Гносеология.pptx
- Количество слайдов: 8
ГНОСЕОЛОГИЯ ТОП: БТ 12 -16 ОРЫНДАҒАН: БЕКТЕНБАЙ А ТЕКСЕРГЕН: ШАНБАЕВА А
• Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
• Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды. Дүниетаным адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.
• Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. • Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация) Оның бiрiншi формасы ұғым- заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық). Ойлаудың қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.
• Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым (рассудок) және зерде (разум) өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.
• Пайым мен зерденiн өзара қатынасын түсiндiруге И. Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан сон ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде одан жоғары ештене жоқ”. Канттың айтуынша пайым- пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным нагiзiнде алыңған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi классификациялап, жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi. Ал зерденiң, өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiн қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнең шықпайтың болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiн бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, терендетедi. Пайым мен зерденiн ерекшiлiктерiн анықтай отырып Кант оқушының интелектуалды қасиеттерiн дамыту жолдарың ұсынды: 1) жалпыны тану, пайымдау қабiлетiн қалыптастыру, ережелер құруға үйрету; 2) пiкiр қалыптастыру, ерекшенi жалпыға келтiруге үйрету; 3) жалпыдан ерекшенi белгiлеу, принциптердiн өзiң қалыптастыруға үйрету, зерденi қалыптастыру. • • Мәселе шешу: Канттың негiзгi принциптерi (максималары) даналыққа әкеледi: · өзiнiң пiкiрiн болуы; · өзiн басқаның бәрiнде көре бiлу, өзiн ойлау (қарым-қытынас); · үнемi өзiмен үйлесiмдiлiкте ойлану.
• Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. • • • Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: • • Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: • 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; • 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бірбірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылыматематикалық модельдер құру;
• Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Гносеология.pptx