гормон препарат.pptx
- Количество слайдов: 10
Гормональды препараттар Орындаған: Азаматов Абдурахман
Гормондар[1] (гормоны); (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматроптыгормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.
Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон — белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда бо лады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гор монды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады); Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа, гормонды препараттарды қажет мезгілде жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту үшін пайдаланылады.
Соңғы жылдары гормоналды препараттар фармакологиялық интенсивті түрде зерттелуде. Бұл бағыттың жетістіктері жаңа гормоналды препараттардың ашылуы мен синтезіне, қартаюдан бұл әсердің байланысын анықтауға, фармакодинамикасының биохимиялық негіздерін ашуға және т. б. септігін тигізеді. Барлық гормоналды препараттар токсинді және көп жағдайларда олардың қауіптілігі бірден айқындалмайды, ол бірте дамиды және ұзақ уақыттан кейін айқындалады. Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері керек.
Бірақ олардың тиімділігі тек қана, егер патологияның себептері белгілі болған жағдайда ғана жоғары болады. Жануарлар ағзасындағы гормонның жетіспеушілігі келесі фактормен негізделген: 1. Ол ағзада аз мөлшерде өндіріледі; 2. Ол жылдам белсенділігін жоғалтады; 3. Жаңа қосылыстарға енеді; 4. Эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.
Гормоналды препараттардың кішігірім дозасы айтарлықтай көптеген физиологиялық процестерді өзгертеді, — біреулері белсенділікке қарай, басқалары төмендету жағына қарай оны білу қажет. Сондықтан гормоналды препараттарды қолдану бойынша нұсқауда олардың фармакологиясын, қолдану көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштерін нақты көрсетеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
гормон препарат.pptx