сапар ааа.pptx
- Количество слайдов: 11
Гравитациялық байыту әдістері Орындаған : Қабылдаған :
Кен байыту — бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы. Кен байыту нәтижесінде екі түрлі өнім түзіледі: пайдалы құраушыларының негізгі массасы топтасқан концентрат және қалдық. Табиғи жағдайда кездесетін минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы құраушылары мардымсыз аз болды. Сондықтан оны өндіріске тікелей пайдалану тиімсіз.
Кен байыту (негізгілері) Гравитациялық байыту Флотациялық байыту
Гравитация (латынша: gravitas— ауырлық) — материяның кез келген түрлері арасындағы тартылыс күш әсері. Егер бұл өзара әрекеттестік біршама босаң болып, денелер баяу (жарық жылдамдығымен салыстырғанда) қoзғалатын болса, Ньютoнның бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады. Жалпы жағдайда А. Эйнштейін шығарған жалпы салыстырмалылық теориясы қолданылады. Гравитация - массасы бар кез келген денелер арасында болатын өзара тартылыс.
Гравитациялық байыту әдістері — пайдалы қазындыларды байытуда кеңінен қолданылатын әдіс. Кен құрамындағы минералдарды бөлу олардың тығыздықтарына, соған байланысты түйіршіктер мен кесектер салмақтарының айырмашылықтарына негізделген. Гравитациялық байыту әдістері күрделі көпкомпонентті және көпфазалық жүзгілерде атқарылады. Минералдық түйіршіктердің жіктелуі бөлінудің бір белгісімен гидро және аэродинамикалық әрекетімен атқарылады. Бөліну белгілері ретінде қызмет атқаратын: бөлуші ортаның реологиялық параметрлері; ортаның реологиялық параметрлеріне бірдей әсерін тигізетін электрлік және магниттік өрістер; өзгермелі сұйық ағынындағы түйіршіктердің қозғалу жылдамдығы; көлбеу бетпен ағатын сұйық ағынындағы түйіршіктердің жылдамдығы; тік бағытта ағатын сұйық ағынындағы түйіршіктердің жылдамдығы; жуып-шаю ж. т. б.
Гравитациялық байыту әдістері бөліну белгілердің түрлеріне байланысты келесідей болып сұрыпталады: 1. Гравитациялық байыту орталарында жіктелу: гидравликалық, пневматикалық; ауырсұйықтықты; суспензиялық (гидравликалық және пневматикалық); электролиттік (магнитогидродинамикалық сепарация) 2. Бөлуші ортаның іркілмелі ағынында түйіршіктердің жіктелуі: гидравликалық және пневматикалық отсадкалау; дірілді науаларда байыту; пневматикалық сепарация; пульсаторларда байыту. 3. Көлбеу бетпен ағатын су ағынында түйіршіктердің жіктелуі: науаларда байыту; шлюздерде байыту; бөлшекті ағымды концентраторларда байыту; винттік сепараторларда байыту; концентрациялау столдарда байыту. 4. Қисық бағытты ағымдар орталарында түйіршіктердің жіктелуі: гидроциклондарда байыту; центрифугаларда байыту. 5. Тік бағытталған ағындар орталарында түйіршіктердің жіктелуі: гидравликалық және пневматикалық сұрыптау. 6. Түйіршіктердің орталарда шөгіу: қойылдыру. 7. Жуып-шаю
Ауыр ортада байыту процесі әртүрлі тығыздықты минералдар (не кен) кесектерінің екі аралық тығыздықты ортада бірінің батып, екіншісінің қалқуына негізделген. Мысалы, тығыздығы 1000 кг/м 3 -ден үлкен зат түйіршігі және тығыздығы 1000 кг/м 3 -ден кіші (органикалық зат) кесегі суға салынса түйіршік дереу батады да, ал органикалық кесек су бетінде қалқыйды. Яғни заттың суда батуы не батпауы олардың салмағына емес, тек тығыздығына тәуелді. Осы принциппен тек таза минералдар кесектері емес, тығыздықтарында айырмашылық бар кен кесектерінде бөлуге болады. Ол үшін тығыздығы екі аралықты орта болуы керек. Кендерде өте көп кездесетін ең жеңіл минералдардың бірі- кварц (шақпақ тас). Оның тығыздығы 2650 кг/м 3. Басқа, құрамына металдар кіретін барлық минералдардың тығыздығы кварц тығыздығынан көп үлкен. Сондықтан, ауыр ортада байыту үшін ол ортаның тығыздығы кварц тығыздығынан үлкен болуы қажет. Сонда ғана тау-жыныс минералдарының кесектері қалқиды да, ал құрамында бағалы зат бар кен кесектері батады. Ауыр орта ретінде тығыздығы жоғары кейбір органикалық сұйық заттар, неорганикалық тұздардың су ерітінділері және суспензиялар қолданылады.
Сепараторлар Сепаратор (латынша separator — бөлгіш) — газдан сұйық немесе қатты бөлшектерді, сұйықтықтан қатты бөлшектерді бөлу және сұйық немесе қатты бөлшектер қоспасын құрамдас бөліктерге ажыратуға арналған аппарат. Винтты сепаратор Конусты сепаратор
Концентрационды столдар – пайдалы қазбаларды соның ішінде : қара , түсті , сирек кездесетін және қымбат металдарды сулы ортада тығыздығына байланысты байытатын аппарат.
Көмірді гравитациялық байытатын сепаратор
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
сапар ааа.pptx