коучинг 31.03.2016 ж.ppt
- Количество слайдов: 15
I топ. «Қазіргі біздің ортақ проблемаларымыз» . II топ. «Тәрбие-білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары» . Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің танымізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру. III топ. «Мінсіз мұғалім, мінсіз оқушы » . Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.
Дөңгелек стол Менің оқушыларым – менің өмірімді жарқырататын күн сәулесі деп білемін
Кілті: 1 -тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға атаанасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады» . 2 -тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді» . 3 -тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. . . »
ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!» Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.
V. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу. 1 - жағдаят: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз» , - деді. Сіз не деп жауап бересіз?
2 - жағдаят: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба? » Мұғалім не деп жауап беруі керек?
3 - жағдаят: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектіген айтыңыздаршы» . Мұғалім не деуі керек?
«Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут) Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар. Талқылау: Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды? Не себепті айырмашылықтар болады? Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
«Үш жыл» жаттығуы (15 минут) Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?
Қорытынды : Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.
«Рах мет» жатты Тал қыла ғуы у: Бү бары гінгі т сында ренин қанда болды г й сезі ңызда мде алғыс р? Әр айту іптест ерге
Сабақтың рефлексиясы: Мен бұл сабақтан алған тәлімім. . . Маған ұнағаны. . . Маған ұнамағаны. . . Менің естігім, білгім, жасағым келгені. . .
коучинг 31.03.2016 ж.ppt