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды айтады • Дальтон газ қоспасының қысымы осы қоспаға кіретін барлық газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең болатын тағайндады: Р = Р 1 + Р 2 + Р 3+. . +Рn.